Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ең бай зодиак белгілері: астрологтар ұсынған рейтинг

Опубликовано:

Ең бай зодиак белгілері: ақша рейтингі
Ақша салынған жағдан. Көрнекі сурет: pixabay.com

Адамдардың дені ұтыс, мұра немесе аянбай еңбек ету арқылы бай болуды армандайды, ал кейбірінің маңдайына бақытты жұлдыз белгісімен дүниеге келу жазылған. Қандай зодиак белгілері ақша мәселесінде ең табысты боп саналады? Қаржылық жетістікке байланысты рейтингті астрологтар Керри Уорд, Офира және Тали Эдут пен қарым-қатынас бойынша коуч Ааста Пахадия жасады.

Бикеш

Ең бай зодиак белгісі қандай? Мансап пен қаржы тұрғысынан ең бай және ең табысты белгі – Бикеш, дүлей күші – Жер, прагматизмнің, аскетизмнің және қарапайымдылықтың көрінісі болып саналады. Ол бей-берекет ысырап жасамайды, жиған-тергенін таратпайды, ләззат алуға ақша жұмсамайды, бірақ оны сауатты басқарады.

Миллионерлердің зодиак белгісі қандай? Көбінесе Бикештер миллионер бола алады, өйткені олар асығыс әрекеттерге бара бермейді, мейлінше жағдайды интуитивтік түрде сезінеді және бекерден-бекер тәуекелге бармайды. Ең табысты Бикеш миллионерлері – инвестор Уоррен Баффет пен Alibaba Group негізін қалаушы Джек Ма.

Сарышаян

Олар ақылды, айлакер, сүйкімді әрі адамға сенім ұялата алады, сондықтан олар өз өнімін және жеке брендін әдемілеп сатуды біледі. Сарышаяндар ақшаны, жайлылықты және сән-салтанатты жақсы көреді. Егер Сарышаяндар алдына бай болу міндетін қойса, оларға ешкім де, ештеңе де кедергі келтіре алмайды. Microsoft корпорациясының бұрынғы акционері Билл Гейтс пен бизнесмен Роман Абрамович миллиондаған капиталы бар Сарышаян белгісіндегі тұлғалардың мысалы бола алады.

Ең бай зодиак белгілері: ақша рейтингі
Телефонмен сөйлесіп отырған әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Тауешкі

Жер күшінің барлық өкілі ақша табуды және оны қалай жинақтауға болатынын біледі. Зодиактың ең күшті белгісі Тауешкі де бұл жағынан қалыспайды. Amazon негізін қалаушы Джефф Безос - Тауешкі белгісіндегі әйгілі бай тұлға. Оның жіберген қателіктері де жоқ емес, алайда ақыл мен ақшаны құрметтеу және табандылық таныту оның құрдымға кетуіне жол бермеді. Тауешкілер әрқашан бай болудың жолдарын іздейді, жаңа дағдыларды үйренуге ақша жұмсайды, бірақ қаржысын себепсіз шашпайды және болмашы дүниелерді сатып алмайды.

Тоқты

Ештеңеден қорықпайтын және адуын Тоқтылар тәуекелге барудан тайсалмайды. Таролог және астролог Керри Уорд бәсекелестік Тоқтыны қаржылық табысқа жетелейді деп санайды. Мидас патша сияқты белсенді және алдына мақсат қоя білетін Тоқтылар айналасының бәрін ақшаға айналдыра алады. Олар іскерлігінің арқасында өзгелерді қысыммен емес, жомарттық және мейірімділікпен өздері үшін жұмыс істеуге итермелей отырып, команда құра алады. Атақты Тоқты миллионерлері арасында Microsoft-тың бұрынғы бас директоры Стив Балмер мен испандық кәсіпкер Амансио Ортега бар.

Шаян

Ақша мәселесінде олар алғырлық, құпиялық және табандылық көрсетеді. Шаяндар басқалар сәтсіздікке ұшыраған жағдайда да ақша табу көзін біледі. Олар үшін сәтсіздікті бастан кешіру қиынға соғады, сондықтан әр нәрсеге мұқият қарап, бәрін есептеп жүреді. Кез келген табыс көзі үйіне арналады және ақшасын отбасынан басқа адамдармен сирек бөліседі. Олар қор жинайды, көбейтеді әрі бір тиын жоғалтпаудың амалын жасайды. Шаяндар ертеңгі күніне алаңдайды, кедейліктен қорқады, бюджетті жоспарлайды және өз қалауы үшін аса көп шығынданбайды. Атақты әрі табысты Шаяндардың ішінде SpaceX иесі Илон Маск бар.

