Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үйлену тойы кезінде құдыққа құлап кеткен 13 әйел көз жұмды

Опубликовано:

Той
Көрнекі фото: Pexels

Үндістаннаның Уттар-Прадеш штатындағы ауылдардың бірінде 13 әйел құдыққа құлап мерт болды, тағы үшеуі жарақат алған, деп хабарлайды ТАСС.

Басылымның The Indian Express газетіне сілтеме жасап хабарлауынша, оқиға 16 ақпанда кешкі уақытта Кушинагар ауданында үйлену тойы кезінде болған.

Рәсімге қатысушылардың бір тобы беті жабылған құдықтың үстінде отырған екен.

Бірнеше адамды көтере алмаған қақпақ опырылып түсіп, үстінде отырғандардың көпшілігі терең құдыққа құлап кеткен.

Оқыс оқиға салдарынан 11 әйел оқиға орнында қаза тапқан. Екі әйел ауруханада көз жұмған. Бүгінде дәрігерлер зардап шеккен тағы үш адамның өмірі үшін күресіп жатыр.

Үндістанның премьер-мимнистрі Нарендра Моди өзінің Twitter парақшасында қайтыс болғандардың туыстарына көңіл айтып, қайғылы оқиғадан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1956559-uilenu-toiy-kezinde-qudyqqa-qulap-ketken-13-aiel-koz-zumdy/

pixel