Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балықты электр тогы арқылы аулауға бола ма

Жарияланған күні:

қармақ
Қармақ. Көрнекі сурет: pixabay.com

Көптеген адам бүгінде балықты электр тогы арқылы аулайтыны жасырын емес. Осы орайда, дінде бұл туралы не айтылған? KAZ.NUR.KZ аталған сұраққа жауап іздеп көрді.

Muftyat.kz ұсынған мәліметке сәйкес, соңғы уақытта балықты токпен аулау белең алуда. Онда: "токтың вольтін күшейтсе, балық өліп судың бетіне шығады, ал ток күші аз болса ол балықты өлтірмесе де, есеңгіретіп тастайды" деп жазылған. Сондай-ақ балық жүзе алмағандықтан судың бетіне шығып, оны аулау жеңіл болады деп көрсетілген.

Сонымен бірге, басылым ұсынған тағы бір дерек, Алла Елшісі "Теңіздің суы таза және оның өлексесі адал", – деген екен. Ханафи мәзһабының ғұламалары Құран мен сүннетте аталған "су жәндіктерін" балық атауына жататын жәндіктер деп түсіндірген. Яғни, өздігінен өліп, судың бетіне қалқып шыққан балықтан басқа кез келген балық тектестің өлісін де, тірісін де жеуге болады дейді.

Жалпы балық аулаудың бірнеше түрі бар. Олардың кейбірі шариғатқа сай болса, кейбірі шариғатқа қайшы келеді. Сондықтан басылым балықшы шариғатқа сай жолымен балықты аулауы керек деп жазады. Яғни онда Алланың берген нығметіне күнәлі іспен жету дұрыс емес деп көрсетілген.

Сондай-ақ, Алла Тағала Құранда: "Алланың несібесінен ішіп, жеңдер де жер жүзінде бұзақылық қылып жүрмеңдер", - деп жазылған.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы балықты токпен аулаудың төмендегідей зияны бар дейді:

  • Балықты қинап, азаптап өлтіру. Ислам мейірім діні болғандықтан мұндай іс-әрекеттер шариғатымыздың талаптарына сай келмейді. Шариғатымызда жануарларды бауыздағанның өзінде оны көркем түрде орындау бұйырылған. Алланың Елшісі: "Алла Тағала барлық нәрсені жақсылап істеуді бұйырды. Сондықтан, малды сойсаңдар, дұрыстап сойыңдар, алдын ала пышақты қайраңдар, жануарды қинамаңдар" деген.
  • Өзен-көлдегі тіршілік атаулының бүгіні мен келешегіне қатер төндіріп, ондағы балықтың қорын азайтады. Токпен аулаудың салдарынан ірі, ұсақ балықтар, уылдырық, теңіз өсімдіктері, құрттар сияқты жәндіктердің бәрі өледі. Тіпті тірі қалған балықтар да уылдырық шашпайтын болып қалады. Бұл туралы хадисте былай деп жазылған: "Өзіңе де, өзгеге де зиян беру жоқ" делінген.

Сол себепті балықты токпен аулағанда абай болған абзал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1999723-balyqty-elektr-togy-arqyly-aulauga-bola-ma/