Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Психоматрица немесе Пифагор квадраты: туған күн сандары арқылы нені білуге болады

Опубликовано:

Психоматрица немесе Пифагор квадраты: туған күн сандары арқылы не білуге болады
Күнтізбедегі күндер. Көрнекі сурет: pixabay.com

Нумерология сандар мен олардың байланысына ерекше мән береді. Психоматрица нені білдіреді, адам туралы, оның тағдыры жайлы қандай сырларды ашады? Адамды зерттеудің ескі әдісінің құпиялары жөнінде математик Андервуд Дадли және нумеролог Эми Дейли айтып берді.

Психоматрицаның пайда болуы мен мәні

Нумерология – екінің бірі терең бойлай бермейтін құпияға толы ілім. Алайда Пифагор квадраты туралы эзотерикаға және сандардың адам өміріне сиқырлы әсері болатынына аса қызықпайтын адамдар да біледі. Күмәншіл адамдардың қатарынан сандар сырын мойындайтындардың тобына өту үшін ұлы математиктің өзін-өзі тануда байланыс жасаған ескі әдісіне үңіліп көрейік.

Психоматрица дегеніміз не?

Психоматрица дегеніміз – тоғыз ұяшықтан тұратын, адамның туған күні мен оның мінезі, мүддесі, тағдыры мен болашағы арасындағы байланысты көрсететін қарапайым сандармен толтырылған кесте түріндегі нумерологиялық құрал. Бұл өзін-өзі тану және адамдардың тұлғалық болмысына диагностика жасауда нәтиже беретін әдіс деп есептеледі.

Психоматрицаны жасау және талдау арқылы нені білуге болады? Психоматрица ашатын негізгі құпия мыналар:

  • Адамның жалпы психологиялық портреті.
  • Тұлғаның өмірде сүйенетін мықты тұстары.
  • Адамның бейтараптандыруға болатын әлсіз тұстары.
  • Физикалық және күш-қуат потенциалы.
  • Талғам және артықшылықтар.

Классикалық психоматрица – тоғыз ұяшықтан, үш сызықтан және үш қатардан, екі диагональдан тұратын шаршы кесте. Оның әр секторында белгілі бір ақпарат бар, ал осының бәрін бірге қарастырғанда адамның жалпы картинасы шығады. Негізгі тоғыз ұяшықтан бөлек, онда қосымша сегіз ұяшық бар.

Психоматрица – жұлдызнама немесе тест емес. Онда арифметика, геометрия және философия сферасының білімі біріктірілген. Бұл – нумерологиялық, математикалық басты құрал.

Психоматрица немесе Пифагор квадраты: туған күн сандары арқылы не білуге болады
Сандар сыры. Көрнекі сурет: pixabay.com

Психоматрицаның пайда болу тарихы

Психоматрицаның пайда болу процесі мен мән-мазмұнын математик әрі "Нумерология или что сотворил Пифагор" кітабының авторы Андервуд Дадли тереңірек жазды. Пифагор Самосскийдің өмірі мен жұмысы, соның ішінде бүгінгі күнге дейін жеткен нумерологиялық құрал ретіндегі шаршының жасалуы туралы аңыздар аз емес.

"Нумерология. Большая книга чисел определяющих судьбу" кітабының авторы, психоматрицаны егжей-тегжейлі зерттеген Сергей Матвеев Пифагор сандары мен Інжіл арасында байланыс бар екенін жазады.

Пифагор сандарды және олардың жиынтығын ғарышқа ерекше тербелістері мен әсері бар үлкен және қызықты әлем ретінде қабылдады. Бұл тәсілді ол ежелгі мысырлық өркениеттен алған білімінен сіңірді. Сандар туралы өзінің көзқарасын мысырлық ғалымдардың білімімен біріктірген математик психоматрица немесе Пифагор квадраты деп аталатын кестені жасап шығарды.

Психоматрица немесе Пифагор квадраты: туған күн сандары арқылы не білуге болады
Пифагор квадратын толтыру үшін мәліметтерді есептеу кестесі. Көрнекі сурет: YouTube/Психо Логика

Психоматрица сызығының құрастырылуы мен мағынасы

Пифагор квадратының негізгі міндеті - сандардың көмегімен адамның жеке басын тереңірек талдау. Оны жүргізу үшін белгілі бір алгоритмді және адамның туған күнін пайдалану жеткілікті.

