Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астролог 2023 жылы кімдердің қаржылық жағдайы жақсаратынын болжады

Опубликовано:

Әмиян
Әмиян. Көрнекі сурет: pixabay.com

Үндістандық астролог Пандит Сомнатх 2023 жылы кімдердің қаржылық жағдайы жақсаратынын болжап көрді, деп жазады sterlegrad.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Астрологтың айтуынша, жаңа жылда біраз адамның қаржылық жағдайы өзі ойлағаннан жақсара түседі.

Пандит Сомнатхтің болжамынша, жұлдызнама белгілері арқылы айтар болсақ, 2023 жылы егіздер жұлдызындағы жандардың қаржылық тұрғыдан жолы болады. Сәуір айында олардың жағдайы жақсара түседі, тек өз мүмкіндігін жібермеуі керек.

Арыстан жұлдызында туғандар да өз табысын еселейді. Астролог оларға өзіне таныс жолмен жүріп, тәуекелге көп бармауды ескертеді.

Ал бикеш жұлдызында туғандар үшін жыл мол ақшамен басталады. Астрологтың пікірінше, сәуір айына дейін оларда қаржылық қиындықтар болмайды. Бұл үрдіс желтоқсанда да жалғасын табады.

Таразы белгісіндегі жандарға да жаңа жыл сәтті болмақ. Олар келесі жылдың қазанында мол қаржыға кенеледі.

Суқұйғыштар өз қаражатын тиімді жобаларға аударса, нәтижесі керемет болмақ. Әсіресе, маусым, шілде айлары қаржылық тұрғыдан өте сәтті өтеді, дейді астролог.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1999192-astrolog-2023-zyly-kimderdin-qarzylyq-zagdaiy-zaqsaratynyn-bolzady/

pixel