Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аяз Ата өмірде шынымен де бар ма: Тарих беттерінен деректер

Опубликовано:

Аяз Ата өмірде шынымен де бар ма
Аяз Ата бейнеленген сыйлық қалтасы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Әрбір бала ата-анасына Аяз атаның өмірде бар-жоғы туралы сұрақ қояды. Мұндайда балаға не деп жауап беру керек және бұл кейіпкердің жаңажылдық ертегінің маңызды бөлігіне айналғанын қарапайым түрде қалай түсіндіруге болады? Тарих ғылымдарының докторы Константин Душенко және физик Кэти Шин осы тақырып аясында жауап беріп, кеңестерін бөлісті.

Аяз Атаның бар екендігін білдіретін дәлелдер

Аяз Ата, Санта-Клаус, Пер-Ноэль (Франция), Йоулупукки (Финляндия), Паккайне (Карелия), Дед Мороз (Ресей), Шахта Баба (Әзербайжан) және Шэнь Дань Лаожэнь (Қытай) — ақкөңіл әрі адамдарға Жаңа жыл қарсаңында, Рождествода сыйлық беруді жақсы көретін сиқыршының түрлі ұлттың тілінде аталатын нұсқалары. Ол жылқыларға немесе тоғыз марал сүйреткен шанаға мініп, шыршаның астына немесе ашық түсті шұлық пен етікке сыйлықтар салып кетеді. Аяз Ата өмірде шынымен де бар ма, әлде ойдан шығарылған кейіпкер ме?

Қазіргі Аяз атаның образы Николай Угодник есімімен тығыз байланысты. Тарих ғылымдарының кандидаты Константин Душенко "Мифы ХХ века: дед Мороз и Снегурочка" атты мақаласында Византия жерінде Ликияның ежелгі Мира қаласында архиепископ Николай Чудотворец өмір сүрген деп жазады. Өз заманында ол жағдайы күйреген байлардың жас қыздарының тұрмысқа шығуына, бақытты болашаққа қадам басуына асқан жомарттығымен жасауын беріп отырған деседі.

Бұл оқиғалар Әулие Николай жазбаларында жазылған. Әулие Николай түнгі уақытта қыз балалары бар үйлердің ашық тұрған терезесіне алтын салынған қапшықтар тастап кететін болған. Ал терезелер жабық тұрған кезде ол кездейсоқ алтын салынған қапты мұржа арқылы бір қыздың шұлығына салып жібереді. Содан бері қазіргі балалар таң атқан сәтте ішінде сыйлық тұрады деген үмітпен әдемі безендірілген жаңажылдық етіктерін іліп қояды.

Бұл қаһарман – тарихи кейіпкер, өмірде нақты бар адам. Демек Аяз Ата шынымен де болған деп айтуға болады.

Салыстырмалылық теориясына сәйкес, Аяз Ата нақты кейіпкер болып саналады. Ұлыбританиядағы Эксетер университетінің физигі Кэти Шин бұл нұсқаны жақтап мынадай дәлелдер келтірді:

  • Аяз Ата сағатына он миллион шақырым жылдамдықты жүріп өтсе, бір түннің ішінде бүкіл ғаламшарды оңай шарлап, балаларға сыйлықтарын жеткізе алады. Бұл жарық жылдамдығынан жүз есе аз, сондықтан оған қол жеткізуге болады.
  • Жоғары жылдамдық мерекелік шеру қозғалысын адам көзіне көрінбейтін етеді. Бұл Аяз Ата түн ортасында шыршаның астына сыйлық салынған құпия жәшіктерді қойған кезде онымен ешкімнің жолы түйіспегенін растайды.
  • Мұндай жоғары жылдамдықпен қозғалатын объект өзінің уақыт өлшемінде өмір сүреді. Өйткені Аяз Ата жылдар өтсе де қартаймайды.

Бұл кейіпкер туралы шындыққа жанасатын аңызға сену үшін әлемнің бірнеше нүктесінен Аяз Ата өмір сүретін орындардың локациясы жасалды. Кейіпкердің арнайы поштасы да бар.

