Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Салмағы 18 карат": Швейцариялық зергерлер ерекше түсті гауһар тасты көрсетті (видео)

Опубликовано:

Сатылымға қойылған гауһар тас
Сатылымға қойылған гауһар тас. Видеодан кадр: Хабар24

Швейцарияда ерекше қызғылт түсті гауһар тас Кристис аукцион үйінде сатылымға қойылмақ, деп хабарлайды Хабар24.

Мамандар сирек кездесетін әшекейді нағыз шебердің қолынан шыққан олжа деп бағалап отыр.

Ал ұйымдастырушылар салмағы 18 карат әшекей саудасынан 35 млн доллар табыс келетініне сенімді.

Айта кетейік, ең үлкен ақшыл қызғылт 19 каратты гауһар тас 2018 жылы сатылған еді. Ол кезде құнды зат 50,5 млн долларға саудаланып, әлемдік рекорд орнатқан.

"Бұл аукционда сатылымға шыққан алмұрт пішінді ең үлкен ақшыл қызғылт гауһар тас болып саналады. Оған қазірдің өзінде коллекция жинайтындар ерекше қызығушылық танытып отыр. Өйткені бұл өте таза әрі сирек кездесетін бұйым", - дейді Christie’s зергерлік бөлімнің басшысы Макс Фосетт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1995652-salmagy-18-karat-sveicariyalyq-zergerler-erekse-tusti-gauhar-tasty-korsetti-video/

pixel