Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мелек": "Хабар" телеарнасында жаңа сериал жарыққа шықты

Опубликовано:

Мелек
Фото: "Хабар" телеарнасы

"Хабар" телеарнасы "Мелек" атты танымал түрік сериалының премьерасын ұсынды.

Жаңа сериал көрерменді басты кейіпкерлердің қилы тағдырына үңілуге мүмкіндік береді. Отбасылық құндылықтар, махаббат пен дерт, сатқындық пен қастық – осының бәрі "Мелек" сериалында көрініс табады. Телехикая "Хабар" арнасынан жұмыс күндері көрсетіледі.

Түрік сериалы ә дегеннен үйіріп әкетеді. Әке қалауына қарсы шығып, сүйгенімен бірге Германияға қашқан Мелек отбасы бақытының орнына торығу мен қорқынышты бастан кешеді. Күйеуі үшін әйелін қорлау мен оған қол жұмсау үйреншікті іс еді. Өмірге келген балаларды да қорқытып-үркітіп ұстайтын болды. Озбыр күйеуінен құтылу үшін Мелек кезінде өзі ұятқа қалдырып кеткен ата-анасынан көмек сұрайды. Мелектің әкесі одан 20 жыл бұрын бас тартқан еді.

Мелек пен оның балаларын алда не күтіп тұр? Тағдырдың ауыртпалықтарын абыроймен еңсере ала ма? Ана болуды Мелек қалай түсінеді? Бұрынғы күйеуі Мелекті балаларынан ажырата ала ма? Мелек махаббатты қайта сезіне алады ма? Көпсериялы фильмнің оқиға желісі ешкімді де бейжай қалдырмайды. Көрермендер кейіпкерлердің басынан кешкен уақиғалары мен сынақтары бүгінгі қазақстандық қоғам үшін де өзекті екендігін көреді.

"Хабар" Агенттігі шетелдік фильмдердің премьераларымен бірге таяуда көрермендерге отандық кинокартиналар да ұсынылатынын хабарлады. Олардың арасында тарихи драма, деректі фильмдер мен мелодрамалар бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1992794-melek-xabar-telearnasynda-zana-serial-zaryqqa-syqty/