Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2023 жылға арналған Таро жұздызнамасы

Опубликовано:

2023 жылға арналған Таро жұлдызнамасы
Карта колодасы және балауыз шам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Келе жатқан жыл Қара Су Қояны күшінің арқасында салыстырмалы түрде тыныш әрі жайлы болмақ. Ал зодиак белгілері өкілдерін қандай тағдыр күтіп тұр? Тарологтар Анжела Перл, Ольга Стелла және Виктория Штелльхорн Таро карталары бойынша 2023 жылға арналған болжам жасады.

2023 жылдың Тоқтыларға арналған Таро жұлдыз-жорамалы

Тоқты үшін 2023 жылға арналған таро жұлдыз-жорамалы қандай? Жыл қарбалас болады, бірақ позитивті нотада аяқталады. Бірінші тоқсанда Тоқтыларға толассыз мүмкіндік беріледі, шаршау мен қобалжуды сезінуіңіз мүмін. Бірақ туған күніңізден бастап маусым айына дейін күш-қуатыңыз тасиды. Өміріңізде нақтылық пайда болады. Жазда және қыркүйек айында Тоқты махаббат пен қамқорлыққа бөленеді. Жыл тұрмыстың, өсудің және дамудың жаңа мәніне ие болумен аяқталады. Бұл туралы картадағы Тоғыз қылыш, Сегіз таяқ, Алты кесе және Күйме көрсетуде.

Торпақ үшін 2023 жылға арналған Таро жұлдызнамасы қандай болмақ?

Жылдың басы шеберлік пен талантты ашудан басталады. Алдын-ала жоспарланған жағдайлар Торпақтың еркіне бағынады. Сәуірден маусымға дейін олар өздерінің жеке басын мінсіз толықтыратын, байланыс орнататын адамдарды кезіктіреді. Жазда және қыркүйекте жаңа есіктердің ашылуын, толағай табысты, өз маңыздылығыңызды арттыратын бақытты сәттерді, мүмкіндіктерді күтіңіз. Жыл жаңа мақсаттарға ұмтылу серпілісімен аяқталады. Жылдың мұндай тенденцияларын Таро картасындағы Сиқыршы, Арба, Бесбұрыш Тұзы және Рыцарь таяғы ашуда.

2023 жылдың Егіздерге арналған Таро жұлдыз-жорамалы

2023 жылы Таро жұлдыз-жорамалы бойынша Егіздерді не күтіп тұр? Жыл басы мерекемен басталады. Ақпанда отбасы мүшелерімен бірге туындаған сұрақтардың шешімін табыңыз. Наурызда тыныш өтеді, бірақ сәуірде тұралап қалған міндеттерді орындауға тура келеді. Маусымда өмір жаңа күшпен қайнап жатуы үшін мамыр айында бұрынғы жоспарлар бұзылады.

Егіздер туған күнінде қиындықтардан құтылады, осылайша шілдеде тағдырын өз қолына алады. Тамыз айы уақытша демалысымен есте қалады. Қыркүйекті шағын қадамдар жасаумен бастаңыз. Қазан айында жаңа кәсіп немесе махаббатқа толы қарым-қатынасты бастап көруге болады. Қараша арманыңыздағы дүниелерді сыйлайды. Жылдың соңы белсенді қалыпта қорытындыланады. Мұндай болжамды таролог Анжела Перл жасады, ал картадағы маңызды аркандар Мұнара, Иерофант, Жұлдыз және Күйме болмақ.

Шаяндар үшін 2023 жылға арналған Таро жұлдызнамасы қандай?

Шаяндар жылды қайта құрылым жасауға деген ішкі қалауына байланысты өзгерістермен бастайды. Сәуір-маусым айларында көптеген ой, уайым мен қорытынды болады. Шілде-қыркүйек аралығында жаңа мақсат туындайды, бұл аралық бақытқа, махаббат пен сәттілікке сенім, сондай-ақ перспективалар мен мүмкіндіктерді нақты түсіну кезеңі болмақ. Жыл ішінде өмірдің барлық түйткілдері ретке келіп, жан тыныштығы пайда болады. Шаяндардың көбі отбасына уақыт бөледі, маңызды қарым-қатынас пен некеге тұратын адамын кездестіреді. Мұнлдай болжам Қылыш бестігі, Қылыш ондығы, Жұлдыз және Бесбұрыш патшасы арқылы жасалып отыр.

