Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұлдыздарды ақпан айында не күтіп тұр: Таро жорамалын назарға ұсынамыз

Жарияланған күні:

Ақпан айына арналған Таро жұлдыз-жорамалы
Таро картасының колодасы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Арыстандағы Айдың толуы, қолайлы астрологиялық орта және қысқы іскерлік маусымының аяқталуы ақпанды 2023 жылдың ең маңызды айы етеді. Алдағы кезеңге әрбір зодиак белгісіне арналған Таро картасының болжамы қандай? Осыған орай тарологтар Ангела Перл, Ольга Стелла және Анна Арджеванидзе кеңес береді.

Тоқтылар үшін ақпан айына арналған Таро жұлдыз-жорамалы

Тоқтылар үшін 2023 жылдың ақпан айына арналған Таро жұлдыз-жорамалы қандай? Ақпан мансап пен өзін-өзі дамыту тұрғысынан сәтті ай болып саналады. Қаржыны және отбасылық мәселелерді өз қолыңызға алыңыз немесе ортақ істі әзірлеу үшін серігіңізбен күш біріктіріңіз. Бірігу байлық пен табысқа жетуге серпін береді.

Ақпан айында жұмыс пен ақша мәселесінде тұрақтылық, сенімділік пен ұқыптылық танытыңыз, тәуекелге барудан және жаңа жоба бастаудан қорықпаңыз. Бұл стратегия материалдық игіліктердің ағынын әрі табиғи талантты ашады, өзгелердің құрметіне бөлейді. Мұндай оқиғаларды картадағы Бесбұрыштар патшасы, Асатаяқ патшасы және Бесбұрыш Тұзы бейнелейді, бұларды The Tarot Guide басылымы өркендеу картасы деп атайды.

Торпақтар үшін 2023 жылдың ақпан айына арналған жұлдыз-жорамал қандай?

Торпақты бұл айда өзгерістер мен жаңа кезеңнің басталуы күтіп тұр. Маңызды мақсаттарға қол жеткізу де күтіледі. Қаржы және материалдық жинақ бойынша күйзеліс те жоқ емес. Дегенмен барлық сынақтан сүрінбей өткеннен кейін демалысқа шығып, қалыпқа келуге болады.

Ақпан айында Торпақты сапарлар мен тағдыршешті шешімдер күтеді. Әрбір басылған қадам дұрыс саналады, ал жұмсалған күш-жігер зая кетпейді. Нәтижесінде күйзелістен арылып, өміріңізді реттейсіз. Мұны сәттілік дөңгелегінен, Ұстамдылық және Мұнара аркандарынан көруге болады.

Ақпан айына арналған Таро жұлдыз-жорамалы
Күнтізбе ұстаған қыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Егіздер үшін ақпан айына арналған Таро жұлдыз-жорамалы

Егіздер үшін 2023 жылдың ақпан айына арналған Таро жұлдыз-жорамалы қандай? Қаржы мәселесіне қатысты маңызды хабарламаны ықпалды қолдаушыдан ұзақ күтуге тура келеді. Сізге ақпарат жеткен соң әрекет етуге итермелейді.

Ақпан айында Егіздерді материалдық жағдайдың белгісіз тұстары қажытады. Соның нәтижесінде жаңа бизнеске бел буып, жұмыс орнын, тұрғылықты жерін өзгертуге қадам жасайды. Барлығы сәтті болады. Мұндай болжамды Ай арканы, Бесбұрыштар патшасы және Тұз асатаяғы көрсетті.

Шаяндарға арналған 2023 жылдың ақпан айындағы Таро жұлдыз-жорамалы қандай?

Оған жұмысын, әлеуметтік мәртебесін, өмірлік мақсаттары мен құндылықтарын өзгертуге мүмкіндік беріледі. Қаржылық жағдай қомақты төлемдер мен қарызды өтеу арқылы нығая түседі. Сүйікті адамды табу, некені берік ете түсу мүмкіндігі мол.

