Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астрологтар 2023 жыл қаржылық тұрғыдан кімдерге қиын соғатынын болжады

Жарияланған күні:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Алдағы жыл қаржылық тұрғыдан кімдерге қиын соғуы мүмкін? Астрологтар жұлдызнама бойынша 2023 жылы ақшадан таршылық көретіндерге ескерту жасады, деп жазады Life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Мамандардың айтуынша, төрт жұлдызнама белгісін қаржылық қиындықтар күтіп тұр.

Атап айтар болсақ, таразыларға 2023 жыл ауыр соғуы мүмкін. Сондықтан, астрологтар осы белгідегі жандарға ақшасын үнемдеп жұмсау қажеттігін ескертеді. Жаңа жылдың алғашқы айларында ірі көлемде сауда жасап, қаражатты желге ұшырудың қажеті жоқ. Бұл белгідегілер ақшаны үнемдеп жұмсап, жеңіл жолмен пайда табуға ұмтылмағаны дұрыс.

Келесі жылы мерген белгісіндегі адамдар да ақшаның жоқтығынан зардап шегуі мүмкін. Әсіресе, қажетсіз заттарды сатып алудан аулақ болу қажет. Әйтпесе, маңдай термен тапқан ақшаны желге ұшыру әсте қиын емес. Бұл белгідегі жандар өзіне не қажет екенін нақтылап алуы тиіс.

Астрологтар арыстан белгісіндегі жандарға мансаптық жолын жақсылап реттеуді ұсынады. Қазіргі жұмыс орнындағы жалақы ештеңеге жетпей, кредит пен ипотека төлеусіз қалуы мүмкін. Жақындарыңыздан қарыз алудың да қажеті жоқ. Оны қайтару қиынға соғады. Бұл белгідегі адамдар ақшадан таршылық көрмеу үшін жұмыс орнын міндетті түрде өзгертуі керек деп есептейді астрологтар.

2023 жыл егіздер белгісіндегі адамдар үшін де қаржы жағынан ауыртпалыққа толы болады. Әсіресе, жыл басында ірі шығындар күтіп тұр. Бұл белгідегі адамдарға өз күші мен сәттілікке сену керек. Десе де, бұл мәселені толық шешпеуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2001031-astrologtar-2023-zyl-qarzylyq-turgydan-kimderge-qiyn-sogatynyn-bolzady/