Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"12 жасқа толды": Шымкентте "Астана" есімді керіктің туған күні аталып өтті (фото)

Опубликовано:

Астана керігі
Фото: KAZ.NUR.KZ

Шымкентте "Астана" есімді керіктің туған күні аталып өтті. Ол биыл 12 жасқа толып отыр. Жануар 2010 жылы 6 шілде күні Алматы зообағында туған. 2011 жылдың 13 қыркүйегінде Шымкентке әкелінген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Шымкентте оған салтанатты түрде "Астана" есімі берілген.

керік
Фото: KAZ.NUR.KZ

Шымкент зообағы "Астананың" туған күнін ерекше атап өтуді дәстүрге айналдырған.

керік
Фото: KAZ.NUR.KZ

Сол күні керікке сүйіп жейтін көкөністерден арнайы ас мәзірі сыйға тартылады. Мерекелік безендіру де ұмыт қалмайды. Биыл да "Астанаға" осындай құрмет көрсетілді.

керік
Фото: KAZ.NUR.KZ

Айта кетейік, "Астана" - оңтүстік африкалық керік. Жұптұяқтылар отрядынан шыққан керік негізінде саванна, биік өскен ағаштардың арасында мекен етеді. Жапырақты ағаштармен қоректенеді. Табиғатта өмір сүру ұзақтығы 25 жас болса, табиғаттан тыс ортада 35 жасқа дейін өмір сүреді.

Материал авторы: Жанар Есенбекова

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1977118-symkentte-astana-esimdi-keriktin-tugan-kuni-atalyp-otti-foto/

pixel