Британиялық фотограф иесіне қатты ұқсайтын иттердің портретін жасап шықты
Опубликовано:

Танымал фотограф-анималист Джерард Гетингс Laurence King Publishing баспасының арнайы тапсырысымен "Сіз өз итіңізге ұқсайсыз ба?" деген ойын үшін бір-біріне ұқсайтын ит пен оның иелерін жұп-жұбымен фотоға түсірген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Medium insider басылымына сілтеме жасап.
Фотограф түсірген иттер өздерінің иелерінен айнымайтыны соншалық, тіпті көзқарастары да ұқсап кеткен. Геттингс осылайша олардың қожайындарына адалдығын көрсеткісі келген.

Белгілі бір уақыт өткен соң ит өз иесіне ұқсап кететіні жайлы да болжам бар.

Немесе танымал адамдарға ұқсайтын иттер туралы естуіңіз бар болар. Фотограф Джерард Гетингс ондай иттерді өз көзімен көрген.

Геттингс британиялық Laurence King Publishing баспасынан бір-бірінен айнымайтын ит пен иесін жұптастырып портретке түсіруге тапсырыс алады.

Кейінірек бұл портреттер "Сіз өз итіңізге ұқсайсыз ба?" атты ойынға айналған. 2020 жылы қазан айында фотограф сол ойынды "Иттер және олардың иелері" атты кітап етіп басып шығарды.

Суреттерінің әсерлі шығуы үшін фотограф адамдардың киімі мен шаш үлгісіне баса мән берген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1976116-britandyq-fotograf-iesine-qatty-uqsaityn-itterdin-portretin-zasap-syqty-foto/