Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгінгі жұлдыз жорамал: 11 ақпан күні сізді не күтіп тұр

Опубликовано:

Астрология
Астрология: Pixabay

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр?

Жақын адамдармен сөйлесу оңай болмайды: кез келген ескерту жанжалға айналуы мүмкін. Бұл күні өзіңізге көңіл бөліп, сүйікті ісіңізбен айналысқаныңыз абзал.

Спортпен шұғылданыңыз, ашық ауада көбірек уақыт өткізіңіз. Денеңіз бір рахаттанып қалатыны сөзсіз.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр?

Ұсыныс жасап, жан сырын ақтаратындар үшін қолайлы күн. Дайын болыңыз.

Жеке қарым-қатынаста эмоцияларға бой алдырмаңыз. Әйтпесе сіз өзіңіздің сүйікті адамыңызды ренжітесіз. Ашуыңызды құмарлыққа жеңдіріп, ұмытылмас сәттерді өзіңіз жасаңыз

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр?

Жасөспірім балаңызға шешім қабылдау мүмкіндігін беріңіз. Әсіресе, өзінің өміріне қатысты шешімдерді оның өзі қабылдауы маңызды. Мәселені одан да жақсы білетін болсаңыз да, соңғы сөз оныкі болуы керек. Сіз үшін онымен сенімді қарым-қатынас орнату маңызды.

Жаңа танысулардың арқасында берік достық орнатуға мүмкіндік туады. Дайын болыңыз.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр?

Серіктесіңіздің қалауына да мән беріңіз, бәлкім ол жұмысқа басымен кіріп кеткісі келетін шығар. Ол кездесуден гөрі жұмысына көбірек мән бергісі келсе, онда ұстамаңыз.

Ата-анаңызға хабарласып, жағдайын біліп қойыңыз. Айтарыңыз көп екені анық.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр?

Сәттілік серігіңіз болады. Сізде барлығы жақсы, сондықтан мақсаттарыңызға назар аударыңыз.

Өзіңізге және отбасыңызға мейірімділік танытыңыз. Барлығын тыңдап, жақсы кеңес беріңіз. Жауапкершіліктен қорықпаңыз. Кешті бірге өткізіңіз, махаббат пен отбасылық құндылықтар туралы фильм көрсеңіз болады.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр?

Жеке қарым-қатынастарға жылулық қосыңыз, серіктесіңізге қамқорлық танытыңыз. Сүйіспеншілігіңізді еске түсіріңіз, бұл сіздің жан жарыңызға өте қажет.

Жан-жағыңыздағы адамдарға назар аударыңыз: бәлкім сізді ренжітетін, жағымсыз эмоция сыйлайтын адамдардан аулақ болғаныңыз абзал шығар.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр?

Қиын жағдайда жалғыз қалудан қорықпаңыз: сізге көмектесетін және сөзбен де, іспен де қолдайтын жандар бар.

Иіссуды тек мерекелерде қолдану керек деген ереже жоқ. Өзіңізге күнделікті қолданатын жұпар иіс сатып алыңыз, ол сізді басқалардан ерекшелейтін визит карточкаңыз болады.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр?

Қарым-қатынас нығаяды, жанжалдар ұмытылады, серіктеспен көбірек уақыт өткізуге деген ұмтылыс пайда болады. Жалғызбасты адамдар жаңа адамдармен жақынырақ танысуға мүмкіндік алады: барынша ашық болуға тырысыңыз.

Сөмкеңізде жиналған қоқысты лақтырып, қажет емес нәрсенің барлығын алып тастаңыз, сонда кілттеріңізді, әмияныңызды және ұялы телефоныңызды қажет болған кезде сөмкеңізден тез таба алатын боласыз.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр?

Өзіңізді де, жақындарыңызды да қолайсыз ауа райында қолшатырсыз жүрмеуге үйретіңіз: бұл суық тигізудің алдын алады.

Ұйқыңыз бұзылып жүрсе, жатын бөлмедегі температураға назар аударыңыз: салқын бөлмеде ұйықтау жақсы, ұйықтар алдында бөлмені желдетуді ұмытпаңыз және тым қалың көрпе жамылып ұйықтамаңыз.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр?

Бүгін жұмыс мәселелерін шешкен кезде әріптестердің кеңесіне емес, өз пікіріңізге сенуге тырысыңыз.

Бұл кеш досыңызбен сүйікті сусын ішіп отырып, шынайы әңгімелесуге өте қолайлы.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр?

Бүгін сауда жасаудан аулақ болыңыз, өзіңізге айтарлықтай қажеті жоқ дүниеге қомақты ақша жұмсап қоюыңыз мүмкін.

Сізбен жанжалдасып қалған адамдарды ту сыртынан талқыламаңыз. Ақылды және парасатты болыңыз.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр?

Мүмкін болса, маңызды жұмыс тапсырмаларын ертеңге қалдырыңыз: бүгін оларды шешуге жеткілікті көңіл бөле алмауыңыз мүмкін.

Бүгін сізге басқалармен ортақ тіл табу қиын болады. Олар мінеп, наразылық танытатын сияқты. Эмоцияларыңыздың сыртқа шығуына жол бермеңіз. Сабырлы болыңыз, қобалжымаңыз, әйтпесе сіз істеріңізге дұрыстап зейін қоя алмайсыз және көп қателіктерге жол беруіңіз мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2008849-bugingi-zuldyz-zoramal-11-aqpan-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/

pixel