Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қыз балаларға арналған сирек кездесетін, мәнді әрі ерекше есімдер

Опубликовано:

нәресте
Нәрестенің табаны. Көрнекі фото: pexels.com

Қазақ халқы сәбиге есім қоятын кезде оның мағынасына айрықша мән берген. Себебі нәрестенің аты оның тағдырына әсер етеді деген сенім болған. Осы орайда KAZ.NUR.KZ қыздарға қойылатын айрықша есімдерді назарларыңызға ұсынады.

Бұл жазбамызда "1000 түрлі тамаша есім. Қызға қазақша ат қою" жазбасын және "Қыз балаға қойылатын ерекше есімдер 2024" мақаласын негізге ала отырып, қыз балаға қойылатын әдемі есімдерді мағынасымен бірге тізіп шықтық.

А

Ажар – гүл, гүлдену деген мағынаны білдіреді.

Айбике – Айдың сұлуы, бикеш.

Айбала — ай сияқты сұлу, көркем болсын деген тілекпей қойылған есім.

Айгүл – Ай мен гүл сөздерінің бірігуінен шыққан есім.

Айдай — айдай сұлу, көркем деген мағынада.

Айдана — қазақтың сөзі ай және тәжік тілінен алынған дана, білгір, данышпан, ғалым.

Айзат — қазақтың "ай" деген сөзі мен иран тілінен алынған зада — мағынасы "бала" сөздерінен жасалған есім. Ай сияқты аса әдемі, көрікті бала деген мағына береді.

Айнұр – Ай жүзді, Ай нұрлы ару.

Арай — қазақ есімі, таң шапағы, шұғылалы сәуле.

Айсұлу – Айдай сұлу деген мағынаны білдіреді.

Альфия – Аллаға жақын деген мағынаны білдіреді.

Айзере – соңғы жылдары ең көп кездесетін есімдердің бірі. Қазақ тілінен алынған "Ай" және парсы тілінен алынған "зер" сөзі алтын деген мағынада. Бұл атау - Алтынай есімінің синонимі.

Айжан — қазақтың сөзі ай және парсы тілінен алынған жан, айдай сұлу, әдемі.

Айару – Ай секілді ару, айдай сұлу.

Айман — қазақ тілінен — белгілі, әйгілі, даңқты; араб тілінен – ант, серт. Біріккен тұлғалы есімдер — Айманай, Аймангүл.

Айғаным (Айғана) – Ай ханшайымы.

Айғанша — қазақ тілінен алынған ай және ханша сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім.

Айсәуле – Айдың сәулесі.

Айым – айға теңеу.

Айқаракөз – "Ай және "қара" деген екі түбірден құралған. Алғашқысы аспандағы айды білдіріп, тазалықтың символына айналса, екіншісі түстің атауын білдіреді.

Аружан – жаны таза, ізгі жан.

Ардақ — құрмет, қадір.

Ақмарал – маралдың ағы.

Ақжан — қазақ есімі адал, таза адам, ак көңіл жан. Ақмұқан, Ақжол, Ақтанлақ сияқты есімдердің еркелете айтылған түрі.

Ақбота — бала аппақ бота сияқты болған соң ұқсату мақсатымен қойылған есім.

Ақжарқын — ашық жарқын жүзді, шат-шадыман.

Ақтілек — бала бақытты болсын, ата-ананың ақ ниет, тілегі орындалсын, деген мақсатпен қойылған есім.

Амира — бұйрық беруші, ханшайым.

Аяла – алақанға салып аялап өту.

Аянат – араб тілінен ийан – өз көзімен көру, айқындылық, анықтық, ақиқат, шындық.

Ә

Әсем – әдемі, көрікті.

Әсемгүл – әдемі гүл.

Әдия – Құдайдың сыйы.

Әдемі — қазақтың сөзі, көркем, әсем деп те қойылады.

Әйгерім – ай жүзді сұлу, қазақтың "Әй, Керім" деген сөзінен шыққан.

Әмина – Мұхаммед пайғамбардың анасының есімі, әділ, адал деген мағынаны білдіреді.

Әсел – бал сияқты тәтті қыз.

Әсия – арабша көңілге медет деген мағынаны білдіреді.

Әлия — араб тілінен аударғанда асқақ, көрнекті деген мағынаны білдіреді.

Әсемқан — әсем және ханым, ханша сөздерінен жасалған есім, яғни сұлу ханым.

Б

Қазақ халқында "Б" әрпінен басталатын, қыз балаларға арналған есім көп. Солардың кейбіріне тоқталып өтсек:

Балжан – балдай тәтті қыз.

Баянсұлу — ғашықтық жырдағы ақылды да сұлу қыздың есімі.

Бибігүл – гүлдердің патшайымы, нәзік деген мағынаны білдіреді.

