Ер балаларға арналған мұсылманша есімдер: мағынасымен берілген нұсқалар
Жарияланған күні:
Есім адам тағдырында із қалдырады. Ата-ана баласына қандай ат қою керегін шешкен кезде әріптердің үндестігіне ғана емес, оның терең мағынасына да назар аударады. Қазіргі кезде ер балаларға арналған араб және қазақ тегінен алынған қандай мұсылман есімдері белгілі?
"А"
Мұсылмандық дәстүрде әліпбидің бірінші әрпінен басталатын есімдер көп. Ұлдарға қандай әдемі мұсылманша есімдер қоюға болады? Олардың ішінде Ахмад – "мадақтауға лайық", Акиб — "соңғы", Азиз — "жеңілмейтін", Әмір — "бұйрық", Әмин — "сенімді" және Әділ — "әділ". Имам Ибн Мирзакарим әл-Карнакидің "Мусульманские имена" кітабында олар Алланың есімдері деп аталады.
"А" әрпінен басталатын тағы бірнеше танымал және әдемі есімдер бар:
- Абид – "ғибадат етуші";
- Абдул (Абдулла) – "Алланың құлы";
- Азамат - "күшті";
- Айдар – "лайықты";
- Аллаберген – "жалғыз құдай";
- Әли – "жоғары";
- Әмірхан – "ханзада";
- Ануар - "ең жарқын";
- Аңсар – "көмекші";
- Асхад - "ең бақытты";
- Асқар – "жауынгер".
"Б"
"Б" әрпінен басталатын қысқа әрі мағыналы, әдемі есімдер көп. Ұл баланы мұндай есімдермен атамас бұрын оның мағынасын білген жөн:
- Бағдат – "Құдайдың сыйы";
- Бари – "жасаушы";
- Басир (Басыр) – "бәрін көруші";
- Батыр – "батыр", "қаһарман";
- Башир – "жақсылық хабаршысы";
- Бақтияр – "бақытты";
- Бекір (Бәкір) – "зерттеуші";
- Бұрхан – "пайғамбар", "ақиқат";
- Болат - "болат".
"В"
"В" әрпінен басталатын есімдер қысқа және үндескен дыбыстардан тұрады. Мұндай есімдер мықты және ізденімпаз ер балаларға жақсы жарасады:
- Вайз – "шешен", "тәлімгер";
- Вазир – "уәзір";
- Вакил – "әмірші";
- Вали - "дос", "қамқоршы";
- Варис – "мұрагер";
- Уахаб – "беруші".
- Вафа – "адалдық".
"Ғ"
Мұсылман әлемінде "Ғ" әрпінен басталатын есімдер көп болмаса да, кеңінен танылған. Сирек есімдер елдің назарын бірден аударып, ұл балаға көбірек көңіл бөлуге ықпал етеді:
- Ғази – "жеңімпаз";
- Ғани – "өте бай";
- Ғали (Әли) - "жоғары";
- Ғафур – "кешірімді".
"Д"
"Д" әрпінен басталатын есімдер өте әдемі және үндесуі жағынан өзіндік мағынасы бар. Көптеген ата-ана мынадай нұсқадағы есімдерді ұнатады:
- Джавад – "жомарт", "ақкөңіл";
- Дауд (Дәуіт) – "сүйікті";
- Даян – "қазы".
"Ж"
Бұл әріптен басталатын есімдер өте сирек кездеседі. Мұсылманша мағынасы бар қазақша аттар мыналар:
- Жарас – "қолайлы";
- Жолдыбай – "дұрыс жолмен жүруші".
"З"
Ұл балаға қандай ат қоюға болатыны жайлы ойланғанда "З" әрпінен басталатын әдемі есімдерді қарастырып көріңіз. Бұл есімдердің дыбысталуы ерекше және терең мағынасы бар:
- Забир – "күшті", "қуатты";
- Загидар – "рақымшыл";
- Зәкәрия (Захария) – "әрдайым Алланы еске алушы";
- Замиль - "дос".
