Қоян жылы: белгінің мінездемесі мен сипаттамасы
Жарияланған күні:
Сезімтал әрі момын, жанашыр Қоян тік мінезімен және білімге құштарлығымен ерекшеленеді. Ол бала күнінен дами түсіп, аса көрнекті тұлғаға айналады. Қытай жұлдызнамасы бойынша төртінші белгі болып саналатын Қоянды қандай қасиеті табысты етеді? Мұны астрологтар және эзотериктер - Шелли Ву, Сюзанна Уайт пен Дерек Уолтерс түсіндіріп берді.
Қоян жылының жалпы сипаттамасы
Күн-ай күнтізбесі бойынша уақытты санау дәстүрі Қытайдан бастау алады. Будда таңдаған он екі киелі жануар және Қытай жұлдызнамасы осыған байланысты. Бұл аңыз жөнінде Дерек Уолтерстің "Библия китайской астрологии" кітабында жазылған. Қытай жұлдызнамасында Мысық пен Қоянды бірдей иероглифпен жазған. Сондай-ақ екі белгіні де бір атаумен атайды. Мысық пен Қоян жылы қай кезде болады? Бұл жыл белгілеріне мына жылдар сәйкес келеді: 1915, 1927, 1939, 1951, 1963, 1975, 1987, 1999 және 2011. Ендігі Мысық пен Қоян жылы 2023 жылға тұспа-тұс келіп тұр.
Бұл жылдар адамзат тарихында қандай оқиғаларымен есте қалды? Пабло Пикассоның “Арлекин” картинасы, Чемберлен нотасы, “Унесенные ветром” фильмі, коммерциялық түрлі-түсті теледидардың шығарылуы, Кариб теңізіндегі құйын, билікке Маргарет Тетчердің келуі, Солтүстік полюстегі “Сібір” мұзжарғышы, есеп-қисаптың евроға өтуі және жер шарының жетінші миллиард тұрғынының дүниеге келуі әлемдегі айрықша маңызды оқиғалар ретінде саналады.
Қоян жылы дүниеге келген жандар момын мінезімен ерекшеленеді. Оларға оппонентімен қарсыласқаннан гөрі келісе салған ыңғайлырақ. Бұл белгіге тұспа-тұс келетін жылдар - әлемде тәртіптің орнауы мен адамдар арасындағы қарым-қатынастың жақсаруына мүмкіндік беретін келісім мен мәмілеге келу кезеңі. Қоян жылының негізгі айырмашылығын біле отырып, 2023 жылдың қалай өтетініне болжам жасау жеңіл болмақ:
- Мысық және Қоян - шығыс жұлдызнамасының төртінші белгісі.
- Жылдың дүлей күші оның қалай өтетініне және Қоян жылы туылған адамдардың мінез-құлқына әсер етеді. Бұл ағаш, су, жер, от, металдың күші болуы мүмкін.
- Қоян (Мысық) - қамқорлық пен кеңпейілділіктің нышаны. Ол ымыраға келуді, бейбітшілікті сүйеді, бірақ батырлық жасап, өз құқығын қорғауға да қабілетті. Оның қаншалықты табысты адам болатыны айналасына, отбасына және тұратын жеріне байланысты. Қоян сәттілікке сенеді және күте алады. Ол нәзік әрі сексуалды, көбінесе молшылықта өмір сүреді, жан-жағындағылардың еркесі саналады.
Сюзанна Уайттың "Новая астрология" кітабында Қоян (Мысық) белгісінің инь қуатына жататыны жазылған.
Аталған белгіге тән бойтұмарлар жыл символын өзіңізге тартуға және сәттілік әкелуге көмектеседі:
- Зодиак белгісі - Балықтар.
- Түсі - қызғылт, қызыл, күлгін, көк.
- Гүлі - жасмин.
- Сәтті сандар - 3, 4, 6 және олармен үйлесетін барлық сан.
- Сәтті күндер - Ай күнтізбесі бойынша 26-27 және 29 күндер.
- Жарық түсетін жағы - оңтүстік, солтүстік-батыс және шығыс.
- Ай күнтізбесінің айлары - 1, 4, 8 және 11.
