Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ер адам сирек кездесетін балық аулап, бір күнде байып шыға келді

Опубликовано:

Тарғыл құныс балығы
Кадр: KalingaTV / YouTube

Үндістанда балықшы салмағы 32 келі болатын сирек кездесетін балық ұстап, бір күнде байып шыға келді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Үндістанның Одиша штатының Бхадрак округіндегі ер адамның айы оңынан туды.

Балықшының қармағына салмағы 32 келі болатын тарғыл құныс балығы ілінген. Балықшы 22 шілде, жұма күні балықты аукционға шығарып, оны 310 мың рупийге (3 902,44 доллар) сатқан. Сирек кездесетін балықты фармацевтикалық компания сатып алған.

Айта кетейік, тарғыл құныс (Protonibea diacanthus) Үндістан мен Бангладеш шекарасындағы Сундарбан аймағында кең таралған, бірақ кейде басқа үнді штаттарының жағасында да кездеседі.

Оның торсылдағы мен еті ерекше бағаланады, себебі дәстүрлі медицинада ол дәрі-дәрмек дайындауда қолданылады.

Іш құрылыстарының ерекше бағаланатынына байланысты тарғыл құнысты "теңіз алтыны" деп те атайды. Балықты Сингапур, Малайзия, Индонезия, Гонконг және Жапонияда сатып алып жатады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1980196-sirek-kezdesetin-balyq-aulap-bir-kunde-baiydy/

pixel