Ең бай зодиак белгілері: ақша рейтингі
Жинақ сандықша. Көрнекі сурет: pixabay.com

Арыстан

Патшалық арыстандар көзбояушылық жасауға бейім, сондықтан олар ақша мен даңғазалықты жақсы көреді. Ол өмірін әдемі киімдермен, аксессуарлармен, иіссу, автокөлік және өнер туындыларына толы пәтермен байланыстырады. От күші өкілі өз өмірін мұндай көрініссіз елестете алмайды. Тоқ өмір оны бұзбайды, керісінше табысқа қарай ұмтылдырады. Арыстан өзіне қажетті адамдарды айналасына жинап, элиталық ортада жүреді. Ал сәтті жобалар өзге адамдардың қолымен жасалады. Oracle корпорациясының негізін қалаушы Ларри Эллисон да бай Арыстанның бірі.

Торпақ

Торпақ - ең жас миллионерлердің бірі Марк Цукербергтің зодиак белгісі. Бұл белгінің кез келген өкілі байлығын сыртқа көрсетпейді, бірақ оны рахаттана отырып пайдаланғанды ұнатады. Жылдар бойы қажырлы еңбекпен жиналған лайықты капитал Торпаққа жеке жайлылығы үшін қажет. Олар өр мінезді, масаттануды және мақтауды жақсы көреді. Қарым-қатынас бойынша коуч Ааста Пахадия бұл белгі иелері некеде бақытты, тоқ әрі жайлы өмір сүретінін айтады.

Егіздер

Астрологтар Офира және Тали Эдут Егіздер қолындағы қомақты ақшаны бірден жұмсап жібереді деп есептейді. Олар үшін ақша жинау қиынға соғады, өйткені осы сәтте өмір сүруге және бақытты кейінге қалдырмауға тырысады. Оларды көбінесе лотереядан қомақты ақша ұтуға, жаңа өнім ойлап табуға немесе қымбаттаған акцияларға инвестиция жасауға мүмкіндік беретін бақ күтіп тұрады. Бұл белгі иелері ішінде табысты адамның мысалы ретінде Walmart империясының мұрагері Джим Уолтонды айтуға болады.

Ең бай зодиак белгілері: ақша рейтингі
Қол алысқан ер адамдар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Таразы

Еврей иммигранттарының кедей отбасынан шыққан сәнгер Ральф Лорен – Таразы белгісіндегі танымал бай адам. Ральф барлық зодиак белгісінің өкілдері тәрізді сәнді өмірді армандады. Оған қол жеткізу үшін алдымен қаржы жинап, кейін ұзақ уақыт жұмыс істеді, тіпті келемежге айналу қаупі болса да, шығармашылық потенциалын ашуға тура келді. Таразылар көбінесе шығармашылық мамандықтарды таңдайды, өйткені олар сұлулықты жан дүниесімен сезінеді. Мұндай шығармашыл адамдарға қаржылық қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар бере алатын сенімді серіктес керек.

Балықтар

Балықтар байлықтан алыс жүреді. Олар үшін өмірдің рухани бөлігі маңыздырақ. Ғалам оларға қомақты ақша табуды сый ретінде ұсынса да, Балықтар таңдау жасауға асықпайды немесе мүмкіндіктерді көрмейді. Балықтар отбасылық қаражатты жиі ысырап етеді. Содан соң олар ұзақ уақыт бойы өзін жазғырып жүреді, алайда сол қателікті тағы да қайталайды. Дегенмен Louis Vuitton Moët Hennessy компаниялар тобымен тығыз байланысты Бернард Арно сияқты табысты іскерлік серіктестікте жүретіндер бұл тізімге кірмейді.

Суқұйғыш

Бірнеше бай суқұйғыштың арасында тележүргізуші Опра Уинфри және харизма мен сөздің қуаты арқылы байлыққа кенелген кәсіпкер Майкл Блумберг бар. Ауа белгісі байлық туралы ойдан алыс. Ол әділдікке, адам нанғысыз жаңалықтарға, шытырман оқиғаларға мен жаңа танысуларға көбірек қызығушылық танытады. Суқұйғыш өзіне және достарына ақша жұмсай алады. Оған өзі ақша тапқаннан гөрі есеппен некеге тұру жеңілірек.

Ең бай зодиак белгілері: ақша рейтингі
Сыйлық ұсынған ер адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Мерген

Ең жомарт зодиак белгісі қандай? Бұл - Мерген. Тағдыр от белгісіне мейірімін төгеді, бірақ ол немқұрайлы әрі жинақы емес, өзгелердің назарында болуды, жарқын эмоцияларды жақсы көреді. Мергеннің ақшасы осындай ұсақ-түйекпен-ақ кетеді. Әлемдегі ең бай адамдар арасында Мергендер жоқ. Бірақ олардың ішінде Брэд Питт, Стивен Спилберг, Билли Айлиш және Уинстон Черчилль сияқты табысты әртістер, режиссерлер, саясаткерлер мен музыканттар бар.

Ең бай зодиак белгілерінің рейтингі олардың қаржы табу және жинақтау қабілетінің құпияларын ашады. Жайлы өмір сүруге ұмтылатын жандар неке және іскерлік бойынша серіктесінің астрологиялық ақшалай әлеуетіне назар аударуы керек, сондай-ақ өз потенциалын да ашуы қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2008731-en-bai-zodiak-belgileri-astrologtar-usyngan-reiting/

pixel