Қоян жылы туылған адамдарға мінездеме
Қоян жылы дүниеге келу нені білдіреді? Бұл дегеніміз - әйгілі адам болу деген сөз. Ол - жақын адамдарына адал, талантты және атаққұмар адам, тартымды сұхбаттасушы әрі сүйікті серіктес. Ол өте көнбіс және кез келген мәселені шешуге қабілетті. Қоян жайсыз жағдайларға сирек тап болады, өйткені өте сақ және ақылды. Ол үнемі мәселенің ұсақ-түйегіне дейін мұқият қарайды және Қытай жұлдызнамасындағы 12 белгінің ішінде ең бақыттысы болып саналады. Қоянды жақсы түсіну үшін нені білу керек екеніне тоқталып өтсек:
Жалпы белгілері
Қоян жылы туылған адамдардың мінезі қандай? Олардың барлығы ақ пейілді, сабырлы және мейірімді адамдар. Жұмыс пен қарым-қатынас жағдайында Қояндардың жауапкершілігі өте мол, олар төзімді және мейірбан боп келеді. Өзгелерге құпия әрі тұйық адам болып көрінуі мүмкін, ал өз жақындарына тым жомарт, жаны нәзік. Жаңадан танысқан адамдармен тез тіл табысады, пайдалы байланыс орнатуға икемі бар және бәрімен келісімге келе алады.
Қоянға тән мінез-құлық пен қасиеттер мыналар:
- Белсенді көмекші және сізді мұқият тыңдай алатын әңгімелесуші.
- Тамаша дос және қамқор қолдаушы.
- Жайлылықты жаны сүйеді, жомарт серіктес.
- Мейірімді ата-ана және адал үй иесі.
Бойдағы көптеген талантына орай Қоян өзін әр түрлі қызмет аясында дамытады. Қоян жылы туылғандар:
- Табысты қаржыгерлер және жауапкершілігі мол саудагерлер.
- Талантты дәрігерлер, хирургтар, косметологтар.
- Сұраныстағы заңгерлер және шебер дипломаттар.
Мамандықта тұрақтылықты жақсы көреді, жұмыс орнын жиі ауыстырғанды ұнатпайды, сенімді, нақты статусы қалыптасқан ұжымда қызмет еткенді құп көреді. Қояндар жауапкершілікті жоғары қояды, ыждағатты, төзімді, жұмысқа қабілетті және аналитикалық тұрғыда ойлай алады.
Қоян жылында туған ер адамдар мен әйелдердің жұлдызнама белгілеріне байланысты мінездемесі
- Тоқты - үздік кәсіпкер, жомарт және позитивті.
- Торпақ - әділ, еңбекқор және ұқыпты.
- Егіздер шешендігімен және қарым-қатынастағы әдептілігімен ерекшеленеді.
- Шаян - асқақ, атаққұмар, бірақ өте тартымды.
- Арыстан батылдығымен және турашылдығымен ерекшеленеді, жолы болғыш, бірақ өзімшіл.
- Бикеш - педант, жұмысына мығым, өзіне жақсы күтіммен қарайды және әдемі көрінеді.
- Таразы - ашық, жылы шырайлы және өте көпшіл.
- Сарышаян - сендіру талантына ие, бірақ қызуқанды және кекшіл мінезі де бар.
- Мерген - мейірімді және сүйкімді.
- Тауешкі - салмақты, тәуелсіз және еңбекқор.
- Суқұйғыш - көпшіл, арманшыл және өзгелерді құтқаруға дайын тұрады.
- Балықтар - тиімді қарым-қатынас орната алады, әккі әрі өте ақылды.
Қоян жылы туылған ер адам жөнінде мына дүниелерді айтуға болады:
- Ұрысқа араласқанды және тәуекелге барғанды ұнатпайды.
- Көңілін қалдырғандардан өзгелердің көмегімен кек алады.
- Жоспар және кесте бойынша өмір сүргенді ұнатады, өте тәртіпті.
Қоян жылы туылған әйелдер көнбіс және шыдамды болып келеді. Оның жоспары көп, бірақ барлығын жүзеге асыра бермейді. Ол өзін жақсы көреді, саяхаттағанды, еркіндікті ұнатады, жиірек жалғыз қалады.