Бибінұр – жарқырап, нұрланып тұратын бикеш.

Балия – қасиетті.

Балауса — өндірдей жас.

Балгүл — балдай, шырынды гүл; яғни ата-ананың ең сүйікті, балдай тәтті баласы болсын деген мағынада қойылған есім.

Балқия – әдемі, көрікті, тартымды.

Балғаным — сүйкімді, сүйікті, ақылды, ойлы, есті ханым, балғын.

Балым — менің балым, ақылдым, қымбаттым. Балғаным деген есімнің еркелете қысқартып айту түрі.

Бота – түйенің төлі.

Ботагөз – түйенің ботасындай сұлу, мөлдір, жаны пәк жан.

Бибіханым — ханым сөзінің өзгерген түрі. Қысқарған түрі — Биғаным.

Сүйкімді сәби
Сүйкімді қыз бала. Көрнекі сурет: pixabay.com

Г

"Г" дыбысынан басталатын есімдер халқымызда өте көп. Қазақта әсіресе "Г" дыбысынан басталатын есімдер "гүл" сөзімен басталады. Мысалы: Гүлшат, Гүлзифа, Гүлзара, Гұлшара.

Гаухар – асыл, гаухар тас.

Гүлназ – нәзік гүл.

Гүлжан – жаны гүлдей таза.

Гүлнәр — гүлден нәр алған.

Гүлханым — гүлдей ханым деген мағынада.

Гүлсана — гүл мен сана сөздерінің бірігуі арқылы қойылатын есім.

Гүлфайруз — көгілдір түсті гүл.

Гүлбике — гүл және бике сөздерінің бірігуінен шыққан есім. Бике сөзі ханым деген мағынада.

Гүлсайран — гүл, сауық-сайран.

Гүлдариға — гүл және парсының дариға сөзі кербез дегенді білдіреді.

Ғ

Ғазиза – қымбатты, құрметті, атақты деген мағынаны білдіреді.

Ғалия – асқақ, биік.

Ғайша – Айша есімінің қазақыланған нұсқасы.

Ғайни – көзі үлкен, қырағы, елеулі.

Ғайнижамал — танакөз, әдемі.

Ғалима — араб тілінен — білімді, дана, оқымысты қыз, әйел.

Ғафура — араб тілінен алынған, кешірімшіл деген мағынаны білдіреді.

Д

Дамеля – тұрақты.

Дариға – парсының тамаша, кербез сөзінен шыққан.

Дания — жақын, танымал, атақты.

Дәмелі – үмітті, үміткер.

Демесін — баланың өмірде тірегі, жәрдемшісі болсын деген тілекпен қойылған.

Дәрия – өмірі дәриядай ұзақ, ғұмырлы болсын деген мағынада қойылатын есім.

Дилара – халқымызға парсы тілінен енген есім, сүйікті деген мағынаны білдіреді.

Динара – алтын тиын, бай-қуатты деген мағынаны береді.

Дина — иман келтіруші, сенген, көзі жеткен.

Е

Еркежан – жаны нәзік, ерке. Басқа түрі – Жанерке.

Ерке — қыз баланы еркелетіп қоятын есім.

Еркеназ — ерке, қылықты.

Еңлік – әдемі, төзімді өсімдіктің атауы.

Елігай — елік пен ай сөздерінің бірігуінен шыққан есім.

Ж

Жанар – көзімнің жанары, ағы мен қарасы, жаны нәзік, ақылды болсын деген мағынада қойылады.

Жазира – кең, ұлан-ғайыр дала.

Жайна — гүлдей жайна, жайқал деген мәндегі есім.

Жадыра – жарқырап, жадырап жүру.

Жансұлу — жан біткеннің сұлуы, әдемісі, көркемі деген мағыналы есім.

Жансая – жанға сая деген мағынада.

Жайнақ — ашық-жарқын, жайдары.

Жамал – сұлулык, көркемділік, сүйкімділік.

Жанна — көне еврей тілінен келген— кептер, көгершін.

Жәния – періште.

Жұлдыз – аспандағы жарқыраған жұлдыз болсын деген мағынана қойылады.

Жанат — ең асыл, көркем, керемет, рахат.

Жібек — мінезі жібектей әрі әдемі, сұлу болсын деген ниетпен қойылатын есім.

Жұпар — хош иіс.

Жұлдыз — көктегі жұлдыз.

З

Зарина – бақыт пен байлық, алтынмен, әдемі ою-өрнекпен көмкерілген деген мағынаны білдіреді.

Зәуреш – таңғы жұлдыз.

Замиля — жолсерік, жолдас.

Замира — асыл арман, тәтті қиял, ой.

Зере – арабтың алтын деген сөзінен шыққан.

Зейнеп – хош иісті ағаштың атауы. Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әйелінің, туған қызының, немересінің (Фатима есімді қызынан) есімі Зейнаб болған.

