Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үйіңізде ақша көп болу үшін аптаның әр күні жасауға болатын наным-сенімдерді білесіз бе

Опубликовано:

ақша
Үйіңізде ақша көп болу үшін аптаның әр күні қандай әдіс-тәсілдерді жасау керек: pixabay.com

Көптеген адамнан отбасында қаржылық қиындықтар туындап, тапқан табысы тұрмыстық қажеттіліктерді өтеуге жетпейтінін жиі естиміз. Ендеше үйіңіздегі ақша көбейе түсу үшін аптаның әр күні қандай амал-тәсілдерді орындауға болады? Бұл сұрақтың жауабын бүгінгі материалдан білетін боласыздар.

Дүйсенбі

Дүйсенбі күні ақшаны жаратуға қатысты ел арасында көптеген ырым-жоралғы бар. Астрология ғылымының зерттеулеріне сай дәл осы күні Айдағы өзгерістердің ықпалында болады. Түрлі зерттеуге сенсек, аптаның алғашқы күні Айдың қарамағында болады екен. Сол себепті дүйсенбі күні үлкен сомадағы тауар сатып алуға немесе қарызға ақша беруге болмайды деген ырым бар. Бұл күні ақшамен не істеу керек:

  • Бұл күні ақша есептеуге болмайды.
  • Қаржылық жоспарларыңызды бұл күні орындамаңыз, оны демалыс немесе аптаның басқа күндері жасаған жөн.
  • Аяқ астынан тауар алуға асықпаңыз, олар сізге пайда әкелмейтін болады. Тек үйге қажет заттарды: азық-түлік, гигиена заттары, тұрмыстық химия заттарын ғана сатып алыңыз.
  • Несие рәсімдеп, қарыз алуға асықпаңыз, себебі оны қайтару сізге қиынға соғуы мүмкін.
  • Дүйсенбі күні түшкірсеңіз, жақсылықтың белгісі – тосыннан сыйлық алуыңыз мүмкін.

Көршіңізден немесе туған туысыңыздан осы күні кез келген зат алсаңыз (тұз, бұрыш, бақшаға керек заттар және т.б.) үйіңізге ақша "келетін" болады.

Сейсенбі

Сейсенбі көптеген бастама мен шешім қабылдауға қолайлы күн болып саналады. Сейсенбі күні ақшаға қатысты қандай наным-сенімдер бар? Бұл күні сіз қаржылық операцияларды жоспарлап, оларды жүзеге асыра аласыз. Төлемдер мен сатып алулар сәтті болады, ал ақшаға қатысты қатысты кез келген өзгеріс үйіңізге пайда мен табыс әкеледі, себебі бұл күн қуатты Марстың ықпалында.

Сейсенбіде ақшаға байланысты төмендегідей ырымдарды орындауға болады:

  • Бұл күні тырнақтарыңызды дөңгелек немесе шаршы пішінді етіп алып тастаңыз.
  • Әмияныңызды ашып, ондағы кез келген ақшаны алып былай деңіз: "Ақша үстіне ақша келе жатыр және менің әмиянымда ақша көп қалады. Менің байлығым артып, бұдан да көп бола түседі". Сәрсенбіде осы айтылған ақшаңызды өзіңіз ұнаған затқа жұмсаңыз.
  • Үйіңізде ақша тарту үшін әмиянға лавр немесе жалбыз жапырағын, бұршақ дәнін, ескі монета немесе демалыстан әкелген өзге елдің ақшасын салып қойыңыз.
  • Сейсенбі күні туылған ер адам әрқашан ақшалы болады. Осы күні дүние есігін ашқан азаматты іздеңіз және бұл күні ұлыңыз туылса қуаныңыз.
  • Сейсенбі күні өзгеден ақша алмаңыз, ал егер несие алсаңыз, оны төлеуге ұзақ уақыт кететінін әрі қайтару оңай болмайтынын естен шығармаңыз.
ақша
Үйіңізде ақша көп болу үшін аптаның әр күні қандай әдіс-тәсілдерді жасау керек: pixabay.com