Пифагор квадратын өз бетінше есептеу үшін төрт қосымша санды, туған күндегі нөлді қоспай және тоғыз ұяшықтың әрқайсысының мазмұнын дәйекті түрде есептеу керек. Пифагор квадратын қалай есептеу керек? Есеп алгоритмі мынадай боп көрінеді:

  1. Туған күніңіздің барлық санын кезегімен нөлді қоспай жазып шығыңыз.
  2. Бірінші қосымша нөмірді алу үшін туған күннен бастап барлық санды қосыңыз.
  3. Бірінші қосымша санның цифрларын қосыңыз, оларды жай санға келтіріңіз. Бұл екінші қосымша сан болады.
  4. Үшінші қосымша сан – бұл бірінші қосымша сан, туған күннің бірінші санын шегеріп, екіге көбейтіледі.
  5. Төртінші қосымша сан – үшінші қосымша санның цифрларының қосындысы.

Туған күнді және төрт қосымша санды бір қатарға жазамыз. Кесте құрып, оған 1-9 аралығындағы барлық санды тіземіз, оларды санап, 1-ден 9-ға дейінгі ұяшықтарды толтыру керек. Психоматрица есебін онлайн-сервисінен жасауға болады.

Психоматрица немесе Пифагор квадраты: туған күн сандары арқылы не білуге болады
Онлайн режиміндегі жұмыс. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ұяшықтар жоғарыдан төменге және солдан оң жаққа қарай нөмірленеді. Әрбір ұяшықтың белгілі бір мінез сапасын ашуға мүмкіндік беретін өзіндік мәні бар. Пифагор квардратына қандай мағыналар кіреді? Классикалық Пифагор квадраты ұяшық санына байланысты келесі белгілерді қамтиды:

  1. Мінез, ерік-жігер.
  2. Энергетика, харизма.
  3. Таным, шығармашылық.
  4. Сұлулық, денсаулық.
  5. Логика, интуиция.
  6. Еңбекқорлық, шеберлік.
  7. Сәттілік, жолы болу.
  8. Борыштылық сезімі, мейірімділік.
  9. Ақыл, ес.

Психоматрицада мына дүниелер де ескеріледі:

  • тармақ бойынша (мақсатқа талпыну, отбасы, тұрақтылық);
  • бағана бойынша (өзін-өзі бағалау, жұмысқа қабілеттілік, талант);
  • диагональ бойынша (руханият – құлағыш, темперамент - көтерілуші).

Нумеролог Эми Дейлдің пікірінше, 1-9 аралағындағы сандардың мағынасын былай түсіндіру керек:

  • 1 – өзімшіл, 11 – масайраған адам.
  • 2 – спорт күш-қуатты сақтауға көмектеседі, 22 – қалыпты.
  • 3 – көңіл-күйі болған кезде оқиды, 33 – ғалым.
  • 4 – денсаулығы орташа, 44 – мықты иммунитет.
  • 5 – интуициясы жетілген, 55 – өте жақсы интуиция.
  • 6 – қол еңбегін ұнатпайды, 66 – бір нәрсе жасап шығаруға бейім.
  • 7 – босаңсыған өмір, 77 – шыңдалған талант.
  • 8 – қолдау көрсетеді, 88 – әрдайым құтқаруға дайын.
  • 9 – миға жаттығу керек, 99 – жақсы ақыл-ой қабілеті.

Егер мінез сапасының мағынасы бір емес, 2-3 санды құраған кезде ғана жеткілікті түрде дамыған болып есептеледі. Одан артық болуы (3-4) немесе жетіспеуі үндестікті бұзады. Егер ұяшықтар бос болса, сапаның жоқтығын немесе өте әлсіз екенін білдіреді.

Психоматрица немесе Пифагор квадраты: туған күн сандары арқылы не білуге болады
Көкке секірген қыздар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Пифагор квадратының көмегімен өзіңіздің күшті және әлсіз тұсыңызды біле аласыз, сонымен қатар басқа адамның да болмысына талдау жасай аласыз. Күшті және әлсіз жақтарыңызды білу қателікті аз жасауға, өмірлік ұмтылыстарда жиірек жеңіске жетуге көмектеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2001903-psixomatrica-nemese-pifagor-kvadraty-tugan-kun-sandary-arqyly-neni-biluge-bolady/

pixel