Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түн ішінде айнаға қарауға бола ма

Опубликовано:

Түн ішінде айнаға қарауға бола ма
Түн ішінде айнаға қарауға бола ма: pixabay.com

Ел арасында айнаға қатысты түрлі наным-сенімдер бар. Христиан және ислам діндерінде түнде айнаға көп қарауға болмайды деген түсінік қалыптасқан. Аталған болжам қаншалықты рас? KAZ.NUR.KZ аталған тақырыпты зерттеп көрді.

ladyeve.ru басылымының мәліметінше, айнаға байланысты ел арасында көптеген аңыздар бар. Солардың бірқатарына тоқталып өтсек:

О дүниеге апаратын қақпа

Көптеген адам айнаның беті – екі әлемнің түйіскен жері деп ойлайды екен. Түн уақытында зұлым күштер салтанат құрған кезде, бұл түйісуді бұзу оңай екен. Дәл осы уақытта адам зұлым күштер әлеміне тап болатын көрінеді. Яғни ертеде адамдар осы қақпа арқылы о дүниеге аттанып, әруақтар мен өлілерді шақыруға болады деп сенген. Олардың ойынша түнде адам айнаға көп қараған кезде, осы күштерге өзінің күшімен бері қарай шығуына көмектеседі екен. Ал одан кейін адам көп өмір сүрмейтін көрінеді, көп ауырып, денсаулығы сыр бере бастайды, осылайша соңында кенеттен қайтыс болады екен.

Сонымен бірге айнаға көп қарау о дүниеде тыныштық таба алған адам жанын осы дүниеге әкеліп, ол сіздің үйіңізде көптеген мәселелердің тууына ықпал етуі мүмкін деген сенім бар.

Айнаның есте сақтау қабылеті

Айнаның беті есте сақтай алады. Тіпті ескі айналар адам дүниеден өтсе де олардың бейнелерін сақтап қалады деген сенім бар. Яғни адам түнде айнаға қараған сәтте, айнаның бұрынғы иесінің бейнесін абайсызда көріп қалуы мүмкін. Мұндайды көрген адам тіпті есінен адасып кетуі әбден мүмкін.

Сол себепті айнаны сыйларда абай болу керек, ал дұрысы оны сыйға қабылдамаған жөн. Егер айна сізге мұра арқылы берілсе, онда оны қасиетті сумен сүрту керек, сонда ол бойындағы негативті ақпараттан арылады екен.

Түн ішінде айнаға қарауға бола ма
Түн ішінде айнаға қарауға бола ма: pixabay.com

Шайтан сағаты

Бұл нанымға сәйкес айнаға түнгі он екіден бастап, шамамен үшке дейін қарауға болмайды екен. Себебі осы уақыт аралығы – шайтан сағаты деген түсінік сенім бар. Яғни осы кезде сіз айнадан шайтанды көруіңіз мүмкін. Әлдекімдер оны шам жағып шошытамыз деп ойлайды екен, алайда одан пайда болмайды. Дұрысы осы уақыт аралығында айнаға мүлдем қарамау.

Түнде айнаға қарап ырым-жоралғыларды жасауға бола ма?

Ертеде айнаға қарап болашаққа болжам айту деген үрдіс болған. Мысалы тұрмысұқа шықпаған қыздар оның көмегімен өзінің болашақ тағдырын білген немесе өзінен дуаны кетірген. Мұндайда ырымды жасайтын адам зұлым күштерге беріліп, осы қылығы үшін кейде тіпті денсаулығы мен өмірімен қош айтысқан. Ертеректе адамдар әруақ бойжеткенді қылқындырып өлтіреді немесе ақылынан алжастырады деп сенген. Шындығында айнаға қарап, мұндай жоралғыларды жасауға - әлемнің көптеген діндерінде тыйым салынған.

Түн ішінде айнаға қарауға бола ма
Түн ішінде айнаға қарауға бола ма : pixabay.com

Сонымен түнде айнаға қарауға бола ма? Кей адамдар мұндайға сенсе, енді бірі көп сене бермейді. Мамандар айнаға қатысты түрлі наным-сенімдер әлемде электр қуаты пайда болғанға дейін туған дейді. Яғни ертеде адамдар тас қараңғыда түрлі қорқынышты жайттарға сенген. Сол себепті түн ішінде айнаға қарауға кеңес берілмейді. Әсіресе жаны нәзік әрі әсершіл адамдар түн ішінде айнаға қарамағандары дұрыс. Себебі ол олардың психикалық жағдайын нашарлатып, денсаулықтарына кері әсер етуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1993651-tun-isinde-ainaga-qarauga-bola-ma/

pixel