Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұлдыз жорамал: Қараша айында жұлдыз белгілерін не күтіп тұр

Опубликовано:

Қараша айында түрлі жұлдыз белгілерін не күтіп тұр
Қараша айында түрлі жұлдыз белгілерін не күтіп тұр: pixabay.com

Күздің соңғы айы жұлдыз белгілері үшін қалай өтуі мүмкін? Аталған сұраққа жауапты белгілі таролог мамандар Анжела Перл, Анна Арджеванидзе және Ева Лехцер іздеп көрді. Осы орайда KAZ.NUR.KZ қараша айына арналған жұлдыз жорамалды назарға ұсынады.

Тоқты

2022 жылдың қараша айы тоқты үшін жайлы болмақ. Олар қаржылық мақсаттарына жетіп, материалды тұрғыда діттеген армандарына қол жеткізеді. Ол үшін тоқты көп еңбек етіп, кейін соның нәтижесін көретін болады. Бұл туралы The Tarot Guidе басылымда жазылған. Сондай-ақ онда тоқтылар бұл уақытта оқу және даму үшін қолдануы керек деп көрсетілген. Ал өзге де сауалдар болса, өзіңіздің ақыл сұрайтын жақын адамыңыздан кеңескеніңіз абзал.

Торпақ

Торпақтар үшін бұл ай өзгерістер мен саяхат, сапар айы болмақ. Ол үшін торпақтар оған алдымен асықпай дайындалуы шарт. Кейбір торпақтар тіпті жаңа қала немесе елге көшіп, сол жақта оқуы мүмкін. Яғни торпақтарға керемет мүмкіндіктер ашылып, олар оны өз пайдасына қарай қолдануы тиіс.

Егіздер

Егіздер үшін 2022 жылдың қараша айы армандар мен жоспарлар айы болмақ. Олар керемет тойдың немесе мерекенің куәсі болуы мүмкін. Сонымен бірге олар бар сырын іште сақтап, оны жүзеге асыруға бар күшін салуы әбден мүмкін. Кейбіреулер тіпті жұмысын, ортасын ауыстырып, оны достарымен атап өтуі де мүмкін.

Шаяндар

Шаяндар өз жоспарларына сәйкес маңызды жаңалықтардың куәсі болады. Көптеген шаян өмірінде дұрыс бағытты таңдап, маңызды шешім қабылдайтын болады. Кейбір шаяндар тіпті отбасын құрып немесе бизнесін ашуы да ықтимал. Ал кейбірі өз құқықтары үшін күресетін болады. Сол себепті қарашада шаяндар алдағы жылдарға жоспар құрғаны жөн.

Қараша айында түрлі жұлдыз белгілерін не күтіп тұр
Қараша айында түрлі жұлдыз белгілерін не күтіп тұр: pixabay.com

Бикештер

Бикештерге қараша айында ақылды ер адам немесе білікті кеңесші көмекке келуі мүмкін. Себебі олар осы ойда қаржы және кәсіби қызметтеріне қатысты мәселелерді шешетін болады. Көптеген бикеш жұмысын ауыстырып, қосымша табыс көзін табады немесе басқа қалаға көшіп те кетуі мүмкін. Бикештер көп уақытын ақылды ер адам, білікті заңгер немесе дәрігер, педагогпен өткізетін болады. Осы адамның кеңесінен кейін ол дұрыс шешім қабылдайтын болады. Сондықтан бикештер осы айда қиялындағы арманын жүзеге асырудан қорықпауы тиіс.

Таразылар

Таразылар өз мүдделерін компромиссіз әрі жол берусіз қорғауы тиіс. Таразылар бәлкім жұмыста көтеріліп, олардың алдынан үлкен мүмкіндіктер ашылуы мүмкін. Сондай-ақ олар осы айда өзінікі дұрыс екенін дәлелдеумен болады және олардың бұл қадамы жеңіспен аяқталады. Қаржылық тұрғыдан таразыларда бұл айда еш қиындық болмайды, керісінше олар осы ойда қосымша жұмыс алады немесе жұмыста өсетін болады.

Сарышаяндар

Сарышаяндар қиын, алайда дұрыс жолды таңдайтын болады. Және ол бұл шешімді тез қабылдауы тіис. Сарышаяндар өз махаббатын кездестіріп, отбасын құрады немесе алғаш рет ата-ана атануы мүмкін. Сонымен бірге олар өз шешімі мен іс-қимылдарында күмәнданатын болады. Десе де бұл мәселеде оларға отбасы немесе достары көмекке келеді. Ай соңында олар сүйіктісін кездестіріп, жалғыздықтан арылулары мүмкін.

Мергендер

Мергендер бұл айда тынығып, демалатын болады. Мергендерге жұмыстарғы қиындықтарға бас қатырмаған дұрыс, себебі көп ұзамай бәрі өз шешімін табады. Сол себепті көп уақытты отбасымен бірге өткізген абзал, себебі ол өз-өзіңізге деген сенімді күшейтеді. Ал айдың басында сәл демалып, өз-өзіңізді күткен жөн. Егер осы уақытта тынығып алсаңыз, жұмысқа да белсене кірісетін боласыз.

Тауешкілер

Тауешкілердің қараша айында күш-қуаты артып, энергия мен идеялар пайда болады. Олар өмірдің әр саласында ілгері қарай қадам басатын болады. Барлық заңнамалық мәселелер де өз орнымен шешіліп, әділеттік орнайды.

Мұндай болжамды таролог Анжела Перл жасап отыр. Тауешкілер қарашада өз тағдырының иесі атанып, болашаққа нық қадам жасайтын болады. Жұмысында, жеке өмірінде де бәрі өз орнына келеді. Тіпті саяхатқа аттанып, басқа қалаға көшуі де мүмкін немесе жаңа көлік сатып алуы да ғажап емес. Тауешкілердің осы айда өмірі тұрақталып, қараша оларға жақсы өзгерістер алып келеді.

Суқұйғыштар

Суқұйғыштар жыл бойы көп жұмыс істегендіктен, біраз тынығып, өмірін бір зерделеп алғаны жөн. Кейбір суқұйғыштар тіпті жұмысын немесе мамандығын ауыстыруы мүмкін. Қарашада олар жұмысбасты болғандықтан, бос уақыты көп бола бермейді. Сол себепті тек маңызды жұмыстары қолға алып, қалған мәселелерді кейінге шегеріп, сәл тынығып алғаныңыз жөн. Бизнесіңізге қатысты бір шешімге келген абзал. Себебі оның артында сізді жақсы жаңалықтар күтіп тұруы мүмкін.

Балықтар

Балықтар осы айда көп еңбектенетін болады. Олар осы айда өмірлерінің басым бағытын таразылайтын болады. Осы тынымсыз еңбектің арқасында балықтар осы айда зор жетістіктерге жетеді. Сол себепті балықтарға осы айда тек өзіне сенген жөн.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1995101-zuldyz-zoramal-qarasa-aiynda-zuldyz-belgilerin-ne-kutip-tur/

pixel