Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Биіктігі 2 метр, салмағы 50 келі болатын торттар пісіретін ақтөбелік азамат туралы білесіз бе

Жарияланған күні:

Ақтөбелік биіктігі 2 метр торт пісіреді
Фото: https://diapazon.kz

Дәурен Есқазы 10 жасынан бастап торт пісіруді армандаған. Қазір ол Ақтөбедегі ең атақты кондитер шеберлерінің бірі. Оның аспаздық туындыларының биіктігі кейде 2 метрге дейін жетеді. Ал ең ауыр деген тәттісінің салмағы 50 келі болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Диапазон" жаңалықтарына сілтеме жасап.

42 жастағы Дәурен Есқазы Қобда ауданының Жарық ауылында туып өскен. Ол бала кезінен бастап кондитерлік шедеврлер жасауды армандаған екен.

10-11 жастан бастап ол үйде тоқаштар мен вафли пісіріп бастайды. Ешкімнен рецепт сұрамай, тек бақылап көргенінен есте қалғаны бойынша тәттілер дайындаған. Тек отбасында оның мұндай хоббиін қабыл алмапты.

Ақтөбелік биіктігі 2 метр торт пісіреді
Фото: https://diapazon.kz
"Біздің отбасымыз үлкен. Бірақ менің пісірген тағамым ешкімді қуантпады. Керісінше, мен бірдеңе пісіргенім үшін ұрыс еститінмін. Әсіресе үлкен ағамнан үнемі сөз еститінмін. Бірақ, соған қарамастан, мен тамақ дайындауды жалғастырдым. Өскен кезде үлкен ағам мені кеден инспекторына оқуға жіберді. Менің дипломым бар, бірақ мен бұл мамандық бойынша ешқашан жұмыс істеген емеспін", - дейді ақтөбелік.
Ақтөбелік биіктігі 2 метр торт пісіреді
Фото: https://diapazon.kz

Болашақ шебер бос уақытының барлығын кондитерлік оқуға жұмсаған. Қазір Дәурен Есқазы торттар мен бәліштердің барлық түрлерін дайындайды. Үйлену тойларының тәттілерін, тіпті шоу-торттарды да жасайды.

Ол осы жылдар ішінде жүздеген торт дайындағанын айтады. Оның күніне 70-ке дейін өнім шығаратын өз командасы бар. Ол жұмысынан ләззат алатындығын жеткізді.

Ақтөбелік биіктігі 2 метр торт пісіреді
Фото: https://diapazon.kz
"Соңғы уақытта шоу-торттарға тапсырыс артты. Мен Алматы қаласына барып, арнайы шеберлік сағаттарынан өттім", - дейді Дәурен.

Дәурен өз ісінде ең бастысы дұрыс пісіре білу дейді. Өнімге бояғыш заттарды қоспауға тырысады. Өйткені барлығы табиғи болғанын қалайтын көрінеді.

Ақтөбелік биіктігі 2 метр торт пісіреді
Фото: https://diapazon.kz

Ол сынға бірқалыпты қарап, ешкімді тыңдамайтынын жеткізді. Өйткені ол осы кәсібі арқылы нәпақасын тауып, отбасын қамтамасыз етіп отыр. Мысалы, Түркия мен Болгарияда тағамды негізінен ер адамдар дайындайды. Десе де, біздің елде ер кондитерді сирек кездестіруге болады.

"Мен ұялмаймын. Тіпті өз кәсібімді мақтан етемін. Жұмысым маған қуаныш әкеледі. Егер маған біреу барып құрылысшы, дәнекерлеуші болып жұмыс істе десе, ол қолымнан келмейді. Өйткені ол менің жүрек қалауым емес", - дейді кондитер.
Ақтөбелік биіктігі 2 метр торт пісіреді
Фото: https://diapazon.kz

Айтуынша, үйде тағамды сирек дайындайды.

"Үйленгенмін. Екі қызым бар. Бірі 10 сыныпта оқыса, екіншісі 8 сыныпта білім алады. Кей уақытта оларды кондитерлік құпияларға үйретемін. Оларға торт, тәтті пісірген ұнайды. Әйеліме тамақ дайындағанда көмектесемін бе? Кейде. Ас үйде көрінбеймін десем де болады. Үйде үйдің тамағы болуы керек", - деп есептейді Дәурен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1958638-biiktigi-2-metr-salmagy-50-keli-bolatyn-torttar-pisiretin-aqtobelik-azamat-turaly-bilesiz-be/