Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2023 жылдың қаңтар айына арналған жұлдыз-жорамал: әр белгі иесін не күтіп тұр

Опубликовано:

2023 жылдың қаңтар айына арналған жұлдыз-жорамал
Жұлдызнама белгілері. Көрнекі сурет: pixabay.com

Шығыс күнтізбесі бойынша қаңтар айында күрделі сынақтар мен эмоционалдық күтілмейді. 2023 жылдың бірінші айында он екі зодиак белгісінің өмірі қалай болады, олар неге дайындалуы керек? Қаңтар айындағы болжамды астрологтар Кайл Томас, Александрия Леттман және Джейк Реджистер жасады.

Тоқтыларға арналған қаңтар айының жұлдыз-жорамалы

Тоқты үшін 2023 жылдың қаңтар айындағы жұлдыз-жорамал қандай болмақ? Марс белгісінің қолдаушысы Егіздерде болады, бұл мансаптық өсуге деген ұмтылысты әлсіретеді. 15 қаңтарға дейін өзіңізге демалуға рұқсат беріңіз, содан кейін бәрін қуып жетесіз. Білім алуға ұмтылыңыз. 17 мамырға дейін Юпитердің транзиті және оның Хиронмен қосылуы сәттілік пен таңғажайып сәйкестіктер әкеледі. Ақшаны тиімді жинау, жұмысты өзгерту немесе махаббатыңызды кезіктіру мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.

21 қаңтарда жаңа туған Ай махаббат тұрғысынан жақсы жаңалықтар мен мінсіз серікті кездестіру мүмкіндігін сыйлайды. Қаңтарда Ай күнтізбесіне назар аудара отырып, шаш үлгісін өзгертіңіз.

Торпақ үшін 2023 жылдың қаңтар айындағы жұлдыз-жорамал қандай?

Меркурий, Марс және Уран ретроградтық болса да, мансабыңыздан серпілістер күтпеңіз. Өткен жылы бастаған істеріңізді аяқтаңыз, қағаздарыңыз бен есеп-шоттарыңызды ретке келтіріңіз. Қаңтардың соңғы аптасында Шаяндағы жаңа Айдың арқасында жаңа мақсат пайда болады. Астролог Кайл Томас алдағы жылға стратегия құруды ұсынады.

18 қаңтардан кейін күш-қуатыңыз артады. Венера көңіл-күйді жақсартып, ажарыңызға сүйкімділік бере отырып, Суқұйғыш белгісіне ауысады. Серігіңізден өзара сүйіспеншілікті күтіңіз.

2023 жылдың қаңтар айына арналған жұлдыз-жорамал
Күлімдеп тұрған қыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Егіздерге арналған бір айлық жұлдыз-жорамал

Егіздер үшін 2023 жылдың қаңтар айындағы жұлдыз-жорамал қандай болмақ? Қаңтар айының бірінші жартысында Марстың Егіздердегі транзиті шоғырлану мен өнімділікті төмендетеді. 12 қаңтарға дейін ол ретроградтық болса да, күш-жігеріңіздің басым бөлігін бұрын бастаған істеріңізді аяқтауға бағыттаңыз. Меркурий жағдайына байланысты ақша кешігіп келеді. Тоқтыдағы Меркурий мінездің оғаш қасиеттерін ортаға шығарады, сондықтан оны барынша бақылауға алыңыз. Сүйіктіңізбен сабырлы болыңыз. Күз соңында айырылысып, жалғыз қалған жандар қайта табысады. Денсаулығыңыздың жағдайы қуантатын болады.

Шаяндар үшін 2023 жылдың қаңтар айындағы жұлдыз-жорамал қандай?

18 қаңтарға дейін Меркурий ретроградтық болған кезде құжаттарыңызды рәсімдеумен айналысыңыз, достарыңызбен және таныстарыңызбен кездесіңіз. 4 қаңтардан 28 қаңтарға дейін серігіңізден төлемдер, алимент, сыйлықтар және қаржылық көмек күтіңіз. 12 қаңтарға дейін маңызды шешімдер қабылдаңыз. 22 қаңтардан бастап Уран тікелей қозғалысқа бағыт алған кезде байланыс көкжиегін кеңейтіңіз.