"И"
Ер балаларға қандай заманауи мұсылман есімдерін таңдаған дұрыс? Бүгінгі күні Ибраһим (Ибраһим) – "халықтардың атасы", Ілияс – "шабыт беруші", Имран — "өмір", Иман — "иман", "сенім", Иса — "Құдайдың рақымы" және Исмаил — "Алла бәрін естуші" есімдері кең тараған. Бұл есімдердің барлығы Айдын Ариф оглы Али-заденің "Ислам. Энциклопедический словарь" кітабында жазылған.
Мына есімдер де өте әдемі деп саналады:
- Идрис (Ыдырыс) – "білуші";
- Ильдан – "Отанды дәріптеуші";
- Ильнар - "Отан нұры";
- Иршад – "көшбасшылық";
- Ихсан – "мейірімді".
"Қ"
Бұл әріптен басталатын есімді Қайрат Нұртас секілді өнер жұлдызы да иеленіп жүр. Сүйікті ұлыңызды мына есімдермен атасаңыз болады:
- Қайсар – "патша", "мықты";
- Қариб - "жақын";
- Қасым – "бөлуші";
- Қайыр – "мейірімді";
- Қайрат – "күш";
- Қуат – "құдіретті";
- Құдайберген – "Құдайдың бергені".
"Л"
"Л" әрпінен басталатын ер балалар есімі аса көп емес. Бұл есімдер жұмсақ айтылады әрі үлкен күші мен зор мағынасы бар:
- Лұқман (Лоқман) – "асыраушы";
- Лесбек - "ізбасар".
"М"
Балаға қандай пайғамбарлардың есімдерін қоюға болады? Мұхаммед пайғамбарды сипаттау үшін қолданылатын бірнеше эпитеттер бар. Махди – "дұрыс жолмен жетелеуші", "мәсіх", Мансұр — "жеңімпаз", Махмұд — "даңқты", Матин — "мықты" және Мунджи — "құтқарушы", сондай-ақ Мұхаммед есімі "мадақтаушы" деп аударылады.
"М" әрпінен басталатын бірқатар есімдер де пайғамбарлардың ұлылығы мен батасын білдіреді:
- Мақсұд – "қалаулы";
- Мантур – "жеңімпаз";
- Мырза - "қожайын";
- Мунир - "жарқыраған";
- Мұса - "құтқарылған";
- Мұстафа (Мостафа) - "таңдалған";
- Мухсин – "қайырымды".
"Н"
Бұл әріптен басталатын әдемі есімдер өте сирек кездеседі. Ер балаға есім таңдағанда мынадай бірнеше тартымды нұсқаларды қарастыруға болады:
- Нәби – "пайғамбар";
- Нариман – "отты жауынгер";
- Нәзір – "ескертуші", "арнаулы";
- Наиль - "сый";
- Насыр – "жеңіс";
- Нұрсұлтан – "нұрлы билеуші";
- Нұрберген – "жарық төгуші";
- Нұриман – "иман нұры".
"О"
"О" әрпінен басталатын жағымды есім мұсылман отбасынан шыққан ұл балаға жарасады. Бірнеше әдемі нұсқасы мыналар:
- Омар – "тірі";
- Осман – "ерлік", "батырлық".
- Ораз – "бай".
"П"
"П" әрпінен басталатын мұсылманша есімдер сирек кездеседі. Мұндай жағымды естілетін және ерекше адам аттары құндылығымен де айрықша:
- Пазыл - "лайықты";
- Пәрмен - "қуат";
- Парвиз - "жеңімпаз".
"Р"
"Р" әрпінен басталатын есімдер жиі кездеседі, бірақ олардың ішіндегі ең маңыздысы Құранда берілген. Қасиетті кітапта жазылған мұсылман есімдері мыналар:
- Расул – "елші";
- Рафаил (Рафаэль) — "Құдай емдеген";
- Рауф – "мейірімді";
- Рашид – "әділ";
- Рақым – "қайырымды";
- Резван - "рухани қуаныш".
"С"
Исламда ер балаға қойылатын ең қымбат есімдер қандай? Бұл байлық, жомарттық және жердегі игілік белгілерімен немесе Ислам билеушілерімен байланысты есімдер. Ұлыңыздың өмірі сәттілікке толы болсын деп ырымдасаңыз, оның атын Самат – "көсем", Сардар – "бас қолбасшы" немесе Сұлтан – "патша" деп қоюға болады.
