Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2023 жылдың ақпан айына арналған жұлдыз-жорамал: әр белгі иесін не күтіп тұр

Опубликовано:

2023 жылдың ақпан айына арналған жұлдыз-жорамал: әр белгі иесін не күтеді
Зодиак белгілері. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қыстың соңғы айы белсенді және өнімді болады. Астрологиялық оқиғалар зодиак белгілерінің өміріне қалай әсер етеді? Ақпан айына арналған болжамды астрологтар Кайли Томас, Салли Киркман және Маресса Браун жасады.

Тоқтылар үшін ақпан айына арналған жұлдыз-жорамал

Зодиак шеңберінің бірінші белгісі үшін ақпан маңызды ай болмақ. Тоқты үшін 2023 жылдың ақпан айындағы жұлдыз-жорамал қандай? Оған 18 ақпанда Күннің Суқұйғыштан Балықтарға ауысуы және 11 ақпанда Марс пен Хирон әсер етеді. Тоқты өзін сенімдірек және тыныш сезінеді, жұмыс жобаларындағы кешігулерден, интригалардан және қысымнан аман өту оңайырақ болады.

20 ақпанда Венераның Тоқтыға ауысуы қарым-қатынастағы кикілжіңді күшейтеді. Астролог Кайли Томас 16 мамырға дейін Тоқтыдағы шынайылық, шыдамдылық, сондай-ақ Юпитердің Тоқтыға ойысуы жағдайды тұрақтандыруға көмектеседі деп санайды. Көпшіліктен аулақ болыңыз, иммунитетті күшейтіңіз.

Торпақтар үшін 2023 жылдың ақпан айындағы жұлдыз-жорамал қандай?

Торпақ тәуекелге барудан еш қорықпауы керек. Қорқынышты жеңу мен бойдағы еркіндік табысты стратегия болмақ. Жағдайға бақылау жасамау арқылы ол ақпан айының басында жүзеге аспаған жоспарларын жеңіл қабылдайды, қателерді түзетеді және қаржылық мәселелерді шешуде табысқа жетеді.

20 ақпанда Венераның Тоқтыға қарай өтуі сүйікті адаммен қарым-қатынасқа әсер етеді. Бірдеңені бүлдіріп алмау үшін турашылдық пен импульсивтіліктен бас тартып, керісінше нәзік әрі шыдамды болған абзал. Денсаулықты жақсарту үшін дәрумендер мен микроэлементтер қабылдаңыз.

2023 жылдың ақпан айына арналған жұлдыз-жорамал: әр белгі иесін не күтеді
Дәрі-дәрмек және ақжелкен. Көрнекі сурет: pixabay.com

Егіздерге арналған бір айлық жұлдыз-жорамал

11 ақпанда Меркурийдің Суқұйғыш белгісіне ауысуы зодиактың үшінші белгісінің өкіліне жаңа достар, іскер серіктестер және махаббатын табуға ықпал етеді. Ақпан айы танысу тұрғысынан нәтижелі болады. Астролог Салли Киркман романтиканың күшеюі 15 ақпанда Венера мен Нептунның қосылуына әсер етеді деп санайды.

Егіздер үшін 2023 жылдың ақпан айындағы жұлдыз-жорамал қандай? Қызмет кеңістігіне жол ашатын жаңа ақпарат белгілі болады. Ең үлкен жетістікке көмекші кәсіп өкілдері мен ғалымдар қол жеткізеді. Бұл айда өзіңізді керемет сезінесіз, бірақ гормоналды және эмоционалды фоныңызды бақылағаныңыз жөн.

Шаяндар үшін 2023 жылдың ақпан айындағы жұлдыз-жорамал қандай?

Су белгісі іскерлік белсенділік пен мансап тұрғысынан жетістіктерге жетеді. Әдеттегіден де көп жауапкершілікті мойнына алуға тырысқандар жаңа лауазымға ие болып, қаржы мен беделді нығайта отырып, тәуекелге барады және жаңылыспайды.

Қарым-қатынас тұрғысынан қатты үміт күтпеңіз. Десе де рухани жақындасу болып, серігіңізбен келіспеушілік жойылуы мүмкін. Көңіл-күй мен денсаулық жақсарады, сондықтан жаттығуды кесте бойынша емес, көңіл көтеру үшін жасаңыз.