7 қаңтарда Шаяндағы Айдың толуы эмоционалдылықты, отбасымен, балалармен, туыстармен бірігуге ұмтылысты арттырады. Уақытыңыздың көп бөлігін үйде өткізіңіз.

Арыстандар үшін қаңтар айына арналған жұлдыз-жорамал

Арыстан үшін 2023 жылдың қаңтар айындағы жұлдыз-жорамал қандай? 18 қаңтарға дейін демалыс алыңыз немесе ескі жұмыстарыңызды аяқтаңыз. Қаңтарда менталдық стереотиптерден, комплекс пен күмәннан арылыңыз. Бір жылға арналған жоспар құрып, ұжымдық жобалармен жұмыс істеңіз. Қаржылық жағдай қаңтар айының соңына қарай тұрақталады.

Алғашқы екі аптада үй жөндеу және тазалау жұмыстарын жасаңыз. Диета ұстап, алкоголь мен тәттілерден бас тартыңыз. Ескі киімдерді таратып, гардеробыңызды жаңартыңыз. Қарым-қатынаста қиындықтарға тап болған жандар келісімге келеді немесе бір-біріне шағымданбай ажырасады. Бойдақтар 4-28 қаңтар аралығында махаббатын кезіктіреді.

Бикеш үшін 2023 жылдың қаңтар айындағы жұлдыз-жорамал қандай?

18 қаңтарға дейін ірі мәмілеге отыруды, сатып алуларды және маңызды іс-шараларды жоспарламаңыз. Ескі жұмыстарыңызды аяқтаңыз. Тоқтыдағы Күн сіздің энергияңызды белсенді ете түседі. Мансап сатысымен жоғары көтерілуге мүмкіндік болады. Қаржылық ресурстар сізге жайлы өмір сүруге мүмкіндік береді. Астролог Александрия Леттман 26 қаңтардан бастап Венера романтика алаңына енген кезде Бикештердің құмарлығы артады деп есептейді. Адамдар көп шоғырланған жерлерден аулақ жүріңіз, азынақ желден және салқын тигізуден абай болыңыз.

2023 жылдың қаңтар айына арналған жұлдыз-жорамал
Танго билеген жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Таразылар үшін 2023 жылдың қаңтар айындағы жұлдыз-жорамал

Таразылар үшін 2023 жылдың қаңтар айындағы жұлдыз-жорамал қандай? Венера Суқұйғышта болған кезеңде оптимизмнің, сергектіктің және басқаларға ұнауға деген ұмтылыстың күшейгенін сезінесіз. Жұмыстағы міндеттерді шешу жеделдейді. Меркурийдің ретроградтық кезеңінде қомақты сауда жасамаңыз, керісінше өзіңізге қажетсіз заттарды сатуға қойыңыз. Бұрын болған жерлерге барыңыз. 21 қаңтарда Айдың толуы мансабыңыз бен өзіңізді дамытуда жаңа жолдарды ашады.

Юпитер махаббатқа толы, некелі отбасы үйіне кіреді, ал 4 қаңтардан бастап Венера өз әсерін күшейтеді. Отбасының жаңа мүшемен толығуы, жүктілік, үйлену тойы және құда түсу туралы жаңалықтар болуы мүмкін. Бойдақтар өмірлік жұбын кездестіреді.

Сарышаяндар үшін 2023 жылдың қаңтар айындағы жұлдыз-жорамал қандай?

Қаңтар сақтандыру, банк, сараптама, кеден немесе қауіпсіздік саласында жұмыс істейтіндер үшін табысты болмақ. Астролог Джейк Реджистер 12 қаңтарға дейін Марс ретроградтық болған кезде, ескі істерді аяқтау, эмоцияларды бақылау керек деп есептейді. Осы күннен кейін серігіңізбен жанжалдасуды доғарасыз. Қаржы жағы мақтануға тұрарлықлықтай болады.

Марс қаңтардың ортасына дейін Егіздерде болған кезде отбасыңызға назар аударыңыз. Бойдақтар махаббатын 28 қаңтардан кейін кездестіреді. 21 қаңтарда жаңа Ай туғаннан кейін спортпен шұғылдануға күш-қуат артады.

