Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Биіктен құлаған баланы қағып алған ер адам көпшіліктің алғысына бөленді

Опубликовано:

Балақайды қағып алған ер адам
Скриншот: YouTube / South China Morning Post

Қытайда биіктен құлап кеткен баланы дер кезінде қағып алып, оны құтқарып қалған ер адам көпшіліктің алғысына бөленді, деп хабарлайды South China Morning Post басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қытайдың Чжэцзян провинциясында тұратын ер адам, қырағылы мен батылдығының арқасында кішкентай қыз баланы құтқарып қалды.

Шен Донг өзі жұмыс істейтін банкке келіп, көлігін тұраққа қоя бергенде, қатты тарсылды естиді. Тарсылға көршілес орналасқан ғимаратта екі жасар баланың бесінші қабаттың терезесінен бірінші қабаттағы терраса шатырына құлауы себеп болған екен.

Абырой болғанда, жұмсақ материалдан жасалған шатыр қыздың құлауын біршама жеңілдеткен. Алайда қыз бала терраса шатырының шетіне қарай сырғи бастайды. Бүлдіршін тағы құлап кете бергенде, 31 жастағы Шен оған дереу көмекке асығады.

Ол асфальтқа құлауға шақ қалған сәбиді дер кезінде қағып үлгереді. Шен мен қасындағы әріптесі бұл жайттан кейін жедел жәрдем шақырады.

Қыз бала аяғы мен өкпесін зақымдағанымен, бір ажалдан аман қалған. Дәрігерлер оның жағдайы бірқалыпты екенін хабарлады.

Сәбидің қалайша құлап кеткені әзірге белгісіз. Видеоны қараған миллиондаған желі қолданушысы Шенге алғысы мен мақтауын жаудырған.

Назар аударыңыз: Видеоны жүрегі әлсіз, жүйкесі жұқа адамдарға, жүкті әйелдерге қарау ұсынылмайды!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1981231-biikten-qulagan-balany-qagyp-algan-er-adam-kopsiliktin-algysyna-bolendi-video/

pixel