Зумрат – парсы тілінде бағалы, асыл деген мағынаны білдіреді.

Зүлфия – шашы бұйра қыздарға жиі қойылады.

Зухра — сәулелендіруші, таңғы жұлдыз.

Зүбайда – ерекше, ең жақсы қыз.

Зульфия — бұйра шаш иесі, сүйкімді, тартымды.

Зылиха — араб тілінен аударғанда жасы кіші, туыс, қарындас деген мағынаны білдіреді. Дыбыстық өзгеру түрі — Зілиха, Зүлиха.

Зияда — артықша, ерекше, тамаша.

Зәмзәм — қасиетті Мекке жеріндегі бұлақ, зәмзәм суыныі атауы.

Сүйкімді қыз
Сүйкімді кішкентай қыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

К, Қ

Қаламқас – қиғаш қасты қыз.

Камалия, Камила – мінсіз.

Калима — шырын тілді, әңгімелесуші.

Карима — жомарт, гауһардай қымбат, мейірбан.

Кәусар – молшылықта өмір сүруші, Жәннаттағы өзен.

Күнсұлу – күндей сұлу, әдемі.

Күміс — қымбат бағалы ақ металл.

Күнжамал — күндей сұлу, көркем. Еркелетіп айтылған тұлғасы — Күнке.

Күнай — күн мен айдай болсын деп қойылған есім.

Қалбибі – төрайым, қалы бар бикеш.

Қарлығаш – қарлығаш құсы.

Қуаныш – ер балаларға да, қыз балаларға қойылатын есім.

Құралай – сайғақтың төлі.

Қымбат – бағалы, құнды.

Қызғалдақ — қырмызы қызыл гүлмен байланысты есім.

Қырмызы — шымқай қызыл, алқызыл, қызыл жібек, нұрлы, әрлі деген мағынаны береді.

Л

Лашын — алғыр, қыран құс, сұңқар.

Ләйлә – түн, кешқұрым.

Лаура – лавр.

Латифа – мейірімді.

Лаула — алаулап жану дегенді білдіреді.

Ләйлім — әдемі, шығыс түні.

М

Мархабат – қайырым, мейірім.

Махаббат – махаббат, сезім.

Мансура — жеңімпаз.

Медина, Мадина – алтын, қасиетті қала. Медине қаласының атауынан шыққан.

Мейрам – мереке.

Меруерт – меруерт тас.

Мереке — той, тамаша күні туған балаға берілген есім.

Малика — патшайым, бұйрық беруші. "Ма-ля-кя" – билеу, болу бұйыру етістігінен шыққан.

Мариям — сүйікті, жаны үйлесуші. Иса Пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) анасы, Алла Тағаланың тазартып, күллі әлемдегі әйелдерден ардақты еткен құлы.

Мерей — бақыт, қуаныш.

Мира — жаңа есім – бейбіт, тыныштық өмір.

Мүслима — мұсылман қыз, Аллаға бойсұнушы.

Мәншүк – атақты, белгілі.

Моншақ – әшекей бұйым.

Н

Нәджия – жақын құрбы, қорғалған бөбек.

Надира – сирек кездесетін, айрықша.

Нәзира — жайнаған, көңілді.

Нұрсұлу – сұлу, Нұрдың сұлуы.

Нұргүл – "нұр" мен "гүл" сөздерінің бірігуінен шыққан есім.

Нұрия – шуақ шашатын, мейірімді қыз.

Насима — көрікті, жұмсақ жүректі.

Нафиса — әдемі, биязы, мәртебелі, қымбат.

О, Ө

Оразгүл – бақытты гүл.

Оралғаным – тағдырды жеңу, аман қалу.

Озария – от, жалын.

Орынгүл – өз орнын білетін деген мағынаға саяды.

Өміргүл – өмірдің қуанышы, жайнаған гүлі.

Өмірше – араб тілінен алынған — өмір бақи, мәңгілік.

Өнеге – үлгі, тәрбие.

Өрбике – қазақ тіліндегі "өр" сөзінің ауыспалы мағынасы паң, ерекше ерен болса, "бике", "бикеш" — ханзада, ханша, яғни ерекше, асыл туған бикеш дегенді білдіреді.

Өрзия – асқан сұлу, әдемі қыз.

П

Пана – иран тілінен алынған пана — сая, қорғаныш, таса.

Парасат – араб тілінде ақыл, сана дегенді білдіреді.

Парзан – иран тілінен алынған фарзане — данышпан, ғұлама, ақылды.

Перизат – иран тілінен алынған "пани" – пері, зат әдемі, сұлу, асқан сұлу, көркем қыз.

Р

Разия – таңдаулы, құпиясы бар қыз.

Рабиа — бәйшешек.

Рабиға – араб тілінде көктем деген мағынаны білдіреді.