2023 жылдың Арыстанға арналған Таро жұлдыз-жорамалы

Арыстан үшін 2023 жылға арналған Таро жұлдызнамасы қандай? Жыл жоғары өнімділікпен және керемет жүктемемен басталады, бірақ Арыстандар бәрін орындап шығады. Сәуірден маусымға дейін оларды оқиғалар, саяхаттар, жаңалықтар мен танысулардың калейдоскопы күтеді. Жаз айлары мен қыркүйек қарым-қатынаста, жұмыста, шығармашылықта бақытты, берекелі уақытты, сонымен қатар денсаулықты нығайту және жүктіліктің жоғары ықтималдығын уәде етеді. Жылдың соңы ғаламдық табысқа әкелетін колодадағы ең жақсы картамен аяқталады. Мұның бәрі Таро картасының Таяқ ондығы, Сәттілік дөңгелегі, Патшайым және Бесбұрыш Тұзымен бейнеленген.

2023 жылға арналған Таро жұлдызнамасы
Кәсіпкер ер адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

2023 жылға Бикешке арналған Таро жұлдыз-жорамалы қандай?

Қаңтар көшу және махаббатқа толы қарым-қатынастан басталады. Ақпан айында қаржылай олжа күтіңіз. Наурыз жаңа деңгейге өтуге сеп болады. Сәуір армандарыңыздың орындалуы үшін ақша жинауға мүмкіндік береді. Мамыр айында сәттілік, рахат сезімі және махаббат орнайды. Маусым айында көптеген іскерлік және физикалық белсенділік, жағымды сауда жүзеге асады.

Тамыз айында жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады. Қыркүйек оқу мен еңбекке арналады. Қараша айында Бикештер көкейдегі арманын орындайды. Желтоқсан қарбалас жұмысқа толы, бірақ олар барлығын жасап үлгереді. Мұндай оқиғаларды болжаған таролог Ольга Стелланың айтуынша, Бикеш үшін ең маңызды аркан Әлем, Ғашықтар, Арба, Жұлдыз және Сиқыршы болады.

2023 жылға Таразыларға арналған Таро жұлдыз-жорамалы

Таразы үшін 2023 жылға арналған Таро жұлдызнамасы қандай? Алғашқы үш ай жайлылық аймағы мен эмоционалдық тепе-теңдікті табуға арналған. Арандатушылыққа жауап бермеуді үйреніңіз және өзіңізге ұнайтын нәрсені ұғыныңыз. Сәуірден маусымға дейін айқын мақсаттар, тез орындалатын жоспарлар пайда болады. Жаздың соңында және күзде сіз басқа адамдарды оқытып, тәжірибеңізбен бөлісесіз. Жыл тыныш, толыққанды рухани үйлесімділік және физикалық жайлылықпен аяқталады. Мұндай болжам жасауға Тостаған төрттігі, Қылыш тұзы, Бесбұрыш алтылығы және Ұстамдылық картасының түсуі себеп болып отыр.

2023 жылға Сарышаянға арналған Таро жұлдыз-жорамалы қандай?

Жылдың алғашқы айлары өзіңізден және өмірден ләззат алу, маңыздылығыңызды және лайықты табысыңызды түсінуден басталады. Көктем мен жаздың басы мақсат қоюға арналады. Сарышаяндар денеге күтім жасайды, мансап пен қарым-қатынасты жақсартады. Жаздың соңы мен қыркүйек - тепе-теңдік уақыты. Сарышаян өзін, бақытын және өмірдегі орнын табады. Жыл қорытындысы ішкі және өмірдегі өзгерістермен, жаңа жол табумен аяқталады. Мұны Тостаған тоғыздығы, Жұлдыз, Пір әйел және Өлім карталары байқатады.

