Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тародағы жоғарғы абыз әйел: картаның мағынасы мен үйлесімі

Опубликовано:

Тародағы жоғарғы абыз әйел: картаның мағынасы мен үйлесімі
Жоғарғы Абыз әйел картасы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Құпияға толы және құдіретті Папесса Таро карталарының иерархиясында бас абыз тәрізді жоғары орынға ие. Жоғарғы Абыз әйел картасы нені білдіреді, ол әр түрлі карта таратылымында қандай болжамдар береді? Екінші аркан құпияларын Джессика Уильямс пен Кэрри Мэллон ашты.

Жоғарғы Абыз әйел картасының жалпы мағынасы

Таро картасындағы Жоғарғы Абыз әйел нені білдіреді? Карта адам өмірін түбегейлі өзгертетін маңызды ақпараттардан хабардар етеді. Бұл - ойлану, тыныштық, өз әлеміне терең бойлау кезеңі және ішкі түйсік пен өзін-өзі тану, жетілдіру картасы. Адамның туа біткен қабілеті, табиғи дарыны ашылады. Қарбалас арасында табандылық танытпаса да, әрбір іс өздігінен орындалып жатады. Саналылық пен сенімділік алға қойған мақсатқа жетелейді.

Тародағы Абыз әйел қалай бейнеленеді? Ол оюлармен әдемі көмкерілген ақ және қара түсті бағаналардың арасындағы биік тақта отырып, басына тәж тағып алған орта жастағы әйел ретінде бейнеленеді. Оның кеудесінен крест көрінеді, қолында білім мен адам тағдырын мәңгілік ізденіспен байланыстыратын белгі ретінде шиыршықталған қағаз бар. Бұл ерлер күші мен әйелдік нәзіктіктің символы.

Тік тұрған қалыптағы карта мынаны білдіреді:

  • Ішкі дауыстың белгі беруі, интуицияның күшті толқыны, көрегендік.
  • Адамдарға тән экстрасенсорлық білім, бірегей деректер, жасырын ақпарат.
  • Логика мен парасаттылық хаос пен абайсыздықты жеңеді.
  • Қазіргі уақытта барлық ақпарат қолжетімді емес. Уақыт өте келе бәрі белгілі болады.

Кері қаратылған Жоғарғы Абыз әйел картасы нені білдіреді? Бұл шамадан тыс фатализмді, қорқынышты, адамның өз өмірін қолына алуды қаламайтынын, сондай-ақ негізі жоқ қиялдарды білдіреді. Адам әрекет жасамайды, тіпті ештеңе жоспарламайды, бірақ бір ғажайыптан үміттенеді. Инфантильдік позиция - еліту, көзге шөп салу, сиқырдың әсер ету картасы. Оның картада пайда болуы адам тағдырына үшінші адамның әсері болатынын ескертеді.

Тародағы жоғарғы абыз әйел: картаның мағынасы мен үйлесімі
Таро тылсымы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Картадағы Жоғарғы Абыз әйелдің махаббат пен қарым-қатынасқа арналған мағынасы

Жоғарғы Абыз әйел картасы махаббатта нені білдіреді? Бұл жеке өмірде мәселелердің пайда болатынын хабардар етеді. Адам жауапсыз сезімді бастан кешіреді және махаббаттың қол жетпейтін нысанына ұзақ уақыт бойы ұмтылады. Бұл жұптың бір-бірін алыстан жақсы көруі немесе көпшіліктің көзінен жасырынған құпия қарым-қатынасы болуы да мүмкін, бірақ бұл хикаяның қалай аяқталатыны әлі белгісіз.

Жоғарғы Абыз әйел махаббат арканы арқылы қандай хабарламалар жеткізеді:

  • Махаббат үшбұрышы.
  • Жұп арасындағы терең байланыс, бір-біріне деген сүйіспеншілік, байланыстың болуы.
  • Екі адамның бірі ғашық, бірақ сезімін мойындаудан қорқады.

"Путеводитель по Таро" кітабында Жоғарғы Абыз әйел бұл көптің қолы жетпейтін тартымды, нәзік әйелге ғашық болуды білдіреді. Кейбір жағдайда бұл карта махаббат сиқырына жүгінген қарсыласты білдіреді.

Төңкерілген позицияда екінші негізгі аркан серігінің қорқынышын, өзіне, болашаққа, деген сенімсіздігін және екіұштылықты, жасырған өтіріктің толыққанды айтылмағанын меңзейді. Жақын адамға қатысты эмоциялар басылады немесе тұншығады.

Жағдайға немесе сұрақтарға байланысты карталардағы Жоғарғы Абыз әйел нені білдіреді? Карта білімге, эзотерикаға, ғылыми қызметке немесе психологияға қатысты қызықты жобаларды көрсетеді. Егер қолдан кедергі жасалмаса, бұл жақсы істер жақын арада басталады. "Иә немесе жоқ?" деген сұраққа карта: "Әзірге белгісіз, күте тұрыңыз, кейінірек белгілі болады" деп жауап береді.

"Религии Таро" кітабының авторы Джессика Уильямс арканның мистикалық мағынасы және оның адамға әсері туралы зерттеді:

  • Адам даналыққа ие болады, зейінді, шоғырланған, интуитивтік қабілеті мықты болады.
  • Шығармашылық пен ғылымға, зерттеу мен жазуға қатысты жобалар болуы мүмкін.
  • Бәсекелестіктің құрбанына айналу, тұзаққа түсіп қалу, мүмкіндіктерді жіберіп алу және ауқымды істер бар.