Райян – дүниеде ораза ұстағандар кіретін Жәннат қақпаларының бірі.

Рауза — гүл бақшасы.

Рауан – таңның рауандап атуы.

Райхан — ләззат, рахат деген мағынада және өсімдік атауы.

Ракия – көш басындағы бөбек.

Рамина – қуанышты, өмірге құштар.

Раушан – раушан гүлі, ерекше көркем, ашық.

Раиса — араб тілінен аударғанда "жетекші" деген мағынаны білдіреді.

Рашида – ақылды, зерек, дұрыс жолды таңдаушы.

Гүлдестелі қыз
Гүлдесте таққан қыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

С

Самал – самал жел.

Сая – көлеңке, сая.

Саида – бақытты, жолы болғыш, айы ойынан туатын қыз.

Салтанат – мерекелі, берекелі, салтанаты жарасқан.

Сара — иран тілінен алынған — ең таңдаулы, ең салы, аса жақсы деген мағынаны білдіреді, араб тілінде — ханым, әйел; көне еврей тілінде "сарра" — атақты, данқты, ақсүйек деген мағынасы бар.

Сәфия – таза, тұнық, таңдаулы, Мұхаммед Пайғамбардың қыздарының бірі.

Сұлужан – жаны сұлу, таза.

Сабира — шыдамды, сабырлы.

Саида — құрметті.

Салима — дені сау.

Сания – екінші қыз деген мағынаны білдіреді.

Сафура — шыдамды, төзімді, мықты.

Сезім — жаңа есім, достық, адалдық, махаббат сезімдер балаға серік болсын деген қойылған есім.

Сұлу — өте әдемі, аса көркем.

Сұлушаш — әдемі қолаң қара шаш.

Т

Таңшолпан — таң жұлдызы, жарық жұлдыз.

Тамаша — ерекше, өте әдемі қыз болсын деп қойылған есім.

Талшын — ағаштың бір түрі. әдемі, әдемі түс деген мағынасын білдіреді.

Тоғжан – өмірге дән риза, бай-қуатты.

Тамила – тау көкегі.

Торғын – бағалы жібек мата.

Толқын — теңіз, көл бетіндегі шайқалыс, әдемі көрініспен байланысты берілген есім.

Толғанай — толған айдай аппақ сұлу болсын деген тілекпен қойылған есім.

Тасним – Жәннаттағы бұлақ.

У, Ұ

Уәзипа – таза, әдемі.

Уәсила — көмекші, қорған.

Ұлжан – адамның жаны, қыздардан кейін дүниеге ұл келсін деген мағынада қойылады.

Ұлбала, Ұлболсын – бұл да ұл баланы аңсап жүрген жандардың қыздарына қоятын есімдері.

Ұрқия – араб тілінен аударғанда әсем деген мағынаны білдіреді.

Ұлпа — қазақ— жапырақтап мамыр айында жауған жұмсақ, аппақ ақ қар. Пәктіктің, ақтықтың, тазалыктық символы.

Ұлпан — Ғабит Мүсіреповтің "Ұлпан" романындағы бас кейіпкердің есімі.

Ұрқия — өте тартымды.

Ф

Фаиза – жеңімпаз.

Фариза – сирек кездесетін, таңдаулы.

Фатима – Мұхаммед Пайғамбардың сүйікті қызының есімі.

Фируза – нұр шашқан.

Фарида – ең құнды, теңдесі жоқ.

Х

Хабиба — сүйікті, жақын, қымбатты.

Ханифа — турашыл, шыншыл.

Хафиза – қорғаушы, қолдаушы.

Халиса – таза.

Халима – мейірімді.

Халида – тұрақты, адал, сенімді, мәңгілік.

Ш

Шаттық — қуаныш, көңілді.

Шара — қазақ есімі — көздің ұясы, ойдымы, көздің аумақ көлемі, амал, әдіс, айла.

Шарбану — қаланың сұлу қызы.

Шолпан – таңдағы жұлдыз.

Шағила – ұқыпты.

Шайгүл – хан гүлі, патшайым.

Шамсия – күн дидарлы.

Шәрипа – қолы ашық, жомарт.

Шолпан — қазақ тілінде таңғы жарық жұлдыз деген мағынаны білдіреді.

Шұға — биязы, жұмсақ мата.

Шұғыла – нұр деген мағынаны білдіреді.

Шынар — қазақ тілінен алынған — биік, тау терегі, шынар ағашы; жадырақты зәулім биік ағаш; ауыспалы мағынасы колжетпес биік, асқақ.

Шынаргүл — шынар ағаш гүлі сияқгы әдемі, сұлу.

Шырайгүл — гүлдей көрікті, әдемі сұлу қыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1997621-qyz-balalarga-arnalgan-sirek-kezdesetin-erekse-esimder/