Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түн ішінде тырнақ алуға бола ма

Опубликовано:

Түнде тырнақ алуға бола ма?
Көрнекі сурет: bilimdiler.kz

Ел арасында тырнақ алуға болмайтын белгілі күндер бары айтылады. Мысалы, сейсенбі, сәрсенбі күндері және түнде тырнақ алмаған дұрыс деген сөздер де бар. Шариғат бойынша бұл қаншалықты дұрыс екені Ihsan.kz сайтында жарияланды.

Шариғат бойынша тырнақты аптаның қай күні алам десеңіз де, өз еркіңіз. Бірақ жұма күні намазға дейінгі уақыт ішінде тырнақ алуды әдетке айналдыру – мұстахаб (ұнамды амал). Олай болған себебі, хадисші Бәйһақи кітабында Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) жұма күні намаздан бұрын тырнағын алып, мұртын қысқартатындығы айтылады.

Тырнақ астына қаншама микробтар мен кір жиналатындықтан, қажеттілік туындаған жағдайда қандай күн екеніне қарамастан алып отырған дұрыс. Мейлі сейсенбі, сәрсенбі болсын, тіпті түнде де тырнақ алуға болады. Түнде тырнақ алмау деген сөз жарық жоқ кездері денеңді жарақаттап алмау үшін айтылса керек.

Тағы бір ұнамды әрекет – алынған тырнақты көму. Өйткені, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) алынған тырнақ пен шашты көмуді кеңес еткен.

Тырнақты, абзалы аптасына бір рет алып тұру керек. Ал қырық күннен асса – харамға жақын болып есептелінеді.

Тырнақ алу әдебі бойынша, әуелі оң қолдың сұқ саусағынан бастап, ретімен ортаңғы, аты жоқ және шынашақ, ең соңында бас бармағының тырнағы алынады. Сол қолы шынашағынан бастап, ретімен бас бармағының тырнағын алумен аяқталады. Аяқ тырнақтарын оң аяғының кішкентай башпайынан бастап, ретімен алады. Сол аяғының тырнағын, керісінше, үлкен башпайынан бастап, кішкентай башпайынан аяқтайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1976942-tun-isinde-tyrnaq-aluga-bola-ma/