Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өз көзімізге сене алмадық": Жерлеу рәсімі өткен ер адам "тіріліп кетті"

Опубликовано:

Зиратқа гүлмен келген ер адам
Көрнекі фото: pixabay.com

Үндістанның Тамилнад штатының тұрғыны өзінің жерлеу рәсімінен соң бір күннен кейін үйіне оралды, деп хабарлайды Lenta.ru.

Басылымның жазуынша, 55 жастағы жалдамалы жұмысшы Мурти Тируппур қаласына қант құрағын тазарту үшін бір күнге барған. Алайда ол бірнеше күн бойы жақындарына хабарласпаған және үйіне оралмаған.

Осыдан соң туыстарының бірі ер адамның отбасына қоңырау шалып, Муртидің денесі автобус аялдамасына жақын жерден табылғанын айтқан. Оның ұлы мәйітті көріп, әкесі екенін растаған.

Полиция оқиғаны тіркеп, ер адамның денесін отбасына берген. Жерлеу рәсімінен бір күн өткен соң, Мурти күтпеген жерден үйіне оралған.

"Ол үйге кірген кезде біз өз көзімізге сене алмадық. Барлығымыз шошып кеттік", - дейді ер адамның туыстары.

Енді полиция жерленген адамның нақты кім екенін анықтау үшін қайта тергеу жұмыстарын жүргізбек.

Айта кетейік, мұндай жайттар Үндістанда жиі кездесіп жатады. Мәселен, жол апатына түскен соң өлген адам саналған Үндістан тұрғынының жеті сағаттан кейін мәйітханада "тіріліп кеткенін" жазған едік.

Кенет мәйтіханаға келген қалыңдығы сүйіктісінің тыныстап жатқанын байқаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1963879-oz-kozimizge-sene-almadyq-zerleu-rasimi-otken-er-adam-tirilip-ketti/

pixel