Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"2023 жылы кімдердің ақшасы көп болады": Отандық нумеролог ерекше болжамдарын бөлісті

Опубликовано:

Жаңа 2023 жыл
Көрнекі сурет: pixabay.com

Танымал нумеролог Құралай Бақыт босағадан енгелі тұрған 2023 жылға болжам жасап, алдағы жылдың кімдерге табысты әрі сәтті болатынын айтты. Бұл туралы "Хабар" арнасындағы "Оян" таңғы бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Нумерология бойынша келесі жылдың басты саны - 7. 2023 сандарын өзара қосқанда жеті шығады. Ал жеті саны негізінен тұрақсыз саналады. Сондықтан халық дайын болуы керек деп ойлаймын. Тұрақсыздық, хаос көп болады. Бірақ осы күйзеліс, хаостың өзі жаңа леп әкеледі дейді. Яғни, күйзелістен соң адамдар жаңа деңгейге өтіп жатады. Келесі жыл адамдардың психологиясын түсінетін, өзара қарым-қатынасты реттейтін кезең қатарына енеді. Сондай-ақ алдағы жыл дамудың, инновацияның жылы болады. Өте көп жаңалықтар күтілуде", - деді нумеролог.

Белгілі маман жаңа жыл кімдер үшін сәтті өтетінін де болжады.

"Алдағы жылдың стихиясы - су элементі. Қара қоян жылы кіреді, сондықтан, қара және көк түстер сәнде болмақ. Жаңа жылды осындай түсті киімдермен қарсы алған дұрыс. Жаңа жыл кімдерге сәтті болады? Кімдердің туған жылы үш санына аяқталса, солар үшін келер жылдың жаңалығы көп. Өзін көрсететін, мүмкіндіктер келетін, көп есіктер ашылатын жыл. Мысал ретінде 1983, 1993, 2003 жылғыларды келтіре аламын.

Кімнің жылы 4 немесе 5 сандарына аяқталса, солар үшін ресурсқа, білімге толы жыл болады. Өзін дамыту үшін таптырмас мүмкіндік. Өйткені 2024, 2025 жылдар олар үшін сәтті өтетіндіктен, бұл дайындық кезеңі ретінде есептеледі. Ақшасы да көп болады.

Ал туған жылы 8, 9 санымен аяқталатындар үшін 2023 жыл ақша жағынан өте табысты болады деп болжануда. Бизнес бастау үшін ыңғайлы жыл. Мысалы, 1978, 1989 жылғылар...Айналамдағылар үшін де сәтті өтуде. Қорықпау керек", - деді Құралай Бақыт.

Айта кетелік, бұған дейін тағы бір нумеролог Әдемі Мәуленова да алдағы жылға қатысты өз болжамын бөліскен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2002307-2023-zyly-kimderdin-aqsasy-kop-bolady-otandyq-numerolog-erekse-bolzamdaryn-bolisti/

pixel