Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

43 жыл бойы өзін ер адам ретінде таныстырып келген әйел әлемді таңғалдырды

Опубликовано:

Сиса Абу Даух
Сиса Абу Даух. Фото: bigpicture.ru

Мысырлық Сиса Абу Даух есімді әйел 43 жыл бойы өзін ер адам ретінде таныстырып, құрылыста қара жұмыс істеген. Нәзік жандының неліктен мұндай қадамға барғанын bigpicture.ru сайты анықтап көрді.

Басылымның жазуынша, Сиса Абу Даух кішкентайынан қиындық көріп өскен. Бойжеткен шағында ол еркінен тыс тұрмысқа шыққан. Алайда жүктіліктің соңғы айында күйеуі ауырып, көз жұмған.

Осылайша, 22 жасында емізулі баласымен жесір қалған Сисаға туыстары жаңа күйеу іздей бастаған. Бірақ Сиса қайта тұрмысқа шығудан үзілді-кесілді бас тартқан. Бұған жауап ретінде туыстары Сиса ойынан бас тартар деген үмітпен оны барлық көмектен айырған.

Сиса Абу Даух
Фото: bigpicture.ru

Алайда әйел ешқандай қиындыққа мойымай, жалғыз қызын өзі асырап, жеткізу үшін жұмыс істеуге бел буады. Дегенмен Мысырда әйелдерге жоғары білімсіз жақсы жұмыс табу қиын еді. Сондықтан Сисаға жан бағу үшін өзін ер адам ретінде таныстырып, құрылысқа қара жұмысшы болып орналасуға тура келеді.

Сиса құрылыста ең ауыр жұмыстарды істеген. Ол кірпіш пен тақтай түсіріп, ерітіндіні араластырып, үйінді, құм, құрылыс қалдықтарын арбамен тасыған.

Сиса Абу Даух
Сиса Абу Даух. Фото: bigpicture.ru

Әйел осылайша, өзін 43 жыл бойы ер адам ретінде таныстырып келген. Алайда оның заты әйел екені әшкере болғанда, ол қызымен бірге туған қаласынан кетіп қалады. Жаңа өңірге келген Сиса қайтадан құрылыс фирмасына жұмысқа тұрып, ауыр жұмыстар істеуін жалғастырған.

2022 жылдың басында Сиса Абу Даухтың оқиғасынан журналистер хабардар болады. Ақ тюрбан таққан қарт жұмысшының суреті алдымен Мысырдың басылым беттерінде, кейінірек, әлемдік БАҚ беттерінде жарық көрген.

Сиса Абу Даух
Сиса Абу Даух. Фото: bigpicture.ru

Батыл әйелдің тағдыры Мысыр президенті Ас-Сисиді де бей-жай қалдырмай, ол Сисаны Каирге арнайы шақырған. Мемлекет басшысы ержүрек әйелге "Қайсар ана" деген мемлекеттік награда тапсырған.

Фото
Фото: bigpicture.ru

Сиса Абу Даух
Сиса Абу Даух. Фото: bigpicture.ru

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1955459-turmysqa-syqpas-usin-43-zyl-qurylysta-er-adam-retinde-zumys-istegen-aiel-alemdi-tanyrqatty-foto/

pixel