Таролог Анджела Перл үлкен Сот арканы, Бесбұрыш алтылығы және Шыныаяқ екілігі ақпан айының маңызды және сәтті болатынын білдіреді деп есептейді. Шаяндар жаңа жолға көз тастайды. Оларға қаржылай қолдау көрсетіліп, уақытылы ақы төленіп, сый-сияпат жасалады. Олар жақындарына көмектеседі, үйлесімді қарым-қатынас орнату үшін жан-дүниесі ұқсас жандармен бірігеді.

Арыстандар үшін ақпан айына арналған Таро жұлдыз-жорамалы

Арыстандар үшін ақпан айына арналған Таро жұлдыз-жорамалы қандай болмақ? Бұл ай отбасына арналады. Арыстанды бизнесте, қаржы саласында реттілік күтеді, сонымен қатар өзгелермен берік байланыс пен үйлесімді қарым-қатынаста болады. Бұл айда ешқандай ерекше өзгерістер күтілмейді: Арыстан өзгерістен қорқады, жаны қаламайды және жаңа нәрсе жасауға ебі болмайды. Барлық күшін күнделікті қайталанатын күйбең тірлікке арнайды.

Ақпан айында Арыстан отбасынан, достарынан және әріптестерінен қолдау мен сыйлықтар алатынына үміттенсе болады. Жағдайды жылдамдатудың қажеті жоқ, жоспарланған істерді ғана орындап, қажетсіз міндеттемелерді алмаған дұрыс. Бұл болжамды Бесбұрыш ондығы, Қылыш жетілігі және Асатаяқ ондығы растайды.

Бикеш үшін 2023 жылдың ақпан айына арналған Таро жұлдыз-жорамалы қандай?

Бикешті табыс, қаржылық өсу, жұмыс пен тұрақтылық күтеді. Қызықты жаңа таныстар, кездесулер болуы мүмкін. Сүйіктісі бар жандар бірін-бірі алыста жүріп сағынады.

Бесбұрыш жетілігі, Шыныаяқ төрттігі және екілігі жұмыс пен махаббат үшін сәтті ай болады деп уәде етеді. Ақша мәселесі қуантады әрі қуаттандырады. Өзіңізге демалуға, болашақ туралы ойға шомуға мүмкіндік беріңіз және сүйіктіңізге уақыт бөліңіз.

Ақпан айына арналған Таро жұлдыз-жорамалы
Әдемі жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Таразыларға ақпан айына арналған жұлдыз-жорамал

Таразылар үшін 2023 жылдың ақпан айына арналған жұлдыз-жорамал қандай? Бұл айдың болжамы сәттілікті көрсетеді. Ақпан айы жұмысқа, ақшаға, кәсіпке және өзекті мәселелерді шешуге ыңғайлы болады. Пайдалы танысулар, келіссөздер мен келісім-шарттар болуы ықтимал. Романтикалық танысу, қарым-қатынастың басталуы да жоқ емес.

Ақпан айында байланыс аясын кеңейтіңіз, дағдыларыңызды шыңдаңыз. Оқуға, бюджетіңізге назар аударыңыз. Ғашық болудан және кездесуге барудан қорықпаңыз. Мұндай болжамды Рыцарь және Бесбұрыш үштігі, сондай-ақ Рыцарь тостағаны жасады.

Сарышаяндарға 2023 жылдың ақпан айына арналған Таро жұлдыз-жорамалы қандай?

Ақпан жеңіл әрі эмоцияға толы болады. Сарышаянды отбасылық ортада көптен күткен кездесулер, балалармен әңгілемелесу, жол жүру және достық сапарлар күтіп тұр. Жұмыста тәртіп, тұрақтылық орнап, құрметке ие боласыз.

Ақпан айында Сарышаянды уақытты жағымды өткізу, сыйлықтар мен керемет көңіл-күй күтеді. Салтанатты шараға шақырылуыңыз мүмкін. Қомақты ақша мен үй сатып алу мүмкіндігі бар. Мұндай болжамды таролог Ольга Стелла Кубоктар Пажы, Кубоктар алтылығы және Бесбұрыш рыцары карталарына сүйене отырып жасады.

