Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түсіңізде айнадан өзіңізді көрсеңіз не болады

Опубликовано:

Түсіңізде айнадан өзіңізді көру нені білдіреді
Түсіңізде айнадан өзіңізді көру нені білдіреді: pixabay.com

Түске айнаға қарап тұрған бейнеңіз кірсе, бұл қандай мағынаны білдіруі мүмкін? Көптеген адам дәл осындай түсті жиі көретінін айтып жатады. Алайда оның мағынасына терең үңіле бермейді. KAZ.NUR.KZ аталған түстің мағынасын анықтау үшін түрлі болжамдарға тоқталуды жөн көрді.

ladyeve.ru басылымының мәліметінше, түсіңізде айнада өзіңізде көруге қатысты түрлі болжамдар бар екен. Солардың бірқатарын назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік.

  • Егер түсіңізде өзіңізді айнадан сау әрі әдемі кейіпте көрсеңіз, ештеңеге уайымдамаңыз. Әрине қандай да бір өзгерістер орын алуы мүмкін, алайда ол сіздің өміріңізге ешқандай қиындықтар туғызбайтын болады. Яғни сіз бұрынғысынша бақытты әрі тыныш өмір сүре беруді жалғастырасыз.
  • Егер түсіңізде айнаға қарағаныңызда, бет-әлпетіңіз өзгеріп, тіпті түріңіз қорқынышты кейіпке енсе, онда өңіңізде қиындықтарға тап боласыз деген сөз және өміріңіздегі бұл ауыртпалықтарға тек өзіңіз кінәлі боласыз.
  • Ал егер түсіңізде айнаға қарап әрі онда өзіңізде бұрынғы уақытта жүргеніңізді көрсеңіз, онда өміріңізді бір бағамдап алған дұрыс болады. Яғни, өміріңіздің қай тұсын өзгерту қажеттігін шешіп алған жөн.
  • Егер керісінше, түсіңізде айнаға қарағаныңызда болашақта жүрсеңіз, мұндай жағдайда да өміріңізді зерделеп алған жөн. Егер болашақтағы түріңіз өзіңізге ұнаса, онда өміріңізде бәрі жақсы деген сөз. Ал егер керісінше, айнаға қарап, ондағы болашақтағы түріңіз өзіңізге ұнамаса, өмірде қиындықтар болады деген сөз және осы қиындықтардан кейін сіз өзіңізге сабақ алып, ақыл тоқтатасыз.
  • Түсіңізде айнаға қарап, бет-аузыңызды тыржитсаңыз – алыс жолға шығасыз.
  • Ал түсіңізде айнаға қарап, өзіңізді танымай қалсаңыз – онда сіз өміріңізде өзіңізді алдап жүрсіз деген сөз. Яғни өзіңізді қалай бар, солай қабылдау үшін көп уақыт жоғалтып, тіпті күйзеліске түсуіңіз де әбден мүмкін. Дұрысы өзіңізбен ойнамай, барынша шынайы қалпыңызды сақтауға тырысыңыз.
Түсіңізде айнадан өзіңізді көру нені білдіреді
Түсіңізде айнадан өзіңізді көру нені білдіреді: pixabay.com
  • Түсіңізде өзіңізді айнада әдемі әрі жас кейпіңізде көру – бақытты болудың белгісі. Десе де психологтар мұны адам өзін тым жоғары бағалайды деп түсіндіреді.
  • Тағы бір түс жорамалдарда түсіңізде өзіңізді айнада көру – өмірде сізді біреу алдап-соғудың белгісі деп көрсетеді.
  • Ал айнаның алдында көп тұрып, оған үңіліп қарасаңыз – ақылды адамның кеңесін аласыз деген сөз.
  • Өзіңіздің орнына басқа адамның түрін көру – қиындықтарды жеңудің белгісі.
  • Айнаға қарап, алайда бетіңізді көре алмай тұрсаңыз – үлкен махаббаттың белгісі.
  • Айнада өзіңіздің бейнеңіз біртіндеп жоғала бастаса, онда алыстан хабар аласыз деген сөз.
  • Ал айнадан бірнеше басқа адамның түрін көрсеңіз, онда үйіңізде той болады деген сөз.
  • Айнада түріңіз шаршап тұрса, онда саяхатқа аттанасыз.
  • Егер айнада өзіңізбен бірге баланың бейнесі болса – онда алдыға қойған мақсаттарыңыз тез орындалатын болады.
  • Түсіңізде лас айнаны көру, өзіңізді әлдебір оқиға үшін кінәлі сезіну деген сөз.
  • Ал түсіңізде айнаға қарағаныңызда, сіздің бейнеңіздің орнына жануардың бейнесі көрінсе, онда сізді тосын сый күтіп тұр деген сөз.
  • Айнада өзіңізге қол бұлғап тұру – жас жігіт немесе әдемі арумен романтикалық кешке барасыз деген сөз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1994801-tusinizde-ainadan-ozinizdi-korseniz-ne-bolady/

pixel