Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Суреті бар киіммен намаз оқуға бола ма

Опубликовано:

Сәждеде жатқан ер адам
Ер адам намаз оқуда. Көрнекі фото: Рexels.com

Ханафи мәзһабында суреті бар киіммен намаз оқуға бола ма? Бұл сауалға СҚО бойынша пәтуаға жауапты маман Айтуған Тойбазар Instagram-дағы Алматы пәтуа парақшасында жауап берді.

Дін маманының айтуынша, ханафи мәзһабында суреті бар киіммен намаз оқу мәкруһ (ұнамсыз, жағымсыз іс-әрекет ) саналады. Осы орайда ол мысал ретінде төмендегі хадисті келтірді.

"Айша (оған Алла разы болсын) анамыздан жеткен хадисте былай делінеді: Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір белгісі бар көйлекпен намаз оқып, оған көзі түсіп кетеді. Намазын аяқтағаннан кейін: "Бұл көйлекті Әбу Жәһімге алып барыңдар да, оның орнына бейнесі жоқ қарапайым көйлекті алып келіңдер. Өйткені бұл мені намаздан тосып қоя жаздады", – деген.

Тағы бір риуаятта:

"Намаз оқып тұрып көйлектің белгілеріне көзім түсіп кетті. Бұл менің намазыма кедергі бола ма деп қорқамын", – дегені айтылған", - дейді Айтуған Тойбазар.

Бұл ретте маман тағы бір мысал келтірді.

"Әйгілі имам, мулла Нұруддин Әли ибн Сұлтан, имам Ұбайдулла ибн Масғұдтың "ән-Нуқая" атты еңбегіне жазған "Фатху-Бәбил-Ғиная" атты түсіндірмесінде намаздың мәкруһтері жайлы айта келіп, былай дейді:

Ол киімінде, сәжде орнында, асты мен артқы тарапынан басқа алды, оң жақ және сол жағында жануардың суреті болса мәкруһ. Егер (жануардың суреті) көзге көрінер-көрінбес өте кішкентай немесе басы жойылған болса мәкруһ емеc деп айтады", - дейді Айтуған Тойбазар.

ҚМБД өкілінің сөзінше, имам әл-Марғинәни да суреті бар киіммен намаз оқуды – мәкруһ деп есептеген.

"Өйткені бұл пұтты көтерушіге ұқсап қалады деген. Бұнымен намаз оқу мәкрүһ болғанымен, намазы дұрыс саналады. Себебі намаздың шарттары мен рүкіндері толық орындалып тұр дегенді айтады.

Сондықтан суреті немесе жазуы бар киіммен намаз оқымаған дұрыс. Оқылып қойған жағдайда намазы дұрыс саналады. Ал суреті бар киімнің үстінен басқа бір түсті киім киіп намаз оқудың оқасы жоқ", – дейді Айтуған Тойбазар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2009869-sureti-bar-kiimmen-namaz-oquga-bola-ma/

pixel