Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қонақүйге айналған ұшақтар туралы не білеміз

Жарияланған күні:

Өмір сүруге болатын ұшақ
Фото: vliegtuighotel.nl

Бүгінгі таңда әлемде адам толыққанды өмір сүру үшін жайлы және қолайлы етіп жабдықталған ұшақтар бар. Олардың кейбіреуі сауна мен джакузиі бар сәнді қонақүй тәріздес. Осы орайда KAZ.NUR.KZ тілшісі TOUR2GO каналына сілтеме жасап ұшуға жарамсыз, бірақ кем дегенде баспана ретінде қолдануға болатын ұшақтарды назараларыңызға ұсынады.

Нидерландыдағы ұшу-қону жолағында орналасқан люкс қонақ үй

Нидерландыдағы Теуге (Teuge) әуежайында кішкентай дуалдың артында люкс қонақүй ретінде қайта жабдықталған кеңес кезінен қалған ИЛ-18 ұшағы тұр.

Өмір сүруге болатын ұшақ
Фото: vliegtuighotel.nl

Ұшақтың салоны - сауна мен джакузи бары үлкен бір қонақ бөлме ретінде жабдықталған. Онда сіз иллюминатордан не болып жатқанын көре аласыз.

Ұшақтың қалған бөлігі де жоғары деңгейде ойластырылған. Мәселен, ұшақтың артқы бөлігінде екі адамға арналған кереует, былғары дивандар, үстелдер, теледидар, тегін Wi-Fi, кондиционер және жуыну бөлмесі бар.

Өмір сүруге болатын ұшақ
Фото: vliegtuighotel.nl

Тек ұшқыштың кабинасы өзгеріссіз қалған. Сондықтан кабинаның қонақүйдің басқа бөлігіндегі сән-салтанаттан айырмашылығын байқауға болады. Сондай-ақ мұнда штурвалды басқарып, өзіңізді ұшқыш ретінде сезінуге де мүмкіндік қарастырылған.

Өмір сүруге болатын ұшақ
Фото: vliegtuighotel.nl

Коста-Рикадағы ағашта орналасқан қонақүй

Қонақүй ретінде қайта жабдықталған ұшақтың бірі Коста-Рикада орналасқан. Ол әуежайда емес, орманның ішінде орналасуымен ерекшеленеді.

Өмір сүруге болатын ұшақ
Фото: costaverde.com

Бір қарағанда ұшақ орманға құлап, кейін оны қонақүйге айналдырғандай әсер қалдыруы мүмкін. Ал шын мәнісінде 1965 жылы шыққан Boeing 727 ұшағының әр бөлігін осында әкеліп, құрастырып, қонақүй ретінде қайта жабдықтаған.

Ұшақ 18 метр биіктікте орналасқан. Оның иллюминаторынан және пилот кабинасынан мұхитты көруге болады. Қонақүйдің ішінде келушілер үшін барлық жағдай жасалған.

Өмір сүруге болатын ұшақ
Фото: costaverde.com

Бүгінде қонақүй туристер арасында аса танымал.

Өмір сүруге болатын ұшақ
Фото: costaverde.com

АҚШ орманындағы жеке ұшақ

АҚШ-тың Орегон штатындағы жеке үйлерің бірінің аумағында Boeing 727 ұшағы тұр. Ұшақты Брюс Кэмпбелл есімді америкалық азамат 100 мың долларға сатып алған. Бүгінде ұшақ келушілер үшін шағын музейге айналған.

Өмір сүруге болатын ұшақ
Фото: airplanehome.com

Ұшақ жердің кішкене бөлігін емес, орманды толық алып жатыр. Брюс ұшақтың бастапқы құрылымына еш өзгеріс енгізбеген, тек еденін шыныға ауыстырған.

Сондықтан ол қонақтарға әйнекте сызат пайда болмас үшін жұмсақ аяқ киім береді.

Өмір сүруге болатын ұшақ
Фото: airplanehome.com

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1964136-qonaquige-ainalgan-usaqtar-turaly-ne-bilemiz/