Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысы KITF 2022 халықаралық туризм көрмесіне қатысады

Опубликовано:

Алматы облысы
Фото: Алматы облысының туристік ақпараттық орталығы

Биыл KITF 2022 халықаралық көрмесінде Алматы облысы жаңа туристік нысандар мен бағыттар ұсынады.

KITF 2001 жылдан бастап жыл сайын туристік индустрияның барлық нысанына өз өнімдері мен жаңа құралдарын ілгерілетуге, тәжірибе алмасуға және жалпы туризмді дамытуға мүмкіндік беретін Орталық Азиядағы ең ірі алаң болып табылады.

Халықаралық көрменің тұрақты қатысушыларының бірі Алматы облысы болып табылады. Биылғы жылы өңір ішкі туризмді қайта құруға әрі оны ілгерілетуге бағытталған жаңа бағдарламаны ұсынады. Бағдарламада 12 стенд қамтылған.

Олардың арасында Алматы облысының Туризм басқармасы, Алматы облысы Туристік ақпараттық орталығы, ұлттық табиғи парктер (Іле Алатауы, Жоңғар Алатауы саябақтары, «Алтын Емел», Шарын, Көлсай көлдері), «Алтын Адам Жетісу шеберлер орталығы» ҚБ қолөнершілерінің жұмыстары, «LIMON TRAVEL», «JETYSU CAMPING», «Тұран Экспресс Тур», «Discovery Zhetysu», «Alakol Resort», «Ақ-бұлақ», «Ой-Қарағай» сынды жергілікті туроператор мен қонақүйлер, компаниялар бар.

Алматы облысы
Фото: Алматы облысының туристік ақпараттық орталығы
«KITF 2022 көрмесінде облыстың 5 ұлттық паркі таныстырылады, атап айтқанда, Жоңғар-Алатауы ұлттық паркінде қолайлы туризм үшін қолға алынған инфрақұрылымдық даму мен онда жасалған жағдайларға баса назар аударылатын болады. Сондай-ақ біз туристердің сүйікті орындарының бірі – Алакөл көлі туралы, онда қайда тоқтауға, демалысты қалай өткізуге болатыны туралы айтамыз. Алакөл жағалауында қазірдің өзінде түрлі типтегі 270 орналастыру орны бар», - дейді Zhetysu Travel Алматы облысы Туристік ақпараттық орталығының өкілдері.

Сондай-ақ Туристік ақпараттық орталық өкілдері көрме қатысушылары мен қонақтары арасында түрлі байқаулар ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Олар жайлы барлық ақпаратты Instagram және Telegram әлеуметтік желілеріндегі @zhetysutravel ресми аккаунттарынан білуге болады.

KITF 2022 «Туризм және Саяхат» халықаралық көрмесі осы жылдың 20-22 сәуір аралығында Алматыдағы «Атакент» қазақстандық іскерлік ынтымақтастық орталығында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1965197-almaty-oblysy-kitf-2022-xalyqaralyq-turizm-kormesine-qatysady/

pixel