Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлыбританияда 51 жастағы азамат 160 баланың әкесі атанды

Опубликовано:

160 баланың әкесі
Фото: The Sun

Ұлыбританияда "Жалғызбасты Джо" лақап атты 51 жастағы азамат 160 баланың әкесі атанды, деп хабарлайды The Sun басылымы.

Ұлыбританияда тұратын АҚШ тумасы жер бетінде ана болуды армандайтын әйелдерге көмектесуге бел буған. Осылайша, ол бүгінде 160 баланың әкесі болып отыр.

"Жалғызбасты Джо" лақап атымен танылған 51 жастағы азамат қазіргі серіктесімен қиындыққа тап болған немесе күйеуі жоқ әйелдерді ұрықтандырады. Бұл үшін ол келіншектермен жыныстық қатынасқа түседі немесе донор болады.

Көбіне клиенттер Джоны интернет арқылы тауып, талаптарымен келіседі екен. Оның айтуынша, өзара келісімге келген әйел бала көтерудің табиғи әдісін қаласа да, азамат онымен қарым-қатынас қалай жүзеге асатынын алдын ала талқылап алатын көрінеді.

Кей әйелдер өзінің есімін құпия сақтағысы келетіндіктен, америкалық оларға тиісті "өнімді" курьер арқылы жібереді. Джоның айтуынша, ол Америка, Ұлыбритания, Аргентина, Сингапур және Филиппин тұрғындары үшін донор болған. Сондай-ақ, пандемия кезінде биоматериал тапшылығы орын алып, оның қызметіне сұраныс артқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1975182-ulybritaniyada-51-zastagy-azamat-160-balanyn-akesi-atandy/

pixel