Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қыздарға арналған сирек кездесетін қандай қазақ есімдерін білеміз

Опубликовано:

Қыз бала
Көрнекі фото: pixabay.com

Кез келген ата-ана баласына ерекше ат қойғысы келеді. Осы ретте zakon.kz порталы қыз балаларға арналған қайталана бермейтін, мағынасы терең есімдерді назарларыңызға ұсынады, деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

1. Ағила (Ағиля)

Бұл - араб тілінен шыққан есім. "Ақылды, дана" деген мағынаны береді.

2. Ахар

Бұл есім "әдемі, сүйкімді, жанашыр" дегенді білдіреді.

3. Балқадиша

Бұл ат "жағымды", бал секілді "тәтті" деген мағынаға ие.

4. Бәдігүлжамал

Бәдігүлжамал араб тілінен аударғанда "теңдесі жоқ сұлу" деген мағынаны білдіреді.

5. Ғалима

Бұл есімді таңдаған жандарға оның мағынасын "даналық" деп түсіндіруге болады.

6. Зере

Бұл ат "зейінді, мұқият" деген мағынаны білдіреді. Иран тілінен аударғанда - "алтын" деген сөз.

7. Зұмрат (Зұмрад)

Иран және парсы тілінде бағалы тас мағынасына ие.

8. Ілсияр

Бұл есім отансүйгіш деген мағынада қолданылады.

9. Инаят

Бұл қыздарға арналған есім "мейірімді, қайырымды" дегенді білдіреді

10. Камария

Араб тілінен аударғанда "әдемі ай" мағынасына ие.

11. Севара

Түрік тілінен енген есім. Аудармасы - сүйікті, сүйкімді.

12. Латифа

Бұл есім "мейірімді, сүйікті, ашық-жарқын" деген мағына береді.

13. Торғын

Қазақ есімі, "бағалы жібек" деген мағынаны білдіреді.

14. Ұрқия

Араб тілінен аударғанда Ұрқия "әдемі, тартымды" дегенді білдіреді.

15. Шәрбану

Бұл есім "ашық-жарқын, нұр шашып тұратын" деген мағына береді. Иран тілінен аударғанда "әдемі қала" дегенді білдіреді. Ал тәжік тілінде "бану" сөзі "қыз" деп аударылады.

Басылымның жазуынша, балаға сирек кездестін есім қою Қазақстанда 2000 жылдан кейін сәнге айналған. Оған дейін ата-аналар балаларына жиі кездесетін танымал есімдерді беруді жөн көрген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1977091-qyzdarga-arnalgan-sirek-kezdesetin-qandai-qazaq-esimderdi-bilemiz/

pixel