Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таро картасының сыры: картадағы суреттер нені білдіреді

Жарияланған күні:

Таро картасының сыры: ол нені білдіреді
Түрлі-түсті карталар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Классикалық Таро колодасы бөлек таңбадан, өзіндік тарих пен құпиядан тұратын 78 картадан құралады. Карталар не туралы хабардар етуі мүмкін және ондағы суреттер мен арканның мағынасы қандай? Колодадағы әрбір бал ашатын картаның құпиясы туралы Елена Саратовцева, Таисия Недзвецкая және Хайо Банцхаф айтып берді.

Таро картасының түстері

Таро - өмірлік сценарийлер мен архетиптерді суреттейтін біртұтас карта жүйесі. Таро карталарын қылыш, таяқ, текше және бесбұрыш суреттері арқылы ажыратуға болады. Оларды темперамент түрлері (сангвиник, холерик, меланхолик және флегматик) және Ауа, От, Жер мен Су күшімен байланыстырады.

Таро аркандарының (латын тілінен аударғанда "құпия") тілі бұл – метафоралар мен архетиптердің тілі. Тароны өз бетінше үйрететін автор Елена Саратовцева әрбір картада қандай да бір оқиғаны, күш-қуатты немесе кейіпкерді бейнелейтін сюжет — мифологема бейнеленген деп есептейді. Сюжеттің егжей-тегжейлі ашылуына әр түрлі суреттер көмектеседі. Әрбір суреттің мағынасы нені білдіреді және онда қандай энергия бар?

Таро картасының сыры: ол нені білдіреді
Таро картасы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қылыштар

Таро картасындағы қылыш суретінің мағынасы қандай? Ол рухты, ақылды және ойлау процесін көрсетеді. Қылыш картасы Ауа күшімен және менталды қызметпен байланысты, ол рационалдық табиғаты бар адамдар мен процестерді сипаттайды.

Қылыш – зияткерлік пен жаңа бастамалардың, ақиқатты іздеу мен сұрақтарға жауап алудың белгісі. Қылыш картасы түскен адамдар әдетте реалист болып келеді. Олар әр қадамы мен сөзін таразылайды, сезіммен емес, ақылмен өмір сүреді.

Таяқтар (асатаяқ, скипетр)

Кез келген адамның мақсатқа ұмтылуға күші мен ерік-жігері жетеді. Таро карталарындағы таяқша суретінің маңызы қандай? Бұл белсенділікті, күш-қуат пен шығармашылықты, алға ұмтылуды, мұраттар мен шешімдерді қолдауды білдіреді. Таяқ картасы күресуге дайын, өзгелер үшін жауапкершілік алудан қорықпайтын адамдарды бейнелейді, олар өмірде табиғи көшбасшылар болып саналады.

Тостағандар (тегене)

Таро картасындағы ыдыстардың суреті нені білдіреді? Ол сезім және эмоциялар әлемін бейнелейді. Тостаған картасы түскен адамдар өте сезімтал және зерек келеді, көбінесе адамдармен жақын болуға және бірігуге ұмтылады. Бұл түстің ашатын оқиғалары эмоцияға толы әрі отбасы, достық, махаббат пен романтикалық қарым-қатынастарға қатысты боп келеді.

Бесбұрыш (тиындар, дискілер, динарий)

Таро картасындағы бесбұрыш нені білдіреді? Ол жердегі материалдық ресурсты бейнелейді. Бұл бейнедегі адамдар қарапайым, епті, ресурс жинау үшін алға мақсат қойған, жайлылықты жақсы көреді және өзіндік тәжірибесін бағалайды.

Суреттерді танып-білу арқылы аркандардың мәнін түсіндіруге болады. "Значение карт Таро: о чем они могут рассказать" кітабының авторы Таисия Недзведскаяның айтуынша, әр түрлі колодаларда қосымша үлкен аркандар (Вирус, Феникс) да өзіндік мәнге ие, аркандарға мән берілген жағдайда суреттердің атауы өзгереді. Колодаларда түгелдей белгісіздікті білдіретін бос (ақ) карталар да болады. Тароны енді үйреніп бастағандарға қосымша суреттері мен карталары жоқ классикалық колодаларды қолданған дұрыс.