Арыстан үшін ақпан айына арналған жұлдызнама

18 ақпанда Күннің Балықтарға енуі Арыстанның эмоционалдық жағдайына оң әсер етеді. Бұл күш жинауға және қысқы циклді тиімді аяқтауға мүмкіндік береді. Арыстан үшін 2023 жылдың ақпан айындағы жұлдыз-жорамал қандай? Ол өзін-өзі талдау арқылы түбегейлі өзгерістер кезеңіне тап болады, бұл жұмыстың, кәсіптің, романтикалық серіктің және өмірлік жоспарлардың өзгеруіне әкеледі.

5 ақпанда Арыстандағы Айдың толуы пікірлес адаммен кездесуге көмектеседі, мансап мәселелерімен ақпанның екінші жартысында айналысқан дұрыс. Денсаулық пен қаржы қиындық тудырмайды. Белсенді, еңбекқор болыңыз және бір қадам болса да артқа шегінбеңіз.

2023 жылдың ақпан айына арналған жұлдыз-жорамал: әр белгі иесін не күтеді
Мәз-мейрам болып тұрған құрбылар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Бикештерге арналған 2023 жылдың ақпан айындағы жұлдыз-жорамал қандай?

Астролог Маресса Браун 5 ақпанда Арыстандағы Айдың толуы аян беретін түс көру мүмкіндігін береді деп есептейді. 11 ақпанда болатын Меркурийдің Суқұйғышқа енуі ықпал ету және қарым-қатынас аясын кеңейтеді. Бикештің өмірінде көптеген қызықты адам пайда болады.

Жұмыс барысында кішігірім кикілжіңдер, даулар және бәсекелестік болуы мүмкін. Мұны конструктивтік диалог арқылы шешуге болады. Шыдамдылық танытсаңыз, қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізесіз. Ақпан айында денсаулығыңызда кінәрат болмайды.

Таразылар үшін 2023 жылдың ақпан айына арналған жұлдыз-жорамал

20 ақпанда Венера Тоқтыға ығысқан кезде Таразылардың қарым-қатынастағы жай-күйі наразылыққа және белсенділікке толы болады. Мойындаулар, шағымдар мен қарым-қатынасты айқындау жағдайлары болуы мүмкін. Жағдайды ушықтырмаңыз, сабырлы болыңыз.

Таразылар үшін 2023 жылдың ақпан айындағы жұлдыз-жорамал қандай? Жер өкілдерін махаббат романдарынан басқа, қаржы, қызмет және кәсіпте сәттілік күтеді. Жұлдыздар ұзақ сапарға шығуға кеңес бермейді, бірақ қала сыртында демалуға болады. Таза ауада серуендеу иммундық жүйені нығайтады және өзін-өзі дамыту үшін ресурс береді.

Сарышаян үшін 2023 жылдың ақпан айына арналған жұлдыз-жорамал қандай?

Айдың алғашқы күндерінен бастап үш апта бойы күш-қуат өте жоғары болады. Ақпанның соңы ойын-сауық пен демалысқа арналады. Жұмыс пен қаржы жағдайы тұрақталады, әсіресе қаңтарда еңбек еткендер үшін табысты болады.

Сарышаяндарды махаббат пен отбасы мәселесінде жағымды сәттер күтіп тұр. Үйге қажетті заттар сатып алу жоспарын өзгерту және балалардың болашағына қатысты талас-тартыс болатыны рас. Мұндайда романтикалық кеш ұйымдастырыңыз және бар мәселені сол сәтте шешіңіз. Суық тиіп қалмас үшін және қыстың соңын жақсы аяқтау үшін зімбір шайы мен дәрумендер ішіңіз.

2023 жылдың ақпан айына арналған жұлдыз-жорамал: әр белгі иесін не күтеді
Тауда демалған отбасы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Мергендер үшін ақпан айына арналған жұлдыз-жорамал

18 ақпанда Күннің Балықтарға ауысуы Мергендерге әсер етеді. Бұл белгі өкілдерін жұмсақ, сезімтал етеді. Олар отбасының, серігінің, жақын туыстарының мәселелерін шешуге мәжбүр болады. Бұл жүкті жалғыз көтермес үшін жауапкершілікті бөлісіңіз.