Мергендер үшін ақпан айына арналған Таро жұлдыз-жорамалы

Мергендер үшін 2023 жылдың ақпан айына арналған таро жұлдыз-жорамалы қандай? Мергендерді сыртқы қысыммен, міндеттемелер мен үмітпен байланыстыратын қиын ай күтіп тұр. Оның басында хаос және орындалмаған істер үшін уайым басым болады. Отбасылық қолдау, тұрақты табыс және жауапкершілік сезімі тығырықтан шығуға көмектеседі.

Ақпан айында қаржы және жұмыс мәселелерін ретке келтіру керек. Ақша үшін келісімшартқа қол қойғандар өзін бір жерде бөгеліп қалғандай сезінеді, бірақ уәде етілген сыйақы бәрін ретке келтіреді. Жақындарыңыздың ортасында күш-қуатты қалпына келтіріп, кішкентай нәрселерден ләззат алыңыз. Үлкен Шайтан арканы, Тостаған бестігі және Бесбұрыш ондығы осылай кеңес береді.

Тауешкілер үшін 2023 жылдың ақпан айына арналған Таро жұлдыз-жорамалы қандай?

Тауешкілерді бұл айда өзін-өзі дамыту және жоспарларын жүзеге асыру, сенімді дос пен романтикалық серік табу немесе жаңа басшының келуі күтеді. Қарым-қатынас немесе некеде оң өзгерістер болады.

Ақпан айында жұмыс, практикалық қадамдар мен көптеген жоспар межеге қойылады. Романтикалық танысу, жұп арасындағы некелесу, бала жоспарлау секілді өзгерістер де болуы мүмкін. Бұл жорамалды Бесбұрыш Патшайымы, Асатаяқ Патшасы және Патшайым үлкен арканы болжайды.

Ақпан айына арналған Таро жұлдыз-жорамалы
Жас жұбайлар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Суқұйғыштарға арналған ақпан айының Таро астрологиялық жұлдыз-жорамалы

Суқұйғыштар үшін 2023 жылдың ақпан айына арналған Таро жұлдыз-жорамалы қандай? Таролог Анна Арджеванидзе ақпан күреске, текетіреске және жеңіске толы ай болады деп болжам жасайды. Бәсекелестермен мәмілеге келіп, жеке табыс пен отбасы әл-ауқатының берік негізін қалау қажет. Жоғары күштер Суқұйғыштың жағында болады.

Қылыштар Пажы, Күннің үлкен арканы және Шыныаяқтар Пажы ақпанның белсенді өтетінін білдіреді. Алға қойған мақсатқа жетуге ұмтылыңыз, болашақты анық сезініп, соған қарай ұмтылыңыз. Тамақтан, қарым-қатынастан, демалыстан ләззат алыңыз.

Балықтар үшін 2023 жылдың ақпан айына арналған Таро жұлдыз-жорамалы қандай?

Ақпан айы жұмысқа арналады. Ол ақшаға ұқыптылықпен қарауды және екі кіріс көзін қиыстыру қажеттілігін талап етеді. Жаңа мамандықты, жұмыс орнын немесе таланттарды қабылдау саласында таңдау мүмкіндігі бар. Курстарға жазылыңыз, білім алыңыз, дағдыларыңызды жетілдіріңіз.

Ақпандағы қаржы теңгерімі және қосымша жұмыс қарыздануға жол бермейді. Өмірдің жаңа бағытын таңдағанда асықпаңыз және өзіңізге күмән келтірмеңіз. Шеберліктің жаңа деңгейіне шығу ақпандағы ең жақсы нәтижеңіз болады. Мұндай болжамды Бесбұрыш екілігі мен сегіздігі, Тостаған жетілігі жасады.

Ақпан зодиак белгілерінің көпшілігі үшін позитивті, табысты және өнімді ай болады. Мұны Таро карталарындағы болжам және астрологиялық жағдай көрсетеді. Әрбір ісіңізде табысқа жету үшін карта болжамдарына назар аудару мен өз күшіңізге сену көмектеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2007848-zuldyzdardy-aqpan-aiynda-ne-kutip-tur-taro-zoramalyn-nazarga-usynamyz/