Сәрсенбі

Сәрсенбі күні ақшаны көбейту үшін нені қолға алған жөн? Сәрсенбі күні қайырымдылықпен айналысу керек. Ол үшін ақшаны жағдайы төмен отбасыларға таратыңыз, өзіңіз үйде жеті нан пісіріп, оны туыстарыңызға таратыңыз. Сәрсенбі күні ақшаны көбейтуге қатысты тәсілдер төмендегідей:

  • Ірі ақшаны ұсақтап, оны қайыр тілеушілерге беріңіз. Осы жұмсаған ақшаңыз сізге мың еселеніп айтатынын естен шығармаңыз.
  • Сол жақ табаныңыздың астына монета жабысып қалса, онда табысыңыз еселене түседі деген сөз.
  • Үйіңізде салмасы әр түрлі пирогтар пісірсеңіз, табысыңыз артады. Ол үшін мұндай пирогты сәрсенбі күні әзірлеуге асығыңыз.
  • Бұл күні кез-келген сатып алған нәрсеңіз сәтті болады, мысалы интерьерге арналған бұйымдарыңыз сізге қуаныш сыйласа, ал киімдеріңіз сізді одан ары көрікті ете түседі. Барлық сатып алынған заттар сізге ұзақ әрі сапалы түрде қызмет ететін болады.

Меркурий бұл күннің күннің қамқоршысы, ол сізді даналыққа, логикалық және интеллектуалдық шешімдерге жетелейді. Сол себепті сәрсенбі күні басшылықтан жалақыны көтеруді еш қорықпай сұрай берсеңіз болады.

тағам
Үйіңізде ақша көп болу үшін аптаның әр күні қандай әдіс-тәсілдерді жасау керек: pixabay.com

Бейсенбі

Бейсенбіде қаржыны көбейтуге қатысты не істесе болады? Бұл күні қарыздарды қайтарып, қаржылық сипаттағы кез келген істі бастауға болады. Мысалы несие рәсімдеу, депозит ашу, мүлік немесе көлік үшін бастапқы соманы төлеу және т.б. Ақшаға қатысты барлық істі тек шын жүректен, таза ниетпен бастау керек. Жалпы бұл күні мынадай іс-әрекеттерді қолға алу керек:

  • Қарыздардан құтылыңыз. Сонда сіздің ақшаңыз көбейіп, қаржылық қиындықтар жойылатын болады.
  • Сол сияқты ваннаны суға толтырып, түбіне бірнеше монета тастап, осы суға жуыныңыз.
  • Үлкен сомадағы қаражатты жұмсамаңыз.
  • Үйіңізде ақша болу үшін, оны сол күні үш рет есептеңіз: таңертең, түсте және кешке.

Бейсенбі Юпитердің ықпалындағы күн болып есептеледі. Ол табыс пен берекенің, көбеюдің күні болып есептеледі. Сондықтан қаржы бойынша бұл күн ең табысты күн саналады.

Жұма

Жұма күні адамдар мен жаратушыға сәтті апта үшін алғыс айту күні. Бұл күні сіз кез-келген нәрсені сата және сатып ала аласыз – себебі олардың барлығы сәтті әрі тиімді операция болады. Әр жаңа бастама сәтті аяқталады (бизнес ашу, тауар таныстыру).

Бұл күнге қатысты келесідегідей амал-әдістер бар:

  • Бұл күні қаржылық тұрғыдан қиындыққа тап болмауыңыз үшін шашыңызды жуып, тырнақтарыңызды алудан аулақ болыңыз.
  • Күні бойы ақшаны көптеп есептеңіз, сонымен қатар әмиянға тиын салуды ұмытпаңыз. Бұл тиын сіздің туған жылыңызда басылған тиын болуы керек. Мұндай кеңесті Скотт Каннингэм "Каннингемнің сиқырлы бейнесі" кітабында айтады.
  • Игі істерге жұмсалған кез-келген шығыныңыз үйге ақша тартатын болады. Егер үйде кран ағып тұрса, оны жұмада жөндеңіз, сөйтіп осы күні жұмсалған қаржыңыз үйге бірнеше есе көлемінде оралады.