Таро картасының сыры: ол нені білдіреді
Картадағы бесбұрыш. Көрнекі сурет: pixabay.com

Үлкен аркан

Таро картасындағы үлкен аркандар нені білдіреді? Классикалық колодаларда негізгі сызықты анықтап беретін, оның мағынасын сипаттайтын 22 үлкен аркан болады. Үлкен аркандар қойылған мақсатқа жетуді, толық циклдың жабылуын білдіретін бастапқы нүктеден (Сайқымазақ арканы) соңына дейін (Әлем арканы) тұлғаның жолын ашады. Барлық жол негізгі үш кезеңге бөлінген:

  1. 1–7 аркан — тұлғаның өсуі, жетілуі және қалыптасуы.
  2. 8–14 аркан — мансап және өзін-өзі дамыту.
  3. 15–21 аркан — рухани өсу, барлық саналы тұлға ұмтылатын адам дамуының ең жоғарғы сатысы.

Оларды ретімен қарастырайық:

  • Сайқымазақ — бұл нөлдік аркан, бастаманың басы. Ол баланың архетипін бейнелейді.
  • Сиқыршы — адамдардың сезімдері мен жағдайларын басқара алатын әккі манипулятор.
  • Абыз — әйелге тән табиғаттың, интуицияның, даналықтың, жұмсақтықтың көрінісі.
  • Патшайым — ана архетипінің көрінісі. Өмірлік өсудің, дамудың және жемістіліктің белгісі. Бұл карта жұмыс және қарым-қатынас үшін ашылса, жақсы болжамдар болмақ.
  • Патша — әкенің, ер адам энергиясының архетипі, тәртіп пен сенімділікке және құрылымға жауапты. Картаны қарым-қатынас жағдайын білу мақсатында ашу кезінде оның тазалығын, адалдығын көрсетеді, ал жұмысқа қатысты болса, сәттілікті білдіреді.
  • Иерофант — әулие архетипі. Сенім мен оптимизм, мән іздеу. Қарым-қатынас жағдайында ашылған карта болса, бұл лайым үйлену тойының хабаршысы, ал жұмыс үшін болса, нақты тапсырмалардың болатынын білдіреді.
  • Ғашықтар — ақылмен емес, жүрекпен таңдау. Қарым-қатынаста бұл — үлкен махаббат және жұмыстағы сүйікті іс.
  • Күйме арба — әрқашан шығатын жол, серпіліс, жаңа бастама, жағдайды жақсарту және жеңу.
  • Күш — бұл құмарлық пен парасаттың, драманың, құмарлық қарқынының күресі. Жұмысқа арнап ашылған карта сәттіліктің болатынына уәде береді.
  • Дәруіш — бұл даналық, парасаттылық, адалдық пен байсалдылық.
  • Бақ дөңгелегі тағдырды бейнелейді. Қарым-қатынастағы және жұмыстағы мәселелерді шешу үшін оңтайлы сәтте болжам жасалған карта екені сөзсіз.
  • Әділдік – жеке жауапкершілікке негізделіп қаралған шешімнің белгісі.
  • Асылған карта тоқырауды, тыныштықты, өзгеріс қажет екенін білдіреді.
  • Өлім – бұл физикалық жағынан өлу емес, ол тұлғаның, келбеттің, тағдырдың өзгеруі, өткенмен қоштасу және азаттық.
  • Ұстамдылық денсаулықты, амандық пен тепе-теңдікті, үйлесімділік және жайлылық кезеңін білдіреді.
  • Ібіліс картасы - зұлымдық, азғыру және күнәнің архетипі. Адамдармен, қоғаммен қарым-қатынаста кез келген қиянатқа нұсқайды.
  • Мұнара – күйреу, азаттық, қирау, соғыс.
  • Жұлдыз – арман мен үміттің символы. Ол тамаша болашақты бейнелейді, бірақ алыстағы келешекті білдіреді.
  • Ай – күрделі арқан, қараңғылықтың, түннің, түсінбеушіліктің белгісі.
  • Күн күндізгі жарықтың архетипін, өмірдің жарқын жолға өтуін бейнелейді. Жұмыста және қарым-қатынаста бұл – сәттіліктің, қуаныш пен бақыттың жаршысы.
  • Сот – ыждағат үшін берілетін әділ сыйақы, қайғы-қасіреттің аяқталуын және негативтен құтылуды білдіреді.
  • Әлем – өмірде өз орныңды табу. Циклды аяқтау, мақсатқа жету.
Таро картасының сыры: ол нені білдіреді
Таро болжамдары. Көрнекі сурет: pixabay.com

Тароның кіші аркандары

Тароның кіші аркандары нені білдіреді? Тароның кіші аркандары – бұл бірден онға дейінгі және 16 сарай карталарынан тұратын түрі. Барлығы 56 позиция.

