Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бүйрек ауруына сеп болуы мүмкін": Ғалымдар шоколадтың зияны жайлы айтты

Опубликовано:

Шоколад
Көрнекі фото: pixabay.com

Шоколадты көп мөлшерде жеу денсаулыққа зиян, өйткені оның құрамында қант бар. Сондай-ақ, ғалымдар бұл тәттінің басқа да зиянды жақтарын анықтаған, деп хабарлайды mk.ru.

Зерттеушілердің мәліметінше, шоколадтың құрамындағы какао улы әсерге ие.

Бұған какао бұршақтары өсетін топырақ себеп екен. Яғни, бұл ағаштардың көпшілігі Латын Америкасында өседі. Онда ғалымдар кадмий іздерінің өте көп мөлшерін анықтаған.

CDC мәліметінше, бұл металл іш өту, жүрек айну, тіпті бүйрек ауруын тудыруы мүмкін. Қазір Эквадор мен Бельгияның зерттеушілер тобы какао бұршақтарына түсетін кадмий мөлшерін азайтудың жолын іздеуде.

"Кадмий мәселесі фермерлерге қауіп төндіріп отыр, өйткені олардың өнімдері сату үшін жарамсыз болып қалуы мүмкін және кейбір сатып алушылар ластанған какао бұршақтарын сатып алғысы келмейді", - дейді ғылыми жұмыс авторларының бірі Дэвид Аргуэлло.

Оның сөзінше, кадмий мөлшерін азайту жолын табу үшін зерттеушілер какао ағаштары бұл элементті қалай сіңіретінін анықтауы керек.

Зерттеушілер топырақтан кадмийді жоюдың дәстүрлі әдістерін какао ағаштарына қолдануға болмайды деген қорытындыға келген. Себебі, какао ағашының тамырлары жерге тым терең жайлып кеткен.

Мамандарың айтуынша, топырақтан металды жою үшін көп тараған әдістің бірі - әк қосу. Бұл өз кезегінде өсімдіктердің металды сіңірмеуіне әсер етеді екен. Алайда какао ағашы жыл сайын қайта отырғызылмайтындықтан, оны жасау қиындық тудыратын көрінеді. Себебі, ағашты егетін кезде ғана әкті топырақпен толықтай араластыру қажет.

Осы ретте, ғалымдар жылыжайда өсетін какао топырағының үстіңгі және терең қабаттарына әк қосып көрген. Анықталғандай, өсімдік жапырағында кадмий мөлшері айтарлықтай азайған.

Бұл процесті егіс алқабында жүзеге асырау қиындау. Дегенмен, зерттеушілер болашақта мәселені шешу үшін жаңа әдісті қолданып көрмек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1956298-buirek-auruyna-sep-boluy-mumkin-galymdar-sokoladtyn-ziyany-zaily-aitty/

pixel