Жұмаға махаббат пен сұлулық планетасы - Шолпан (Венера) ықпал етеді. Сонымен бірге қаржылық табысты арттыру үшін барлық жақыныңызды дастарханға шақырып, дәмді тағамдардан ауыз тигізіңіз. Сондай-ақ сіз ақшаңызды жұмсауды осы күні еш кедергісіз жоспарлай аласыз.

ақша
Үйіңізде ақша көп болу үшін аптаның әр күні қандай әдіс-тәсілдерді жасау керек: pixabay.com

Сенбі

Бұл ақша тартатын, қолайлы күн болып есептеледі. Қаржылық жағдайыңызды жақсарту үшін осы күні әрекет етіңіз, қажетті заттарыңызды сатып алыңыз, үйіңізге достарыңызды шақырыңыз, үй жинаңыз. Сатурн планетасы сенбіні сәтті басқарады деген сенім бар:

  • Табалдырықтан бастап үйдің немесе пәтердің есігіне дейін кез келген дақылды (бидай, күріш) сеуіп тастаңыз. Осындай әдіспен байлық сізді тез табады деген ырым бар.
  • "Ақша тарту үшін 150 айла" еңбегінің авторы Ольга Романова ақша талисманын (құты, ағаш) жасауды ұсынады.
  • Сенбіде бастаған ісіңізді сол күні аяқтауға тырысыңыз.
  • Ақшаны қарызға бермеңіз. Егер әлдекім ақшаға шын мұқтаж болса, онда оны қайтарымсыз сыйлай салыңыз.
  • Егер сенбі күні сізді әлдекім туған күнге шақырылса, онда туған күн иесіне арналған ақшаны конвертке салыңыз. Ол сізге бірнеше есе көп көлемде қайтып оралады.
  • Үйді тазарту үшін ақша суын пайдаланыңыз (шелекке бірнеше тиын салыңыз). Бұл күні жасаған кез-келген сатып алған затыңыз сәтті болады, сондықтан бұл күні өзіңізге және жақын адамдарыңызға ақшаны еш қорықпастан жұмсай аласыз.

Жексенбі

Жексенбі күні көп жұмыс істеу керек, сол үшін осы күнді тәніңіз бен жаныңызға арнаған жөн. Үйде аяғыңызға тиын жабысып қалу үшін жалаң аяқ жүріңіз, қайырымдылық жасаңыз, ұсақ тиындарды таратыңыз. Жексенбі күні үйде ыдыс сынса – бақыт пен табыстың белгісі. Сонымен бірге келесі кеңестерге құлақ түріңіз:

"Практикалық сиқыр туралы оқулық" кітабының авторы Элина Болтенко кітаптар мен фильмдерді қолдана отырып, сананы байлыққа бағыттауды ұсынады:

  • "Құпия"фильмі.
  • Джо Виталенің "Кілт" және "Шектеусіз өмір" кітаптары.

Жексенбі Күн планетасының қамқорлығындағы күн болып есептеледі. Бұл барлық күш-жігеріңізді жексенбіде өзіңізге арнау керек дегенді білдіреді. Демалыс күні емдеу және қартаюға қарсы процедураларды жасауға кеңес беріледі (монша, массаж, косметикалық маскалар).

демалыс
Үйіңізде ақша көп болу үшін аптаның әр күні қандай әдіс-тәсілдерді жасау керек: pixabay.com

Аталған кеңестерге құлақ түре отырып, сіздің қаржылық жағдайыңыздың жақсарғанын көп ұзамай байқайсыз. Сол себепті ақшаға қатысты апталық жоспарды тиянақты жоспарлап, жоғарыда айтылған кеңестерді шын ниетіңізбен орындап көріңіз. Бәлкім жақын арада бай-қуатты адамдар қатарынан табыласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1979009-uiinizde-aqsa-kop-bolu-usin-aptanyn-ar-kuni-qandai-adis-tasilderdi-zasau-kerek/