Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гитлер таққан болуы мүмкін қолсағат 1,1 млн долларға сатылды

Опубликовано:

Гитлердің қолсағаты сатылды
Фото: Alexautographs.com

"Гитлердің өзі таққан" деп айтылып келген қолсағат 1,1 млн долларға бағаланып, АҚШ-тың Мэриленд штатында өткен Alexander Historical Auctions аукционында сатылып кетті, деп жазады turkystan.kz.

Huber маркалы сағатта Гитлердің нацистік белгісі және AH жазуы бедерленген.

Сағаттың аукционда сатылуына наразылық білдіргендер де табылған. Алайда неміс БАҚ-тарының жазуынша, Гитлердің затын ғана емес, басқа да нацистік символикасы бар заттарды акуционға шығару – тарихты сақтап қалу деп түсіндірілген.

Аукционда айтылғандай, бұл қолсағат 1933 жылы Гитлер Германияның канцлері болған кезде сыйлыққа келген. Қолсағат 7 түрлі адамның қолынан өтіп, бірнеше рет сатылымға шыққан.

Alexander Historical Auctions аталған қолсағатты нақты Гитлер тақты дегенге дәлел келтіре алмаған. Дегенмен тәуелсіз сарапшылар оның Гитлерге тиесілі екенін растаған.

Аукционда қолсағат 2 немесе 4 миллион долларға сатылады деп күтілген. Алайда ондай жомарт жан табылмаған секілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1981230-gitler-taqqan-boluy-mumkin-qolsagat-11-mln-dollarga-satyldy/

pixel