Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

11 жыл бойы адамдарды құтқарып келген ит "зейнетке шығып", орденмен марапатталды (фото)

Опубликовано:

Құтқарушы ит
Фото: Metro/PA

Ұлыбританияның "Озерный край" аймағында 11 жыл бойы адамдардың өмірін құтқаруа атсалысқан ит "зейнетке шықты", деп жазады KAZ.NUR.KZ 120.su жаңалықтарына сілтеме жасап.

Ақылды жануар таулы аймақта 200-дей іздеу операциясына қатысқан.

Осы орайда британдық ветеринарлық қайырымдылық ұйымы жануарды 11 жылғы "еңбегі үшін" PDSA орденімен марапаттаған.

Қазіргі уақытта Скай 16 жаста енді оған иесі Джон Ледбеттер қарайтын болады. Джон итімен мақтанатынын жеткізді.

Скай және оның досы Джон
Фото: Metro/PA

Скай күшік кезінен бастап Боуленд Пеннин атты тау құтқарушылары командасында іздестіру жұмыстарына үйретілген.

Ал 2009 жылы жануар Лейк-Дистрикт деп аталатын тау құтқарушылары қауымдастығына кіру үшін біліктіліктен өткен.

Жануар "Озерный край" аймағында ауа райының қолайсыздығына қарамастан, адамдармен бірге іздестіру жұмыстарына қатысқан. Сондай-ақ Ланкашир, Пеннин тауларында және Шотландияда да іздеу шараларына қатысқан.

Айта кетейік, Скай PDSA орденін алған әлемдегі 36-жануар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1963892-11-zyl-boiy-adamdardy-qutqaryp-kelgen-it-zeinetke-sygyp-ordenmen-marapattaldy-foto/

pixel