Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерлі-зайыптылар жиі ұрыспау үшін не істеу керек: Психолог кеңесі

Опубликовано:

Ерлі-зайыптылар жиі ұрыспау үшін не істеу керек: Психолог кеңесі
Ерлі-зайыптылар жиі ұрыспау үшін не істеу керек: Психолог кеңесі: pixabay.com

Үйдегі ұрыс-жанжалдың алдын алу үшін, қос тараптың бірі міндетті түрде өзінің мінезін өзгертуге тырысу керек. Ол қандай әдеттер болуы мүмкін. KAZ.NUR.KZ осы тақырып төңірегінде қызықты материалды назарларыңызға ұсынады.

Конструктивті ұрыстың жақсы тұсы – одан кейін ерлі-зайыптылар тез татуласып кетуі мүмкін. Мұндайда екі тарап та бірін бірі кекетіп-мұқатпай, тіл тигізбей, тек сөйлесу арқылы мәселенің мән-жайын шеше алады. Мысалы егер ерлі-зайыптылар қанша ашуға булыққанымен, бір-бірін тыңдауға шыдамдылық пен төзімділік танытып, екеуі бір-бірін тыңдаса, жанжалдасқан тараптар ортақ шешімге де келуі ықтимал.

Ал егер керісінше екеуінің бірі агрессияға жақын болса, қызғаншақ әрі сараң болса, өмірлік серігін кемсітуге құштар болып тұрса, онда екінші тарап оны қасиеттерді барынша азайтып, өз махаббатымен оны жоюға тырысуы керек. Белгілі ресейлік парапсихолог Сергей Лазарев: "даму – бұл бірлесе әрекет ету әрі екі тараптың бір-бірімен теке-тіресі" деген.

Маманның сөзіне сенсек, егер ерлі-зайыптылар отбасын сақтап, осы адаммен өмірінің соңына дейін бірге болуға бел буса, онда ол жанындағы жұбына барынша құрметпен қарап, оған деген махаббатын аямауы тиіс екен.

"Ерлі-зайыптылар арасында бір-бірін кекету, кемсіту немесе намысына тиетін сөз айтпау сынды қасиеттер маңызды болып табылады. Ал бастысы - оның бойындағы кемшіліктерді бетке басып, ар-ожданына тиетін сөздер айтуға жол бермеу керек. Себебі адамның кемшіліктерін неғұрлым көп айтқан сайын, оны тәрбиелеу де соғұрлым қиын болмақ.

Ал дұрысы – оның бойындағы осы кемшіліктерін жоюға немесе оны болдырмауға тырысу. Мұндай өзгеріс үшін, ерлі-зайыптылар бір-бірін түсініп, бір-біріне көмектесу керек. Сондай-ақ мұндайда бір-бірінің жанын түсіну де маңызды болып табылады. Тіпті біреуінің бойындағы әлсіздікті пайдаланып, оны өз мақсатына пайдалануға жол беруге мүлдем болмайды. Үйдегі ұрыс қандай болса да, ішіңіздегі махаббаттан бас тартпаңыз»,-дейді сарапшы.

Ерлі-зайыптылар жиі ұрыспау үшін не істеу керек: Психолог кеңесі
Ерлі-зайыптылар жиі ұрыспау үшін не істеу керек: Психолог кеңесі: pixabay.com

Білікті психологтың айтуынша ерлі-зайыптылар бір-бірін жек көру, кемсіту, сынаудан аулақ болу керек. Оның орнына қос тарап мәселені ашық айтып, оны шешуге тырысуы қажет. Сонымен бірге ресейлік маман ұрыс-жанжалдан кейін татуласу жолдары да маңызды екенін алға тартқан.

"Бәрі орнына келді дегенде, адамның ішінде тағы бір қарсылықтап пайда болады. Мысалы бір әйел жолдасымен сөзге келіп, ұрыса бастағанда, көп ұзамай күлетіндерін айтқан еді. Міне осымен ұрыс та аяқталады. Сондықтан ерлі-зайыптыларға бір-бірін тыңдауға, кей жерлерде бір-біріне жол беруге, ал кейбір жағдайларда өзіңді құрбан етуге, яғни өмірлік көзқарастарың мен ұстанымдарыңды өзгертуге тура келеді.

Ол үшін барынша шынайы болуға тырысу керек, сонымен бірге ренішті ішке сақтауға да болмайды, ерлі-зайыптылар үнемі өзін оның орнына қойып үйрену керек. Бұған қоса отбасылы адамдар бір-біріне жаны ашып, өзінің қателігін мойындай алса, тіптен жақсы болатын еді. Егер адам өзінікін қате екенін ұқса, онда ол өзгеруге ұмтылуы керек. Міне бұл екеуара қатынастың дамуының алғашқы қадамы болуы тиіс", - дейді ол.

Сол себепті ульматумнан аулақ болып, бір-бірлеріңізді қолдауға үйренген абзал. Парапсихолог маманның айтуынша, мұның барлығы тек адам өзін өзгерткісі келген жағдайда, отбасылық өмірін сақтағысы келген уақытта ғана жүзеге асырылады екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1991067-510erli-zaiyptylar-zii-uryspau-usin-ne-isteu-kerek-psixolog-kenesi/

pixel