Аяз Ата шынымен де өмірде бар ма әлде оның орнына ата-аналар сыйлық жасай ма? Ақиқатында Аяз Ата бар, бірақ ересектер әлемінде әдеттегіден басқа кейіпте болады. Ол ата-ананың, кәсіби әртістің немесе қандай да бір жинақтама бейненің киімін киген мейірімді, жомарт әрі балалардың арман-тілегін орындауға келген ересек адам.

Аяз Ата өмірде шынымен де бар ма
Шанамен ұшып бара жатқан Санта-Клаус. Көрнекі сурет: pixabay.com

Аяз Атаның мына өмірде жоқ екенін растайтын дәлелдер

Аяз Ата мерекенің міндетті бөлігі болып саналады, бірақ ол өмірде шынымен бар ма? Бұл жөнінде сыни көзқарастарды қарастырып көрейік.

Аяз Ата – аңыздар мен ертегілер кейіпкері

Славян мифологиясында Аяз Ата бейнесі жаңажылдық мерекенің басты тұлғасына айналған. "Народная культура и проблемы ее изучения" жинағында жазылғандай, ежелгі славяндарда осыған ұқсас бірнеше кейіпкер болған.

  • Славяндық қолайсыз күн райының құдайы Позвизд.
  • Үскіріктің хабаршысы Зимник.
  • Аяз билеушісі, жаман рух Карачун.

Христиан діні пайда болғаннан бері олардың жинақталған бейнесі Аязға, яғни фольклорлық ертегі кейіпкеріне айналды. 1840 жылдан бастап оны адам санатына енетіндей және шындыққа жанасатындай болу үшін Мороз Иваневич деп атады. 1930 жылдардың аяғында жаңажылдық шырша КСРО-дағы мерекелік шараның маңызды бөлшегі болған тұста Аяз Ата кеңестік насихаттың ойдан шығарылған идеологиясына айналды.

Аяз Ата өмірде шынымен де бар ма
Кеңестік кезеңдегі Аяз Ата ойыншығы. Көрнекі сурет: Wikipedia/Olga-lisenkova

Маркетингтік қадам

Аяз Ата өмірде бар дегенге қалай сенеміз? Бұған сену мүмкін емес, алайда рационалдық көзқараспен қарап көруге болады. Маркетингтік тәсіл және зоология тұрғысынан да бұғы мен жылқы өте жылдам жүре алмайды әрі аспанда еркін ұша алмайды. Демек Аяз Ата мен оның шанамен ұшқан шеруін аңыз деуге болады.

1915 жылы Сантаны алғаш рет алкогольсыз сусындар брендінің жарнамасы үшін қолданды. Кейінірек, 1931 жылы маркетологтар суретші Хэддон Сандбол салған Аяз атаның сүйкімді бейнесіне бәс тікті. Бүгінгі күні бұл имиджді әр түрлі компаниялар белсенді түрде пайдаланып келеді. Жарнама ойдағыдай жұмыс істеді, бірақ тірі бұғының ұшып кетпейтіні анық. Қазіргі заман ұрпақтарына тән сыни ойлаудың нәтижесінде балалар Аяз Атаның мейірімді ертегі кейіпкері екенін түсінеді.

Аяз Ата шынымен бар ма? Маркетинг пен зоологияға сүйенетін скептиктер оны жоққа шығарады. Ал оптимистер Аяз Атаның тіршілік ету ортасының картасын, салыстырмалылық теориясын және оның бар екенін дәлелдейтін тарихи деректерді пайдаланады. Қазіргі таңда оның бар екенін де, жоқ екенін де растайтын дәлелдер жоқ.

Аяз Ата өмірде шынымен де бар ма
Санта-Клаус шанасына терезеден қарап тұрған балалар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Аяз Атаның бар-жоғы туралы пікірталас жылдар бойы жалғасып келеді, бірақ бұған қатысты әр адамның өзіндік пікірі болуы мүмкін. Сарапшылардың кеңестерін пайдалана отырып, өз пікіріңізге жүгініңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2003298-ayaz-ata-omirde-synymen-de-bar-ma-tarix-betterinen-derekter/

pixel