Алғашқы неке түніне қатысты ерекше дәстүрлер қай елдерде сақталған
Жарияланған күні:
Алғашқы неке түні жайлы әлемнің кей елінде түрлі салт-дәстүр сақталған. Олардың кейбірі тіпті көпке орынсыз болып көрінуі мүмкін. Осы орайда KAZ.NUR.KZ алғашқы неке түніне қатысты түрлі ұлттарда қалыптасқан әдет-ғұрыпты назарға ұсынады.
Thevoicemag.ru басылымы бірінші неке түніне байланысты төмендегідей қызықты деректерді келтіреді.
Филиппин еліндегі неке түніне қатысты салт-дәстүрлер
Алғашқы неке түніне мұсылман елдері көп мән береді. Мәселен кей елдерде жас жұбайлардың неке түніне арналған бөлмені әзірлеп, оны ерекше етіп безендіретін болған. Филиппинде алғашқы неке түнінде жас жұбайлардың қосылмауын екі жақтың туған-туыстары қадағалайтын көрінеді. Оның басты себебі туыстар жас жұбайлар ішімдік ішкен күйде балалы болғанын қаламайды екен. Сол себепті филиппиндік жастар алғашқы неке түнін әңгімелесу немесе сырласумен өткізеді екен.
Бербер тайпасында бірінші неке түнін қалай өткізген
Берберлер – VII ғасырда ислам дінін қабылдаған Солтүстік Африка елі болып табылады. Оған батыс Египеттен бастап Атлант мұхитының шығысына дейінгі, Нигер өзенінен бастап Жерорта теңізіне дейінгі аралық кіреді. Осы аумақта орналасқан елдердің көбінде алғашқы неке түні бірнеше күнге жалғасқан. Мысалы оларда жастарға неке түніне байланысты тәжірибе жинау деген түсінік қалыптасқан. Яғни ерлі-зайыптылар неке түнін өздері сияқты бірнеше жұппен бірге өткізген. Осы арқылы олар бір-бірінен жыныстық қатынас ережелерін үйренеді деп сенеді екен.
Руанда мен Кениядағы "қызықтар"
Аталған елдерде күні бүгінге дейін неке екі жақтың келсімімен, яғни қалыңдық пен күйеу жігіт тек той күні танысады деген дәстүр бар екен. Сондай-ақ алғашқы неке түнінде қалыңдықтың туысы, көп жағдайда оның анасы "көмекке" келеді екен. Жас жұпты ыңғайсыз жағдайға қалдырмас үшін, ол төсектің астында жатып, жастарға кеңес беретін көрінеді. Қайын ененің тағы бір міндеті ол таңға дейін сонда болып, қалыңдықтың пәк екеніне көз жеткізу әрі оны күйеу жігіттің туыстарына көрсетіп, дәлелдеу екен.
Бұл дәстүр ежелгі Русь та болған деген болжам бар. Алғашқы неке түні қалыңдық пәк болып, оның пәктігін дәлелдейтін көрпесін көпшілікке көрсететін болған. Бұл дәстүр сығандарда да сақталған.
Африкадағы Нкола (анколе, баньянколе) елі— Уганданың оңтүстік-батысында орналасқан. Бұл елде де алғашқы неке түні қыздың туыстарымен бірге өткен. Алайда бұл жағдайда, бірінші неке түніне дейін қалыңдықтың әпкесі немесе тәтесі күйеу жігітпен бір түн өткізетін болған. Егер осы түнде күйеу жігіт сынақтан өтпесе, қалыңдықтың туыстары қызды бермейміз деп, тойдан бас тартатын болған.
Кореядағы ерекше дәстүр
Кореяда неке түніне қатысты қызықты дәстүр сақталған. Мәселен той аяқталған соң, қалыңдық жатын бөлмеге барғанда жігіттің достары тысқа шығып, шұлығын шешеді екен. Сосын күйеу жігіттің табанынан балықпен ұратын болған. Балықпен табаннан ұрған сәтте, достары күйеу жігітке түрлі сұрақтар қояды екен. Егер жігіт дұрыс жауап бермесе, олар оның аяғын балықпен ұратын көрінеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1992102-algasqy-neke-tunine-qatysty-erekse-dasturler-qai-elderde-saqtalgan/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.