Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл - энергиясы күшті күн": Күннің қысқы тоқырауы туралы не білеміз

Опубликовано:

аспан денелері
Түнгі аспан. Көрнекі фото: pexels.com

Бейсенбі, 22 желтоқсан жылдың ең қысқа күні және ең ұзақ түні. Осы орайда, астролог Анна Гарнич бұл күнді қалай өткізу керектігі жөнінде кеңес берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Астролог Анна Гарничтің сөзінше, 22 желтоқсанда болатын Күннің қысқы тоқырауы адамдар үшін ерекше күн.

"Бұл - энергиясы күшті күн, бұл күнге жылдың ең ұзақ түні мен ең қысқа күні сәйкес келеді. Бұл уақыт астрономиялық қыстың басы болып саналады. Одан кейін күн бірте-бірте ұзарып, түн қысқарады", - дейді астролог Instagram желісіндегі жазбасында.

Сондай-ақ астролог бұл күнді қалай өткізу керектігін де айтып өткен.

"Бұл күн Күн энергиясының қайта жандану және қайта түлеу сәті. Ескі өкпе - реніш, мәселелерді ұмытып, болашаққа жоспар құруға тамаша уақыт. Бұл күні сіз өз өміріңізге өзгеріс енгізе аласыз", - дейді маман.

22 желтоқсанда болатын Күннің қысқы тоқырауы туралы белгілі қазақстандық тарихшы, мәдениеттанушы Серік Ерғали да elana.kz басылымына жазған мақаласында айтып өткен.

Оның сөзінше, бұл күнді көптеген халық бір апта бойы тойлайды.

"Астрономия ғылымы жоққа шығара алмайтын Күн мен Түннің текетіресі бар. Ол жылдың төрт мезгіліне сай, екі рет теңеседі. Яғни, екі рет не күн не түн тоқырайды. Бұл жағдай жай ғана механикалық нәрсе емес, жердегі тіршілікке тікелей био-тео қуатымен әсер ететін құбылыс.

Күннің қысқы тоқырауы сәйкес келетін 22 желтоқсаннан басталатын бір апта көптеген халықта тойланады, атап өтіледі. Ал қазақ мұны "соғым" деп аталатын құрбандықпен атап кетті. Бертін келе тәңіршілдікке қарсы идеология оны бірте-бірте тықсырды", - дейді ғалым.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2002420-bul-energiyasy-kusti-kun-kunnin-qysqy-toqyrauy-turaly-ne-bilemiz/

pixel