2022 жылдың көктемі мен жазында қандай сөмкелер сәнде болады
Жарияланған күні:
Биыл көктем мен жаз мезгілінде ішіне керек заттың бәрі сыйып кететін үлкен сөмкелер мен шелек пішінде ерекше сөмкелер сәнде болмақ дейді стилистер. Осы орайда Мarie claire сайты осы жылы трендте болатын сөмкелерді назарларыңызға ұсынады.
Оверсайз сөмкелер
Басылымның жазуынша, шағын сөмкелердің дәурені өткен. Бүгінде дизайнерлер ноутбук, кітап, косметикалық заттар және күнделікті өмірде қажет болатын ұсақ-түйектер оңай сыйып кететін оверсайз сөмкелерге қайта оралуға шешім қабылдаған.
Классикалық үлгідегі сөмкелер
Биыл классикалық үлгідегі сөмкелер де қайта трендте болады. Оны тек костюмдермен емес, түрлі көйлектермен де үйлестіріп ұстауға болады.
Киіммен түстес сөмкелер
Бір кездері адамдар сөмкені аяқ киімінің түсіне ұқсатып алса, бүгінде сәнгерлер сөмкені киімнің түсіне лайықтап таңдауға кеңес береді.
Тоқылған сөмкелер
Биылғы көктем-жаз мезгілінде дизайнерлер тоқылған сөмкелерге де басымдық беріп отыр. Бұл ең алдымен өзгелерге өз қолыңызбен жасаған секілді әсер қалдыруы мүмкін. Сондай-ақ, әдемі көрініп, образды ерекшелей түспек.
Шелек пішінді сөмкелер
Алдағы маусымдарда классикалық үлгідегі шелек пішінді сөмкелер де трендте болмақ. Биыл осы үлгілердің жоғары сұранысқа ие екені байқалады. Сол себепті бұл тенденция келер жылы да сақталуы мүмкін.
Цилиндр пішінді сөмкелер
Жаңа маусымда цилиндр пішінді сөмкелер танымал үлгілердің бірі атанып отыр. Сөмкенің мұндай түрін кеңсеге де, басқа да кештерге ұстап баруға болады.
Екі не одан да көп сөмкені бірге ұстау
Сонымен қатар, биыл бірнеше сөмкені бірге ұстау да сәнде болмақ. Дегенмен, сөмкелердің түсі мен материалы бірдей болуы міндетті емес. Дизайнерлердің пікірінше, түстер кереғар болған сайын ерекшелік те арта түспек.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1959800-2022-zyldyn-koktemi-men-zazynda-qandai-somkeler-sande-bolady/