Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қажетта Ахметжанова: Қоян жылы аспаннан періштелер көптеп түседі

Опубликовано:

Қажетта: Қоян жылы аспаннан періштелер көптеп түседі
Фото: Instagram / kajetta

2023 жыл елімізге қандай жаңалық әкеледі? Несімен қуантады? Бұл сұраққа нумеролог Эльдар Алиев пен көріпкел ретінде танымал Қажетта Ахметжанова жауап берді, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Әр жылдың өзіндік ерекшелігі, алып келер несібесі бар. Мамандардың айтуынша, қоян жылы позитивке толы болмақ. Астрологтар егіздер үшін үлкен мүмкіндіктер жылы, дейді.

"2023 жылы егіздер үшін ең сәтті жыл болып саналады. Ол кәсіби саласында көтеріліп, тіпті басшылық сатыға дейін жоғарылауы мүмкін", - дейді нумеролог Эльдар Алиев.

Тұрғындар да жаңа жылдан жақсылық күтетіндерін жасырмай, мереке қарсаңында ақ тілегін жаудырды.

"2023 жыл еліміз үшін жаңарған ең өзгерстің басы, гүлденген жыл болады деп сенемін", "Жақсылық күтеміз, тыныштық күтеміз. Балалар аман болып, еліміз тыныш болса", - дейді арна тілшісінің сауалнамасына қатысқан елорда тұрғындары.

Ал танымал экстрасенс Қажетта Ахметжанова қоян жылына болжам жасады. Оның айтуынша, 2023 жылы 100 жылда бір рет қана болатын аспан қақпалары ашылып, періштелер жерге түседі екен.

"Қоян жылы көптеген есіктер ашылады және жаңа мүмкіндіктер беріледі. Өйткені 100 жылда бір рет қана болатын аспан қақпалары ашылып, аспаннан періштелер көп түседі. Қоян жылы өнімді болады. Ең бастысы — сыртқы арандатуларға жауап бермеуге және барынша сабырлы болуға тырысу керек. Маңызды шешімдерді тек тыныштықта қабылдаған жөн, әйтпесе оның салдары жағымсыз болады", - дейді ол.

Нумерологтар қоян жылында адамдар өзара бауырмал болып, сыйластықта бақытты өмір сүреді деп болжайды! Елдің экономикалық жағдайы жақсарады дейді.

Ә. Дүкембаева

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2003829-qazetta-qoyan-zyly-aspannan-peristeler-koptep-tusedi/

pixel