Мергендерге арналған жұлдыз-жорамал

Мерген үшін 2023 жылдың қаңтар айындағы жұлдыз-жорамал қандай? 18 қаңтарға дейін қомақты сауда жасамаңыз. Ескіні жөндеп, бастаған істі аяғына дейін жеткізіп, уәдеде тұрыңыз. Туған жерге саяхаттаңыз, жақындарыңызбен кездесіңіз, адамдармен танысыңыз. Былтыр алаңдатқан дүниенің бәрі өткен күндердің еншісінде қалды. 22 қаңтардан бастап қарыз және несие мәселесі шешіледі. Мемлекет пен туыстардан көмек күтіңіз.

Отбасында үйлесімділік орнайды, ал жалғыз жүрген адамдар өмірлік жолдасын кездестіреді. Жолда немесе алыстан келгендермен таныстық болуы мүмкін. 28 қаңтардан бастап өмір сүру жағдайы жайлы болады.

2023 жылдың қаңтар айына арналған жұлдыз-жорамал
Әуежайдағы жолаушы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Тауешкілер үшін 2023 жылдың қаңтар айындағы жұлдыз-жорамал қандай?

Сіздің белгіңіздегі Күн табандылықты және мақсаттарыңызға жетуге деген ұмтылысты арттырады. Жұмыс саласы және өзін-өзі дамыту жағы жақсы болады. Қаңтардың бірінші жартысы тыныш өтеді, бірақ кейінірек сіз жаңа бағыттарды, әдістерді меңгересіз. Меркурийдің әсерінен қарым-қатынаста салқындық орнауы мүмкін.

Көбісі бала кезіндегі жарақаттан кейін психологқа жүгінеді. Меркурийдің ретроградтық кезеңінде ескі образға оралыңыз, шаш қию, спортзалға баруды бастаңыз.

Қаңтар айындағы Суқұйғышқа арналған астрологиялық жұлдыз-жорамал

Суқұйғыш үшін 2023 жылдың қаңтар айындағы жұлдыз-жорамал қандай? Өзіңіз жақсы танитын адамдармен сөйлесіңіз, бірақ жаңа бизнес бастамаңыз. Сіздің белгіңіздегі Сатурн транзиті өміріңіздегі өзгерістерді белсенді ете түседі. Бұл кімнің дос, кімнің дұшпан екенін түсінуге, қорқыныш пен жаман әдеттерден арылуға көмектеседі. Қаржы жағы алаңдаушылық тудырмайды. Көңіліңізді көтеріп, рухани тұрғыда дамыңыз.

Венера 3 қаңтарда сіздің белгіңізге ауысады. Бұл сүйіспеншілік, әл-ауқат және өмірге деген көзқарасқа оң әсер етеді. Басы бос адам махаббатын достар арасынан кездестіреді.

Балықтар үшін 2023 жылдың қаңтар айындағы жұлдыз-жорамал қандай?

4 қаңтардан бастап жалғыз қалуға құлықты боласыз, демалысқа ауылдық қонақүйге барыңыз. Массажға, СПА процедураларына барыңыз. Айдың соңында қаржы мен жұмыста мүмкіндіктерге жол ашылады, мұны жіберіп алмаңыз. 7 қаңтарда Айдың толуы неке, бала және ата-ана төңірегінде сұрақтар туғызады. Жүктілікті жоспарлаңыз, ұсыныс жасаңыз, қарт туыстарға көмектесіңіз.

Сізді ескі достардың келуі, жөндеу жұмыстары және ақпан айына жоспар құру күтіп тұр. Көбірек ас әзірлейтін боласыз, сондықтан салмағыңызды бақылап отырыңыз. Иммундық және эндокриндік жүйенің қалпына мән беріңіз.

2023 жылдың қаңтар айына арналған жұлдыз-жорамал
Фонендоскоп таққан дәрігер. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қаңтардың алғашқы екі аптасында барлық зодиак белгілерінің өз-өзіне талдау жасауға, жоспарлар құруға және өткен мәселелердің шешімін табуға уақыты болады. Одан кейінгі екі апта өмірдегі жаңа кезеңнің бастамасы болмақ. Оның біркелкі өтуі үшін бір айға арналған жұлдыз-жорамал мен өзіңіздің түйсігіңізді тыңдаңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2003333-2023-zyldyn-qantar-aiyna-arnalgan-zuldyz-zoramal-ar-belgi-iesin-ne-kutip-tur/

pixel