Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өрт сөндірушілердің Қостанай аумағынан кетіп бара жатқанын көрген әйел жылап жіберді

Опубликовано:

Өрт сөндірушілер
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ/Петр Карандашов

Әлеуметтік желіде Қостанай облысының аумағындағы қызыл жалынды толықтай ауыздықтап, үйлеріне қайтқан өрт сөндірушілердің видеосы тарады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеоны Қостанай облысының ТЖ департаменті Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

Кадрдан өңірдегі өртті толықтай сөндіріп, Қостанайдан Нұр-Сұлтан қаласына бағыт алған арнайы көліктердің тізбегін байқауға болады.

Ролик авторы құтқарушылардың еңбегін жоғары бағалап, жергілікті тұрғындардың атынан алғысын білдірді.

"Өрт сөндірушілердің үйіне қайтып бара жатқанын көріп, қатты қуандым. Тіпті көз жасыма ерік бердім. Жолдарың болсын. Отбасыларыңа аман-есен жетіңдер. Алла тілеулеріңді берсін. Сендерге көп рақмет. Алғысымыз шексіз", - деді видео авторы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1987009-ort-sondirusilerdin-qostanai-aumagynan-ketip-bara-zatqanyn-korgen-kelinsek-zylap-ziberdi/

pixel