Мергендер үшін 2023 жылдың ақпан айындағы жұлдыз-жорамал қандай? Мергендер жұмысына бар ынтасымен кіріседі. Нәтижесінде қаржылық жағдайы жақсарады, мансап жолында өседі, әріптестері мен басшылық тарапынан құрметке ие болады. Сүйіспеншілік пен романтикаға әлі де күш-қуаты, құштарлығы бар жандар махаббатын табады. Ал қуат көзі мен тартымдылықты сезіну үшін 15 ақпаннан бастап диетаға отырыңыз.

Тауешкілер үшін 2023 жылдың ақпан айындағы жұлдыз-жорамал қандай?

Ақпан айы бірқалыпты өтеді. Тек махаббат пен қарым-қатынас айналасында жалын тұтануы мүмкін. Бойдақтар жан-тәнімен ғашық болады, ал сүйіктісі бар адамдар интригаға тап болады. Ер адамның сүйіктісін таң қалдыруға жасаған романтикалық әрекеттері шығынға ұшыратады, ал Тауешкі белгісіндегі әйелдер сыртқы келбетін жақсартуға назар аударып, жұмысты ұмытады.

Ақылға қонымсыз дүниелерді жасаудан алуақ болу керек. Қаржыңыз бен денсаулығыңызды бақылауға алыңыз. 15 ақпанға дейін іссапарға шығуды жоспарлағандар табысқа жетеді, ал айдың соңғы аптасы демалыс үшін қолайлы болмақ.

Суқұйғышқа ақпан айына арналған астрологиялық жұлдыз-жорамал

Бұл белгінің жай-күйіне 11 ақпанда Меркурийдің Суқұйғышқа ауысуы әсер етеді. Позитивті көңіл-күй мен ізгі кейіп Суқұйғышқа жаңа таныстар, тың идеялар мен ресурстарды тартады.

Суқұйғыш үшін 2023 жылдың ақпан айындағы жұлдыз-жорамал қандай? Ол қаржы, мансап және өзін-өзі дамыту жағын ретке келтіруі керек. Ақпан айында осыған қатысты мүмкіндіктер болады. Керемет көңіл-күй, табиғи сүйкімділік және харизма ақша мен беделге ие болуға көмектеседі. Басшылықтың сенімі артады, балаларға және хоббимен айналысуға уақыт табылады.

2023 жылдың ақпан айына арналған жұлдыз-жорамал: әр белгі иесін не күтеді
Әмиян ұстаған жігіттің қолы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Балықтар үшін 2023 жылдың ақпан айына арналған жұлдыз-жорамал қандай?

18 ақпанда Күн Балықтарға енген кезде бұл белгідегі көптеген адамның өмірінде жаңа мағына мен мақсат пайда болады. Ескі дүниелер өткеннің еншісінде қалады, табыс көзі, мүдде, сыртқы келбет өзгереді. Жаңа Балықтар тіпті өздерін таң қалдырады. Шашыңызды Ай күнтізбесіне сәйкес өзгертіңіз, қарым-қатынасқа шынайылық сыйлаңыз, серігіңізге қысым жасамаңыз.

Демалып, денсаулығын жақсартқысы келетін жандар моншаға, саунаға және бассейнге баруы керек. Ай өте белсенді өтеді әрі оның нәтижесі бәрін өзіңіз жасағаныңыз үшін мақтауға тұрарлық болады.

Ақпан айы бірқатар зодиак белгісінің өмірінде жаңа кезеңнің бастауы болады. Жұлдыздардың болжамдарына зер салып, тәуекелге барудан қорықпайтын адамдар көктемді мықты денсаулықпен, қаржылық тұрақтылықпен және ішкі қанағаттану жағдайында қарсы алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2007692-2023-zyldyn-aqpan-aiyna-arnalgan-zuldyz-zoramal-ar-belgi-iesin-ne-kutip-tur/

pixel