Төңкерілген карта позициясында аркан жасырын фактілердің және болжауға келмейтін алдағы оқиғаларды білдіреді. Жұмыста және бизнесте бәсекелестер пайда болады, күнделікті өмірде қиындықтар мен түсініспеушіліктер болуы мүмкін.

Тародағы жоғарғы абыз әйел: картаның мағынасы мен үйлесімі
Микроскоппен жұмыс істеп отырған ғалым әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Күн картасының мағынасы

Жоғарғы Абыз әйелдің күн картасы нені білдіреді? Күн күтпеген жаңалыққа толы әрі қызықты болады. Ештеңені жоспарламай, ішкі түйсікке сәйкес әрекет еткен жақсы. Жағдайды сол қалпында қабылдаңыз, оны талдауға немесе өзгертуге тырыспаңыз. Мұндай күнді өз-өзіңізді тануға, өзіңізге сараптама жасауға арнаңыз. Психологқа барыңыз, жан-дүниеңізге үңіліп, адамдарға мейірімділік пен жанашырлық танытыңыз. Ішімдіктен, тән мен сананы улайтын есірткіден аулақ болыңыз. Маңызды және мағыналы дүниені есте сақтаңыз, күнделікке ойларыңызды жазыңыз, адамдардан бір сәт жырақта болыңыз.

Кэрри Мэллон картаны құпия, әрекетсіздік, өз-өзіне күтім жасаумен байланысты сипаттайды. Мұндай күнді өзіңізге, жағымды ойға, денеге, интуицияға арнау керек. Ал күн картасы мынадай кеңес береді:

  • Өмірдің әр сәтін бағалаңыз, ол үшін жақын адамдарыңызға және жоғары күштерге рахмет айтқан абзал.
  • Өзіңізбен-өзіңіз болудан қорықпаңыз, жеп, ішіңіз, жаныңыз бен тәніңіз қалаған нәрсені жасаңыз.
  • Жақсылық, қайырымдылық жасаңыз, мұқтаж жандарға қамқорлық көрсетіңіз.
  • Асықпаңыз, бұл күн белсенділік пен маңызды шешімдер қабылдауға тиімсіз.
  • Ішкі даналықты ұғыныңыз, ата-баба тәжірибесін, отбасыңыз бен отбасылық құндылықтарыңызды зерттеңіз.

Төңкерілген позициядағы карта ұятқа қалдыратын құпияның ашылатынын білдіреді. Бизнестегі үзіліс, мәжбүрлі оқшаулау кезеңі аяқталады. Кверентте интуиция жетіспейді, ол логикалық тұрғыда ойлауға тырысады, бірақ ол ойы қате болып шығады. Әйел жыныстық қатынас пен денсаулығына байланысты қиындықтарға тап болады, ал ер адам әйелдерге қызығады, бірақ оны қабылдамайды.

Басқа карталармен біріктірілген кездегі мағынасы

Басқа Таро карталарымен біріктірілген кезде Жоғарғы Абыз әйел нені білдіреді? Негізгі аркан арқылы карта шындықты білуді, құпияларды ашуды, жаңа деңгейге өтуді білдіреді. Сарай карталарымен ол адамның өміріне әсер ететін маңызды адамдарды сипаттайды. Сандық аркан көмегімен Жоғарғы Абыз әйел адам өміріндегі маңызды күн туралы айтады және оның қандай жағдайда болатынын көрсетеді.

Жоғарғы Абыз әйелдің үлкен аркандармен бірге берілген түсіндірмесі:

  • Сайқымазақ – бұл ашылатын фактілерді әдейі бүркемелеу.
  • Сиқыршы - қарым-қатынаста өтірік айту.
  • Патшайым - жүктілік, пайдалы серік.
  • Патша – білікті басшы.
  • Ғашықтар - азғыруға қарсылық.
  • Абыз - жақсы белгі.
  • Күйме дөңгелегі - тағдырға сену.
  • Дәруіш - құпия білім.
  • Әділдік – логикалық ойлау.
  • Сәттілік дөңгелегі - ағыспен жүзу.
  • Күш - ақпаратты бөліспеңіз.
  • Дарға асылып тұрған адам - жалған ақпарат.
  • Өлім - басқаларға сенбеңіз, жаман жаңалықтар күтіледі.
  • Ұстамдылық – жағдайға бейімделу.
  • Ібіліс – сиқыр және алдау.
Тародағы жоғарғы абыз әйел: картаның мағынасы мен үйлесімі
Гүлдер арасында тұрған әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com
  • Мұнара - жүктіліктің сәтсіздігі, өмірдің бұзылуы.
  • Жұлдыз - аян.
  • Ай - алдау, серігінің көзіне шөп салу.
  • Күн – шындық ашылады.
  • Сот - құндылықтар мен идеалдардың өзгеруі. Бейбітшілік - сынақтардың соңы, лайықты марапат.

Жоғарғы Абыз әйел – өмірде қолдануға тиіс ішкі түйсік картасы. Ол өмірге жауапкершілік танытып, жан мен жүректің үніне мойынсұнып әрекет етуді ұсынады.

Үлкен Аркан саналатын Жоғарғы Абыз әйел Таро колодасындағы ең мықты және маңызды карталардың бірі. Оның түсіндірмесін үйренгеннен кейін өзіңізге және басқа адамдарға арналған карталарды оқу оңай болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2010145-tarodagy-zogargy-abyz-aiel-kartanyn-magynasy-men-uilesimi/

pixel