Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Америкалық шаштараз шашы жоқ ер адамдарға жас көрінудің жолын ұсынды

Опубликовано:

шашы жоқ ер адам
Скриншот: TikTok / legohugs

Мамандар ер адамдар шаштың түсуін ауыр қабылдайтынын, өйткені олар осылайша жастық шағының келмеске кеткенін түсінетінін айтады. Шашты медициналық жолмен қайта қалпына келтіру де кейде мүмкін болмай жатады. Алайда америкалық шаштараз шашы ерте түсіп қалған адамдарды қуантудың жолын тапқан, деп жазады life.ru.

Шашты трансплантациялау күрделі іс әрі қалтаға салмақ салады. Оның үстіне шаштың әр қарай жақсы өсіп кетуіне ешкім кепілдік бермейді. Дегенмен ерте таз болмаудың жолдары бар.

шашы жоқ ер адам
Скриншот: TikTok / legohugs

Мәселен, Солт-Лейк-Сити (АҚШ) қаласында тұратын шаш шебері төрт жыл бойы шашы түскен ер адамдарға керемет мүмкіндік ұсынып келеді.

шашы жоқ ер адам
Скриншот: TikTok / legohugs

Әрине, шашты қайтадан бұрынғыдай ету мүмкін емес. Сондықтан шаш шебері Эм арнайы жасанды шаш жабындарын ойлап тапқан.

шашы жоқ ер адам
Скриншот: TikTok / legohugs

Ол алдына келген адамның қалған шашын қырып, орнына арнайы желіммен жасанды шаш жапсырып береді. Оның әдісі қарапайым, дейді автор.

шашы жоқ ер адам
Скриншот: TikTok / legohugs

Эмнің сөзінше, алдын ала дайындалған шаш үлгілерінің бәрі бірдей, шаш түсімен ғана ерекшеленеді. Сондықтан, ол шаш жасанды көрінбеуі үшін қиып, бояп, қажет болған жағдайда бұйралап беретінін айтады.

шашы жоқ ер адам
Скриншот: TikTok / legohugs

Басылым Эмнің салонына орта жастағы ер адамдар келетінін, ал салоннан шыққанда олардың келбеті айтарлықтай өзгеретінін жазады.

шашы жоқ ер адам
Скриншот: TikTok / legohugs

Сондай-ақ басылым мұндай шаштың күтіміне де тоқталып өткен. Автордың сөзінше, жасанды шаш ер адамдарға ешқандай қолайсыздық тудырмайды. Онымен бір-екі айға дейін жүре алады. Кейін парик астына өскен шашты қайтадан қырып, жаңасын жапсыруға болады.

шашы жоқ ер адам
Скриншот: TikTok / legohugs

Сонымен қатар басылымның мәліметінше, парик ауа өткізгіш материалдан жасалады. Эм шаш жапсырып берген жігіттер парик киіп жүргендерін аса сезіне қоймайтынын алға тартқан.

шашы жоқ ер адам
Скриншот: TikTok / legohugs

Эм әлеуметтік желіде де белсенді. Оның TikTok желісіндегі парақшасына 150 000-нан астам адам жазылған. Ал оның авторлық видеосы он миллионнан астам лайк жинаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1993706-amerikalyq-sastaraz-sasy-zoq-10-er-adamdarga-zas-korinudin-zolyn-usyndy-foto/

pixel