2023 жылға арналған Таро жұлдызнамасы
Ағаштар арасындағы серуен. Көрнекі сурет: pixabay.com

2023 жылға Мергендерге арналған Таро жұлдыз-жорамалы

Мергендер үшін 2023 жылға арналған Таро жұлдызнамасы қандай? Ол отбасында жайлылық пен келісімді табудан басталады. Сәуірден маусымға дейінгі аралықта Мергеннің өміріне бұрын-соңды жетіспеген кірпіш қаланады – сүйікті адам, іс, хобби, мақсат және өмірді мінсіз ете түсетін құрал. Шілде-қыркүйек айларында өз-өзіңізді дамытумен және нәтижені жақсартумен айналысыңыз. Жыл тыныштықпен, баяу, демалыспен және қорытынды жасаумен аяқталады. Мұны Тостаған ондығы, Тостаған екілігі және Бесбұрыш жетілігі мен Қылыш төрттігі көрсетуде.

2023 жылға Тауешкіге арналған Таро жұлдыз-жорамалы қандай?

Сұраныстың жаһандық сипатына байланысты Тауешкі жыл бойына қайта құрылым жасау мен өз күшін сынауға мәжбүр болады. Бірінші тоқсанда стереотиптердің бұзылуы тұспалданады. Сәуірден маусымға дейін Тауешкілер күш-жігерін аямай, қалай да жеңіске жетеді. Өмірінен артық адамдар кетеді. Шілде-қыркүйек айларында ескі дүниелер жойылады. Қуаныш әкелмеген нәрсе өткен күндердің еншісінде қалады. Жылдың соңғы үш айы мол бақыт пен рахат сезімін сыйлайды. Бұл болжамды жасауға Тостаған бестігі, Қылыш бестігі, Мұнара және Тостаған үштігі картасының түсуі негіз болып отыр.

2023 жылға арналған Таро жұлдызнамасы
Дәріске қатысқан қыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

2023 жылға Суқұйғышқа арналған Таро жұлдыз-жорамалы

Таро картасы бойынша 2023 жылы Суқұйғышты не күтіп тұр? Рыцарь таяғы, Тостаған төрттігі, Иерофант және Бесбұрыш үштігін қамтитын карталарға қарағанда алдағы жыл жұмыс істеуге, өзін-өзі дамытуға және әлеуметтік байланыстарды нығайтуға арналады. Бірінші тоқсан бизнес пен жұмыс бойынша физикалық тұрғыда белсенді өтеді.

Сәуірден маусымға дейін тыныштық сақтап, сәл аялдап, өмірдегі өз орныңызды түсінуіңіз керек. Жаздың қалған бөлігінде және қыркүйекте мақсатыңызға анық қадам жасаңыз, рухани дамып, өзіңізге сеніңіз.

Жылдың соңы белсенді қоғамдық жұмыстарға, адамдармен танысуға және жаңа қызметте немесе жұмыста дамуға ұласады.

2023 жылға Балықтарға арналған Таро жұлдыз-жорамалы қандай?

Жылдың бірінші тоқсаны Тұз қылышы белгісімен өтеді. Бұл - интеллектуалдық жұмыс, біліктілікті арттыру және мақсатқа жету картасы. Екінші тоқсанда Патшайым картасы байлықтың өсуіне әкеледі. The Tarot Guidе басылымы оны әйелдік пен аналық картасы ретінде сипаттайды, сондықтан жүктілік болуы мүмкін.

Шілдеден қыркүйекке дейін қаражаттың жиналуы, барлық қаржылық мәселенің сәтті шешім табуы жүзеге асады, сонымен қатар күш-қуат қалпына келіп, жаңа энергия жиналады. Қазаннан желтоқсанға дейін Балықтар қолайлы өзгерістер кезеңіне енеді. Мұндай болжамды таролог Виктория Стелхорн Қылыштардың тұзы, Патшайым, Бесбұрыш төрттігі және Қылыш алтылығы карталарына сүйене отырып ұсынды.

Барлық зодиак белгісі үшін жаңа 2023 жыл өмірдің белсенді және маңызды кезеңі болады. Табысқа жету және мүмкіндіктерді жіберіп алмау үшін Taро нұсқауларын орындаңыз, өзіңізге сеніңіз және жарты жолда тоқтап қалмауды үйреніңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2003064-2023-zylga-arnalgan-taro-zuzdyznamasy/

pixel