Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жапонияда адамдарды жуындыратын арнайы машина шығарылмақ

Опубликовано:

Адамдарға арналған кір жуғыш машина
Адамдарға арналған кір жуғыш машина. Фото: Science Co. Ltd.

Жапониядағы технологиялық компания адамдарға арналған кір жуғыш машина өндіруді жоспарлап отыр. Машина 2025 жылы сатылымға түседі, деп хабарлайды Gazeta.ru басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Science компаниясы өкілдерінің айтуынша, кір жуғыш машина адамның денесін тазалап, массаж жасап, кейін ультрадыбыс көмегімен кептіреді. Бұл процестің барлығына небары 15 минут кетеді.

Одан бөлек, жасанды интеллект пен түрлі құрылғылар қолданушының денесі туралы толық ақпарат беріп, жайлы атмосфера сыйлайды.

Компания өкілдері жоба мақсаттарының қатарына денені тазалаудан бөлек, машина ішіндегі дисплейдан ойнатылатын музыка ырғағына демалып, босаңсу енетінін де айтып отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жапонияда ұзындығы 7, ені 6,5 см болатын әлемдегі ең кішкентай дәретхана шығарылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1994683-zaponiyada-adamdardy-zuyndyratyn-arnaiy-masina-sygarylmaq/

pixel