Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ай күннің бетін басып қалды": Желіде таралған ерекше құбылыстың видеосын мамандар жоққа шығарды

Опубликовано:

Айдың тым үлкен көрінісі көпшілікті қорқытуда
Скриншот: youtube.com/shorts/0JvfUDbcZss

Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде табиғаттың ерекше құбылысы туралы видео таралуда. Кадрдан байқағанымыздай, көкжиектен көтерілген толған ай аспанға көтеріліп, күнді жауып тастайды да, әлемде бір сәт қараңғылық орнайды. Мамандар бұл видеоның шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп жазады Stopfake.kz.

Stopfake.kz мәліметінше, бұл монтаждалған видео әрі желіде таралғанына да көп болған. 2021 жылдың мамыр айында оны қауіпсіздік жөніндегі маман және HoaxEye фактчекинг жобасын жасаушы Янне Альберг жоққа шығарды.

Оның айтуынша, бұл видео компьютерде қосылған CG/VFX визуалды эффектілерінің көмегімен жасалған.

Шынайы өмірде Жерде ауыр апаттар мен қираулар болмаса, соншалықты үлкен айды көру мүмкін емес.

Ғалымдардың пікірінше, Ай Жерге екі есе жақындаса да, бұл дүние жүзінде бұрын-соңды болмаған толқындар мен су тасқындарын тудырар еді. Сондай-ақ Айдың тартылыс күші жер бетіне де әсер етіп, қатты жер сілкінісі мен жанартау атқылауы басталар еді.

Ай жерге мейлінше жақындаған кезде ғана жер серігін үлкен күйінде көруге болады. Биыл бұл құбылыс 15 мамырдан 16 мамырға қараған түні болды. Оны Солтүстік және Оңтүстік Америка, Африка және Оңтүстік-Батыс Еуропа тұрғындары көре алды.

Демек, таратылған видео – фейк. Біріншіден, мамандар оның компьютерлік визуалды эффектілердің көмегімен жасалғанын анықтады. Екіншіден, егер Ай Жерге өте жақын келсе, бұл ауқымы мен күші жағынан алапат апаттар тудыруы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1977860-ai-kunnin-betin-basyp-qaldy-zelide-taralgan-erekse-qubylystyn-videosyn-mamandar-zoqqa-sygardy/

pixel