"С" әрпінен басталатын мына есімдердің энергетикасы күшті:
- Салих – "әділ";
- Саладдин – "діннің игілігі";
- Сүлеймен - "бейбітшіл".
"Т"
Қазақ мәдениетінде кездесетін "Т" әрпінен басталатын әдемі есімдер бар. Олардың біразы Islam.kz сайтында ұсынылған:
- Таир – "биік ұшатын құс";
- Таймас – "қажырлы", "мақсатқа ұмтылушы";
- Тахир – "таза";
- Темір – "темір";
- Темірлан - "темір арыстан".
"У, Ұ"
Бұл әріптерден басталатын сирек есімдер ерекше құнды болып келеді. Себебі мұндай есімдер мәдени құндылықтарды сақтап, жас ұрпақтың есіне салуымен маңызды:
- Уәли – "әмірші";
- Ұлан – "ержүрек".
"Ф"
Мұсылман дереккөздерінен алынған есімдердің дені ескі ғасырлардағыдай танымал емес. Дегенмен "Ф" әрпінен басталатын есімдердің біразы бүгінгі күнге дейін сақталған:
- Фатих – "ашушы", "жеңуші";
- Фазыл – "жомарттық";
- Фархад – "ақылды".
"Х"
Қазақстанда "Х" әрпінен басталатын есімдер кең тараған. Олардың арасында түбірі араб тілінен алынған ер адамдардың есімдері де бар:
- Халид – "Құдайдың жақын досы";
- Харун – "биік тау", "асыл тәлімгер";
- Хасан – "жақсы";
- Хамид – "дәріптеуші", "шүкіршілік етуші".
"Ш"
Күшті әрі құлаққа жағымды естілетін есімдер осы әріптен басталады. Олардың арасында жаңа туған ер балаға лайықты көптеген есім бар:
- Шавкат - "мейірім", "шапағат"
- Шайдар - "патшалық", "бекзаттық";
- Шәкір – "асыл";
- Шәріп – "құрметті".
"Ы"
Әлемде "Ы" әрпінен басталатын есімдер сирек кездеседі. Алайда мұсылман және қазақ мәдениеті үшін олай емес:
- Ыдырыс – "еңбекқор";
- Ырыс – "бақыт", "сыбаға";
- Ыстам - "тірі қалушы".
"Э"
"Э" әрпінен басталатын ер балалардың әдемі есімдері назар аудартады. Бұл есімдер талғампаз және дарынды ұлдарға жарасымды:
- Эльвир - "сақтаушы";
- Эльдар – "күн сыйы";
- Эльмир - "әдемі".
"Ю"
"Ю" әрпінен басталатын ер бала есімдері әдемі және ерекше естіледі. Олардың қасиетті мағынасы да маңызды:
- Юсуф – "Алла арттырушы";
- Юнус – "асыл, шыншыл адам";
"Я"
"Я" әрпінен басталатын есімдер сирек кездеседі, бірақ бұл әріптен басталатын адам аттары әлі күнге дейін бар және тарихта сақталады. Қандай нұсқалар ыңғайлы? Мұсылмандардың қасиетті кітабындағы кейбір есімдер мыналар:
- Ягья (Яхья) – "Алланың рақымы";
- Якуб – "ізбен жүруші".
Мұсылманша есімдер Қазақстанда жиі кездеседі. Олардың шығу тегі әр түрлі болғанымен, көпшілікке таңсық емес.
Ер баланың ата-анасы өз міндеттерінің маңыздылығын түсінеді, сондықтан олар жаңа туған ұлына қоятын есімді ыждағаттылықпен таңдайды. Мұсылманша есімдер кітабында мағынасы терең әрі әдемі, жағымды естілетін есімдер бар. Олардың кез келгені балаға бақытты тағдыр сыйлай алады деген сенім мол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2005557-er-balalarga-arnalgan-musylmansa-esimder-magynasymen-berilgen-nusqalar/