Сарай карталары бұл адамның мінез-құлқына және қылықтарына бағытталған 16 негізгі психотип. Оның көмегі арқылы үлкен Таро сипаттағандай өмірлік сценарийлерді ашып, терең бойлауға болады. Таро Рэйдер Уэйт кітабының авторы Хайо Банцхаф олар қазіргі заманғы ойын карталарына ұқсайды деп есептейді.

Цифрлық карталар

Таро колодасындағы цифрлық карталардың мағынасы қандай? Олар тұрмыстық өмір, қарым-қатынас немесе жұмыс, үй шаруашылығындағы жағдайды ашуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бал аштырушының өткен өмірін, қазіргі және болашақтағы әрекеттері мен сезімдерін көрсетеді. Мұны түсіндіру карта түсімен байланысты, бірақ жалпы сипаттамасының мағынасы мынадай болады:

  • Тұз – бұл адамның энергиясы, шешімі мен іс-әрекеті.
  • Екілік – күмән мен уайым картасы, таңдау алдындағы үзіліс, ұзаққа созылмайтын теңгерім.
  • Үштік – шешім қабылданғаннан кейін көздеген мақсатқа қарай қадам басылады. Анықтық картасы.
  • Төрттік – тұрақтылықтың, үзілістің, демалыстың белгісі.
  • Бестік – шектеу, таңдау, жағдайларға байланысты күресу дегенді білдіреді.
  • Алтылық – бұл кездейсоқ кездесудің жағымды сыйлыққа айналу мүмкіндігі, жұмыс лайықты марапатпен құрметтеледі және кез келген әрекет сәттілікпен аяқталады.
  • Жетілік – бұл күмән, әсер, армандар және қалаған нәрсені алуға тырысу картасы.
  • Сегіздік – ауытқулар, шектеулер мен кедергілер картасы.
  • Тоғыз жасалған қадамдардан нәтиже күтуді білдіреді.
  • Ондық финалды, нәтижеге жетуді, белгілі бір кезеңнің аяқталуын көрсетеді.

Картаның дәлірек мағыналары мен реңктері суреттердің кесілген жерінен және басқа карталармен үйлесіміне қарай қаралады.

Таро картасындағы сарай карталарының мағынасы қандай?

Олардың басты міндеті – адамның психотипін, оның болмысының, мінезінің, мінез-құлқының, эмоциясының мәнін ашу. Сарай картасының құнына байланысты адамның физиологиялық немесе психикалық жасын, темпераментін анықтауға болады. Цифрлық карталар және үлкен аркандар ортасындағы сарай карталары сұраушы адамға жеке және барынша мол ақпарат беруге мүмкіндік береді.

  • Паж – бала немесе жас жігіт (қыз). Өмір жолын енді бастаған оқушы. Сондай-ақ карта адамның әлемге қатысты эмоциясы мен іс-әрекетін көрсетеді.
  • Сері – даму, қалыптасу, жүзеге асыру сатысында тұрған жас жігіт (жас әйел).
  • Патшайым – әйел, жұбай, ана, қалыптасқан тұлға. Ол өзінің есендігін ғана емес, жақын жандарын да ойлайтын адам.
  • Патша – жауапкершілігі бар ересек адам, жар, әке.
Таро картасының сыры: ол нені білдіреді
Карталар құпиясы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Сарай карталарында сипатталған адамның темпераменті, ойлау тәсілі және іс-әрекеті түстер мен үлкен арканды ескере отырып, тереңірек ашылуы керек.

Таро карталары – өзін-өзі тану мен болжам жасаудағы мықты құрал. Колодадағы әрбір карта бал аштырушының өміріндегі бір сюжетті ашады, оны жақсылап түсінуге, қорытынды шығарып, болжам жасауға көмектеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2002706-taro-kartasynyn-syry-kartadagy-suretter-neni-bildiredi/