Басқа белгілермен сәйкестігі
Шығыс жұлдызнамасы бойынша Қоян кімдермен үйлеседі? Қоян жылы дүниеге келгендер Ит, Ешкі және Доңыз белгісіндегі адамдармен жақсы үйлесім табады. Айдаһармен, Егеуқұйрықпен және басқа Қояндармен үйлесімді қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік бар. Ал Қоразбен мүмкін болса байланыс орнатпаған жөн.
Шығыс жұлдызнамасы бойынша әр түрлі белгілермен сәйкестік мынадай:
- "Китайская астрология: изучение восточного зодиака" кітабының авторы Шелли Вудың пікірінше, Егеуқұйрық сүйкімді, креативті және өміршең. Бірақ оның Қоянмен қарым-қатынасы қиындау, себебі Егеуқұйрық үстемдікке ұмтылады.
- Мейірімді бұқа мен жұмсақ Қоян оңай үйлеседі. Оларда құштарлық аз болғанымен, есесіне сыйластық пен қамқорлық басым, ал балалары бақытты болады.
- Жұмсақ Қоян жойқын Жолбарысқа қызығады, алайда оған серіктесін түсіну қиынға соғады. Оларда кикілжің көп болады. Дегенмен өзара сүйіспеншілік пен махаббат болса бір болуға кедергі жоқ.
- Екі Қоян мінсіз одақ құра алады, бірақ олардың қайсысы үйде басшы болатынын түсіну керек.
- Айдаһар билікке құмар және Қояндағы оптимизм мен жұмсақтыққа тамсанады. Бірер жылдан соң бұл екеуі жақындарын қуантатын, дұшпандарын қызғандыратын біртұтас адамға айналады.
- Жылан мен Қояннан үйлесімді жұп шығады. Олардың арасында мықты тартылыс бар, бірақ қарым-қатынастың сәтті болуы үшін өз-өздерімен және қаржылық жағынан жұмыс істеу керек.
- Жылқымен қарым-қатынасы некеге ұласады, өйткені екеуі де ашық, позитивті және еңбекқор. Жылқы жанындағы серіктесіне сенімділік сыйлайды, есесіне адалдық пен махаббат алады.
- Ешкімен үйлесімді байланыс орнату әбден мүмкін. Екеуі де отбасын алға қоятын сабырлы болмыс иелері.
- Маймыл мен Қоянның өмірге деген көзқарастары екі түрлі, бірақ екеуі де мейірімді және сезімтал. Қоян отбасына қамқор болады, ал Маймыл отбасындағы көңіл-күй мен бос уақытты жақсы өткізу мәселесін өзі реттей алады.
- Қораз тым даурықпа және Қоянға қыр көрсетеді. Егер ер адам Қоян жылы туған болса ғана жұп үйлесім табуы мүмкін.
- Ит пен Қоян мінсіз үйлеседі. Бұл жұптан бақыт сәулесі төгіліп тұрады, Ит барлық жағдайда да серігіне қолдау білдіреді, адалдық пен махаббатты ұзақ жылдар бойы сақтайды.
- Доңыз бен Қоянда ортақ көп дүние бар, сондықтан да олар бірін-бірі сөзсіз ұғынады. Олардың бірігуі өзара сыйластық пен қамқорлықтың нәтижесінде құрылады.
Шығыс жұлдызнамасы бойынша биязы Қоян көптеген белгімен жұп ретінде үйлеседі. Оған қоса Қоян болмысынан шипагер, сол себептен де жанындағы адамдарға физикалық және эмоционалдық тұрғыда жақсы әсер етеді.
Қоян жылында әлемге бақыт сыйлай алатын мейірімді, қайырымды және қамқор жандар көптеп дүниеге келеді. Олардың табиғатын таныған жан еріксіз жақсы көріп, құрметтегісі келіп тұрады. Олармен астрологиялық білімге сүйене отырып араласуды үйреніңіз. Сонда ғажап адамдарға жақын бола түсесіз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1999609-qoyan-zyly-belginin-minezdemesi-men-sipattamasy/