Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгінгі жұлдыз жорамал: 27 желтоқсан күні сізді не күтіп тұр

Опубликовано:

жұлдызнама
Жұлдызнама. Фото: pixabay.com

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр?

Бүгін суретке түсу үшін тамаша күн: сіз сәтті ракурстарды оңай тауып, өзіңізге ұнайтын фотосуреттер жасай аласыз.

Сән қумаңыз, өз стиліңізді сезініңіз, бұл сізге керемет көрінуге және бір айдан кейін-ақ сәннен шығып қалатын трендтік заттарды сатып алмай, ақшаңызды үнемдеуге мүмкіндік береді.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр?

Ұсыныс жасап, жан сырын ақтаратындар үшін қолайлы күн. Дайын болыңыз.

Достармен әңгіме барысында өткір әлеуметтік мәселелерге қатысты өз пікіріңізді білдіру кезінде ұстамды болуға тырысыңыз. Ортақ пікірге келмей, жанжалдасуыңыз мүмкін.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр?

Сізге шынайы көңіл бөлетін адамдармен көбірек сөйлесіңіз, байланыс орнатып, қарым-қатынасыңызды нығайтыңыз.

Тері күтіміне арналған өнімдерді сатып алудан қорықпаңыз. Өнім туралы пікірлермен танысып, сұлулық пен теріңіздің денсаулығына тиімді инвестиция жасаңыз.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр?

Үйіңізді толық тазалайтын уақыт келді. Жағымды иісі бар өнімді пайдаланыңыз, осылайша таза әрі жұпар иіске толы бөлмелер сізге бұрын-соңды болмаған сергектік пен қанағаттану сезімін сылайды.

Егер сіз жұмыс істеп жүрген компания көптен бері көңіліңізден шықпай жүрсе - бүгін бос жұмыс орнын іздеуге тамаша күн, жаңа жұмыс табу ықтималдығы жоғары.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр?

Өзіңізді шамадан тыс жұмысқа жекпеңіз: өміріңіздің құнды уақытын жоғалтуыңыз мүмкін, ол ешқандай ақшамен өтелмейді.

Бүгін балалар үшін күрделі күн. Ата-ана сабырлық танытып, қолдау көрсетуге тиіс.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр?

Соңғы уақытта көп ойландырған сұрақтардың шешімін табасыз. Түстен кейін күтпеген өзгерістер болады.

Егер сіздің арқаңыз аздап ауырса, дәрігерге баруды кешіктірмеңіз. Ортопедиялық матрац сатып алуды да қарастырыңыз.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр?

Бүгін жұмыста бастамашыл болыңыз, бастығыңыз оны бағалайды.

Гардеробыңызды тазалаңыз: кимейтін киімдерден арылыңыз және жаңа заттарға орын босатыңыз.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр?

Жаман әдеттерден бас тартатын кез келді. Өзіңізге психологиялық жеңілдік жасаңыз. Адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болыңыз, кешке демалуға тырысыңыз.

Өзгелермен қарым-қатынаста қателіктеріңізді мойындаудан қорықпаңыз: бәріміз пендеміз және қателесуге құқығымыз бар. Ең бастысы, уақытында кешірім сұрап, қайталамауға тырысу.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр?

Жақын адамыңызға берген уәдені еске түсіріңіз. Бірақ жанжалға бой алдырмаңыз. Жағдай жақын арада тұрақталады.

Кешке достарыңызбен кездесуді жоспарламаңыз, бүгін жұмыстан кеш шығуыңызға тура келуі мүмкін.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр?

Қолыңызға күтім жасаңыз: жаңа нәрлі крем сатып алып, өзіңізді қуантыңыз.

Блогерлер жарнамалаған жаңа тері күтімі косметикасын сатып алмас бұрын, интернетте ол туралы пікірлерді оқыңыз. Бұл косметиканың ешқандай әсерінің болмауы мүмкін және сіз сатып алғаныңызға өкініп қалуыңыз ықтимал.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр?

Егер жұмыс орныңыз ұнамай жүрсе, жаңа жұмыс іздеудің уақыты келді.

Маңызды нәрселер кестесін жасау үшін отбасы мүшелерімен сөйлесіңіз, бұл бірге уақыт өткізуге сеп болады.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр?

Сәндік себет немесе түрлі заттарды жинап қоюға арналған қорап сатып алыңыз. Қонақтар күтпеген жерден келіп қалса, шашылып жатқан заттарды жылдам қорапқа жинап, үйді тез тазалай алатын боласыз.

Күннен қорғайтын сапалы көзілдірік пен компьютерлік көзілдірік сатып алыңыз: көзіңізді қорғау – өз денсаулығыңызға салынған баға жетпес инвестиция.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2003131-bugingi-zuldyz-zoramal-27-zeltoqsan-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/

pixel